Автомобиль көлігі туралы қазақша реферат

Скачать


Автомобиль көлігі туралы қазақша реферат

Облыста 2006 жылы жүк тасу көлемі 334703,2 мың тоннаны құрады, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңінен 8,2 пайызға көп.

2006 жылы облыста жүк тасумен 52 жеке автокөліктік кәсіпорын  айналысады. Жүк тасымалдаудың үлес салмағы республикалық көлемде 16,5 пайызды құрады.  Жүк тасымалдау  көлемі бойынша облыс республикада 1 орын алады. Автокөліктік тасымалдау көлемі 15,8 пайызға артқан.

Есеп беру кезеңінде көліктің барлық түрімен жеке  меншік тасымалдауды қоса алғанда 1091669,4 мың адам  тасымалданған, бұл 2005 жылдың осыған ұқсас кезеңінен 1,9 пайызға көп.  Осының ішінде 132049,1 мың адам автобуспен тасымалданған, 704,3 мың адам – таксоматормен, 1255,0 мың адам – троллейбустармен, 12634,8 мың адам – трамвайлармен, 26,0 мың адам — әуе көлігімен тасымалданған.

Жолаушыларды автомобильмен тасумен 54 шаруашылық айналысады, олардың барлығының жеке меншік түрлері бар.

Республикалық көлемнен жолаушылар тасымалдау көлемінің үлес салмағы 10,3 пайызды құрады. Тасымалдау көлемі бойынша облыс республикада 2 орын алды.

Облыста күн сайын темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдайтын 10 әлеуметтік маңызы бар күн сайынғы тасымалдау ұйымдастырылған, оның ішінде 5 электр пойызы бар.

2007 жылы 1168000,0 мың адам жолаушы тасымалдау жоспарлануда (көбею 1,7 пайызды құрайды). Жүктерді тасымалдау көлемін 358000,1 мың тоннаға арттыру , бұл 2006 жылдың тиісті кезеңінен 6,8 пайызға көп.

Әлеуметтік маңызды ауданаралық (халықаралық) қатынастар бойынша   жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес  1.01.07 жылы 859743 мың теңге игерілді, оның  ішінде автомобиль жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға – 400951 мың теңге, темір жол жолаушылар тасымалдауға – 458792 мың теңге.

Жергілікті бюджеттен ақша бөлу есебінен 108 әлеуметтік маңызы бар облыс ішілік маршруттардың қозғалысы ұйымдастырылды, оның ішінде 60 ауданаралық және 48 қала сыртындағы қатынастар. Тұрақты автобус қатынастарымен 170 астам елді мекендер қамтылған. Оның ішінде 130 облыс  орталығымен  және серіктес-қалалармен тікелей қатынас жасайды.


Скачать


zharar.kz