Азаматтарды белсенді жұмыс іздеуге талпындыратын көмек жүйесін қалыптастыруды есепке ала отырып, халықты әлеуметтік қолдау түрлері мен әдістерін жетілдіру

Скачать

Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары туралы қазақша реферат

Аумақтық орталықтың негізгі міндеті қызмет көрсетілетін адамдарға үйдегідей қолайлы тұрмыс жағдайын жасау, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну және оңалту шараларын өткізу болып табылады.

         ҚР Президентінің Жолдауларында үндендірген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған Әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдету бағдарламасын бекіту туралы 2004 жылғы 30 қарашадағы №1241 Қаулысымен нығайтылған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саласын реформалаудың негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде облыстың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті, аймақтық бөлімдер халықты әлеуметтік қолдау түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың нақтылы жоспарларын бекітті және іске асыруда.

         Атап айтқанда, алдыңғы қатардағыларға мынадай мәселелер қосылған:
Азаматтарды белсенді жұмыс іздеуге талпындыратын көмек жүйесін қалыптастыруды есепке ала отырып, халықты әлеуметтік қолдау түрлері мен әдістерін жетілдіру Стационарлық әлеуметтік мекемелер жүйесін либерализациялауға қажет жағдайларды туғызу. Аз сиымды, соның ішінде туыстары бар қарттар мен мүгедектерге арналған, төлем негізінде ұйымдастырылған интернат-үйлерді, пансионаттарды, құру. Қарттарды, ауруларды және мүгедектерге қызмет көрсету жүйесін либерализациялауға қажет жағдайларды туғызу. Төлем негізінде ұйымдастырылған үйде қызмет көрсету мамандырылған орталықтарды (ересектерге, балаларға т.с.с. арналған патронаж) құру. Ересек мүгедектерге арналған оңалту орталығын ұйымдастыру. Дүниежүзілік практикалық тәжірибені ескере отырып, психоневрологиялық аурулар үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер жүйесін жетілдіру. Жұмыссыз жастардың кәсіби бағыттауын, оқытуын және жұмысқа орналастыруын ұйымдастыру үшін аймақтық орталықтар (жастар еңбек биржаларын) құру. Ауылдық жерде үйдегі және кәсіпшілік өндірістерді жетілдіру, микронесиелер, босаған өндірістік алаңдар мен құрал-жабдықтарды беру арқылы халық кәсіпшілігінің салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға қолғабыс жасау.
         Аталған мәселелі сұрақтар, әлеуметтік заңнаманың өзгеруін ескере отырып, 2008-2010 жылдар көлемінде және одан арғы уақытта кезең-кезеңмен шешіледі.
КЕДЕЙЛІКТІ  ТӨМЕНДЕТУ
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жергілікті билікті атқару органдарының белсенді қатысуымен үнемі аз қамтылған отбасыларды тексереді, әлеуметтік карталарды құрастырады және осы негізде әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың санын нақтылы белгілейді. Соңғы жылдарда экономиканың барлық салалары белсенді дамуының, әлеуметтік көмектің түрлері мен әдістері жетілуінің нәтижесінде кедейлер саны күрт төмендеді.

01.01.2003 жылға аз қамтылғандардың саны 166937 адам болды, немесе жалпы облыс халқы санының  11,3%.  01.04. 2007 жылға кедейлер саны 56365 адамды құрайды, немесе облыс халқының 4,0%, және  2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 65% қысқарды.

Аз қамтылған отбасылар мен азаматтар жергілікті бюджет қаражатынан, сондай-ақ заңды тұлғалар мен қоғамның құқылы мүшелері қаражатынан әр түрлі көмек алады.

Ағымдағы жылдың 1 маусымына спонсорлар қаражатынан 23574 адамға 28995,0 теңге сомасына көмек көрсетілді. Облыста жұмыс істейтін 281 мейірімділік асханасында 4776 адам 6047,9 мың теңге сомасына тамақтанады, кедейлер үшін 471 пункт киім мен аяқ киім жинайды.

Аз қамтылған азаматтар әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерімен қамтылу деңгейі оң беталыста және 2003 жылы болған 76%-дан2006 жылы 98%-ға дейін өсті.


Скачать


zharar.kz