Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

Скачать


Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары —  жоғары  кәсіби  ұйымдармен    дайындалған  және ұсынбалы  бухгалтерлік есеп  ережелері , әдістері ,  ұғымдары мен  процедуралары  жиыны.   Халықаралық  есеп тәжірибесінде әр түрлі  елдерде  есептізерттеумен, салыстырумен  және  жіктеумен , беру  унификациясы  бойынша дайындалымдар  және  ұсыныстармен  айналысатын  көптеген   ұйымдар  бар.  Олардың ішінен   атап  көрсетуге  болатындары:
Халықаралық  бухгалтерлік  стандарттар комитеті; Біріккен Ұлттар Ұйымы; Трансұлттық корпорациялар бойынша комиссия; Есеп пен есеп берудің  халықаралық стандарттары бойынша эксперттердің үкіметаралық жұмыс тобы ( БҰҰ ); Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша  ұйым; Еуропалық  Одақ  ( ЕО );
Есеп стандарттары  үрдісіне   ықпал  етуші  кәсіби  бухгалтерлердің   аймақтық ұйымдарына  мыналар  жатады:
Кәсіби бухгалтерлердің  Еуропалық федерациясы; Америкааралық  бухгалтерлік ассоциация; АСЕАН елі мүшелері  бухгалтерлерінің  федерациясы; Азия және Тынық мұхит аймақтары  бухгалтерлерінің  конфедерациясы; Бухгалтерлік есеп бойынша  Африкалық кеңес.
Америкалық ұйымдар:
Бағалы қағаздар  және  биржа бойынша комиссия; Қаржылық есеп стандарттары  бойынша кеңес.
Қазіргі кезде  халықаралық  бухгалтерлік есеп  стандарттары  Қазақстан Республикасында да қолданылады. Олардың тізімі төменде берілген:
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары 
 Стандарттар 

    нөмірі                       Стандарт атауы   Енгізілген      жылы

  ХБЕС 1
Қаржылық есептілікті ұсыну 2004
ХБЕС 2
Қорлар 2004
ХБЕС 7
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп 2003
ХБЕС 8
Есеп саясаты,есеп айырысуды бағалаудағы  өзгерістермен қателер 2004
ХБЕС 10
Есеп беретін мерзімнен кейінгі жағдайлар 2004
ХБЕС 11
Құрылысқа келісімшарттар 2003
ХБЕС 12
Пайдаға салықтар 2003
ХБЕС 14
Сегментті есептілік 2003
ХБЕС 16
Негізгі құралдар 2004
ХБЕС 17
Жал 2004
ХБЕС 18
Түсім 2003
ХБЕС 19
Қызметкерлерге ыйақылар 2003
ХБЕС 20
Мемлекеттік субсидияларының есебі мен  үкіметтік көмек туралы  ақпараттарды ашу 2003
ХБЕС 21
Валюталық бағамдар  өзгерістерінің әсері 2004
ХБЕС 23
Қарыздар бойынша қарыздар 2003
ХБЕС 24
Байланысушы тараптар туралы ақпараттарды ашу 2004
ХБЕС 26
Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп және есеп беру 2003
ХБЕС 27
Жеке және жинақ қаржылық есептемелік 2004
ХБЕС 28
Қауымдастырылған ұйымдарға инвестициялар 2004
ХБЕС 29
Гиперинфляция жағдайындағы  қаржылық  есептемелік 2003
ХБЕС 31
Бірлескен қызметтерге қатысу 2004
ХБЕС 32
Қаржылық инструменттер-ақпараттарды ашу және ұсыну 2004
ХБЕС 33
Акцияға пайда 2004
ХБЕС 34
Аралық қаржылық есептілік 2003
ХБЕС 36
Активтердің құнсыздануы 2004
ХБЕС 37
Бағалау міндеттемелер,шартты міндеттемелер  және шартты активтер 2003
ХБЕС 38
Материалдық емес активтер 2004
ХБЕС 39
Қаржылық инструменттер-мойындау және бағалау 2004
ХБЕС40
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 2004
ХБЕС 41
Ауыл шаруашылығы 2003

                Қорытынды 

Нарықтық қатынастар жағдайында құжаттарға жазылған кейбір маңызды экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің пайдаланып кетпеуі үшін оны құпия сақтау керек. Маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы керек.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есепті компъютерлік технологиямен жүргізілуіне байланысты ақпараттар құпиясын сақтау мақсатында компъютерге басқалардың кірмеуі керек. Компъютерлік ақпараттарға бөлек адамдардың кірмеуі үшін арнайы кіліттер, парольдер (атқарушының дауыс ерекшелігі, саусағының таңбасы) қолданылуы керек. Ақпараттар құпиясын сақтау барысында шаруашылық операцияларын компъютерге енгізу алдында бұларды арнайы шифрлармен белгілеп, шығару кезінде шифрларды жою керек.
Сонымен ұйымдарда жасалынатын құжаттардың коммерциялық құпиясын сақтау үшін компъютерлік арнайы бағдарлама құрылады. Мұндай бағдарлама ұйым экономикасының қауыпсіздігін қамтамасыз етеді. Коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету шараларына ақпараттар ағынын тексеру мен пайдаланушылардың тізімін арнайы категория мен уәкілдік етуші топтарға бөлу керек. Ұйым басшысы мен бас бухгалтері ақпараттар жүйесіне кірушілер мен уәкілдік етушілердің қыэметін тексеріп, қажет болған жағдайда шектеу шараларын белгілейді.

Пайдаланылған әдебиеттер  

1.Н.Қ.Қабылова

Ш.А.Доспалинова

Е.Н.Оразалинов

Бухгалтер ( Бухгалтерлік есеп негіздері)

Астана : Фолиант.

2. С.Б. Баймұханова
Ә.Ж. Балапанов.
Бухгалтерлік есеп.
Алматы-2001.

3. Қ.К. Кеулімжаев
Н.А. Құдайбергенов
Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері.
Алматы
Экономика


Скачать


zharar.kz