Инновациялық жобалардың сараптамасы

Скачать


Инновациялық жобалардың сараптамасы — жобаның ғылыми- техникалық деңгейін және құндылық мүмкіншіліктің орындалуын бағалайтын шама.

Сараптамалаудың өткізу принциптері:

1.     Тәуелсіз зерттеушілер тобының қатысуы;

2.     Инновациялық қызметінің қосылған құнын өндірістік сияқты деп алып, есептеу;

3.     Бақылау әдісі микро және макро деңгейдің болашағының дамуымен байланысты болуы тиіс;

4.     Экспертизаның бағалауына балдық жүйесі қолданылады.

Сараптаманың басты мақсаты — жоба түрінде көрсетілген жаңа технологиялық және ұйымдық шешімдердің болашағы туралы, инновациялық шешімдер мен сыртқы шарттардың интегралдық бағалау негізінде инвестицияның экономикалық тәуекелділігі мен мақсаттылығы туралы мағлұматтар жиынтығын жинап беруінен тұрады. Сараптама өткізу қызметін- қиын процес деп те айтуға болады. Оның сапасы- өткізу барысындағы қаржыландырудан және мамандандырылған эксперттерден тұрады. Сараптаманың негізгі функциясы:

1.     Эксперттер мен мамандардың нақты тар аумақта жобаның техникалық деңгейдегі түрлі көрсеткіштердің білуін, жүзеге асыру уақытын, шығындардың, шамаланған табыстардың, базар көлемінің, сұраныс мөлшерлерін болжауы;

2.     Эксперттерден алынған бағалауларды жалпылау. Оны арнайы теориялық әдістерімен қатар формалды емес әдістердің негізінде қабылданаданған инновацияның жүзеге асыру мақсаттылығы туралы соңғы шешім.

Жобаны тіршілік циклінің барлық  айналымындағы жан-жақты зерттеулеріне техникалық, коммерциялық, экологиялық, ұйымдық, әлеуметтік, экономикалық және қаражаттық талдауы қызмет етеді. Бұл- зерттеудің ең жалпы түрінің мақсаты болып есептеледі.

Техникалық талдаудың мақсаты — техника-технологиялық бағдарла-маларын, іске асыру мерзімін, сатуын және оның фазаларын қарастырып, бағалау; қайнар көздің, жұмыс күштердің және басқа керекті қорлардың қол жетерлігі мен жеткіліктілігін анықтау; күнтізбе жоспарлары мен үлгілердің желісін құрастыру;

Коммерциялық талдаудың мақсаты — нарықтың өтім мүмкіншіліктерін, тұтынушылардың сегменттерін, өнімдердің базарға жылжу каналдары мен өтімнің ынталандыру шараларын анықтау; бәсекешілердің бағалау және қабілетті бәсеке стратегиясын таңдау;

Экологиялық талдаудың мақсаты — қоршаған ортаға жобаның өмір бойы тигізетін  потенциалдық зиянын анықтап, қысқарту және жою шараларын өткізу;

Ұйымдық талдаудың мақсаты- жобаға қатысқандардың қызметтерін анықтау, материалды — техникалық базасының, мамандығының, мүмкін-шіліктері мен қаражаттық жағдайдың  көз қарасынан олардың күшті және әлсіз сапасын бағалау, қатысушылардың әлсіз жақтарын жоюға және ұйымдық факторларын жетілдіруге арналған әдістерін өңдеп шығару;

Әлеуметтік талдаудың мақсаты — жобаның пайдаланушыларға арналған жарамдылығы мен аймаққа арналған қабылдаушылықты анықтау, жобаның орындалу аймақтағы халықтың әлеуметтік- мәдениеттілігін және демографиялық мінездемелерін, жұмыс орындардың саны мен құрылымдарының өзгерулеріне ықпалын және  еңбек пен тұрмыс шарттарының бағалауынан құралады.

Қаражаттық талдаудың мақсаты- табыстың қажетті нормасымен қамтамасыз ете алатын, қаражаттық шығындар мен нәтижелердің қатынасын анықтау, шығындар түрлерінің инфляциясына, бағаланған шектің өзгертуіне және нәтижелердің болжауын жасау. Бұл талдау тек ұйымдар мен жоба қатысушыларына арналған.

Экономикалық талдаудың мақсаты — барлық қоғамның көз қарасынан жобаның құндылығын анықтау, түрлі бюджеттерге қаражаттардың салықтар түрінде және бюджеттен тыс бөлінген қаржы түрінде түсулерін анықтау.


Скачать


zharar.kz