Экономикалық ғылыммен, жұмыспен қамтылу

Скачать


Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына сәйкес, жұмыспен қамту деген – жеке басының жеке қоғамның мұқтаждығын қанағаттандыратын заңнамаға қарсы келмейтін және табвс пен еңбекақы алып келетін азаматтардың қызметі.

Жұмыспен қамту саясатының белсенді түрі (еңбек нарығында) – мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көзделген құқық, ұйымдық және экономикалық шаралардың жиынтығы. Мұндай саясаттың мазмұнына: қоғамдық жұмыстар жүйесі бойынша жаңа жұмыс орындарын ұйымдаствру, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту жолымен жұмыс орындарын құруды демеу, жұмыс орнын сақтап қалуға, тұлғаларды оқыту, қайта дайындау және біліктігін жоғалатуға, қызметтердің жұмыстан өздігінен босталуын болдырмауға (ескерту, алдын алу шарасы) байланысты іс-шаралар кіреді.

Жұмыспен қамту саясатының әрекетсіз түрі – жұмыссыздықтың келеңсіз салдарын деңгейлестіруге жұмсалған іс шаралардың жиынтығы. Ол өзіне: асырауындағыларға үстемақы төлеуді, бірінші қажеттіліктегі қымбат емес тауарларды мүмкіндігінше беруді, сондай ақ азық түлікті асханада арзан тамақтануды ұйымдастыруды және басқада іс шараларды енгізеді.

Сонымен, жұмыспен қамтылу – бұл оқуды, әскер қатарындағы қызметті, үй шаруашылығын жүргізуді, балалар мен қарттарды кутуді қоса алғанда халықтың енбек қызметіне қатысуы. Экономикалық ғылыммен , жұмыспен қамтылу:

—  халықтың белсенді бөлігі қоғамдық өндіріске толық кірістірілмеген;

—  жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының теңгерімділік деңгейімен;

—  халықтың әлеуметтік – экономикалық сұраныстарына жұмыспен қамтылудың сәикестілігімен – шағылысатын көрсеткіш жүйесімен сипатталады;

—  кәсіпкерлік оқытудың және жұмыспен қамтуды жоғарлату саясаты;

— кәсіптік оқытуды ұиымдастыру;

—  жұмысшы орындары туралы ақпараттарды ұсыну;

—  құқық шегінің кері әсері.

Жұмыспен қамту қызмет орындарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген азаматтар саны жұмыстан шығу, жалдау мерзімінің бітуіне байланысты басқа жұмыс іздеген жұмысы бар немесе негізгі жұмысынан бос уақытта жұмыс істегісі келетін тұлғаларды қоса алғанда жұмыспен қамту мекемелеріне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген азаматтардың жалпы санының сипатын береді.

Жұмысшылар қозғалысы – бұл жұмысшыларды жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан шығару. Жұмысқа қабылданғандар қатарына есеп кезеңінде кәсіпорынға жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен қабылданған тұлғалар жатады. Жұмыстан шыққандар қатарына жұмыстан шығу кету себептеріне қарамай бұирықпен ресімделген кәсіпорындардағы жұмысын қалтырған барлық жұмысшылар кіреді.

Жұмыспен қамту мемлекеттік саясатты мемлекеттік деңгейде жүргізу мәселесі негізінен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінде (ЕХӘҚМ) шоғырланған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің жылдық есебін қарастырып отырып, айқын мысал келтірейік.

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  Министірлігінің алқасы Министірліктің 2009 жылғы қызметінің негізгі қорытындысын шығарып, 2010 жылға міндеттерін белгіледі. Өткен жылы Министірліктің қызметі елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға арналған Бағдарламасында және Қазақстан Республикасындағы 2005-2009 жылдарға арналған әлеуметтік қайта құруды әрі қарай тереңдету Бағдарламасына көрсетілген түбегейлі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Іс жүзінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасына көрсетілген барлық міндеттер жүзеге асырылды.

2006 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық кәсіподақ бірлестігі мен республикалық кәсіподақ бірлестігі мен республикалық жұмыс берушілер бірлестігі мен республикалық жұмыс берушілер бірлестігі арасында 2009-2010 жылдарға арналған кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі БҰҰ-ның ғаламдық шарттар қағидасы есебімен Бас келісімін бекітті. 2009 жылдың 1 қаңтарыан еңбек ақы, зейнет және әлеуметті өтемақылар ай сайна қағидасыбойынша жүргізіле, ал бюджет саласындағы жұмысшылардың еңбекақысы орта есеппен 30%-ға көтерілді. Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын саралап жіктеу бойынша жаңа тәсілі бекітілді. Қазақстан Республикасында көші-қон үрдісін реттеу, көшіп келушілердің құқығын және мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау жүйесін жүйесін әрі қарай дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының көші-қон мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтаулар енгізу туралы Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінде қарастырылуда. ҚР көші-қон саясаты жаңа тұжырымдамасының  жұмысы жүгізілуде.

Әлеуметтік қайта құруды тереңдету Бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен мақсаттар табысты жүзеге аырылып, орындалуда — әлеуметтік қамтамасыз етудің көпдеңгейлі жүйесі қалыптастырылды, мемлекеттік әлеуметтік үлгілер жүйесін жетілдіру, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамыту, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбек қатынасын реттеу тетігін жетілдіру бойынша негізгі шаралар жүзеге асырылды: еңбек нарығының оралымдылығын қалыптастыру; көші-қон саясатын жетілдіру; тапшы мамандықтар бойынша жеке кадырлар даярлау секілді міндеттер қойылды.

Шағын мамандандырылған құрылымдық бөлімшелердің басы бірікпеушіліктің әсерінен кадрлармен жұмыс істеудің тиімділігі азайып, кадрларды қалыптастыру және тиміді пайдалану мәселелерін кешенді түрде шешуге бұл келеңсіздік мүмкіндік бермеді. Үлкен жұмысты, әсіресе кадрларды іріктеуге, орналастыруға және пайдалануға байланысты жұмыстарды сызықтық жетекшілер орындады, ал олардың басты міндеті өндірістік тапсырмаларды өзуақытында сапалы орындау болғандықтан кадр басқаруға қажетті бөлімі,  уақыты болмағандықтан, олар жұмысты жоғары деңгейде орындай алмады.

Еңбек қатынастарын реттеудің келісім саласын кеңейту келісімдер жасау мен орындауы республикалық, салық, аймақтық деңгейлерде, ал ұжымдық шарттарды – мекемелер деңгейінде қамтамасыз ететін тиімді серіктестік институттары құрылымын талап етеді.

Жоба жаңалығы — біліктілік пен еңбек өндірісі арасындағы айырмашылықты көрсететін жұмысшының еңбек ақысы жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылатын қаржы салымынадамдық капиталға салу, жоғары білікті және жоғары біліктіліксіз жұмыстар ақысы бірдей төленбелуі керек: жұмысшы өзінің кәсіптік дайындығын дайындығын көтеруге ынталы болу керек. Еңбекақы деңгейі реттеуде, еңбекті мөлшерлеу арқылы еңбектің қалыпты жағдайынан тыс (түнгі, шамадан тыс, демалыс күндері) жұмысы еңбек ақысының саралап жіктелген еңбекақы мөлшерін құру ұсынылып отыр.

Жобада екі деңгейлік жүйені қолдануды анықтайтын: жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім бойынша құрылған келісім комиссиясы немесе еңбек төрелігі деңгейі мен халықаралық үлгіге сәйкес келетін сот инстанциясы деңгейлеріне жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу рәсімдері анық бейнеленген. Бұл жерде жұмысшының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, кәсіптік дайындау, қайта дайындау және оқыту шарттарының мазмұны туралы мөлшерді біруақытта енгізумен жұмысшының біліктілігін көтеруді қамтамасыз етуде жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттерін кеңейту ұсынылып отыр.

Еңбек кодексінің жобасына жұмыс берушінің еңбек заңнамасында тәртіп бұзбаған, жұмыс істеуіне үш жыл қалған зейнеталды жастағы жұмысшымен еңбек шартын бұзу мүмкіндігін шектеу кіреді.

Сонымен қатар, қауыпсіздікті, еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушінің міндеттері кеңейтілген, сондай-ақ жұмыс берушінің қаржысы есебінен осы шараларды қаржыландыру бойынша мөлшері енгізілген.


Скачать


zharar.kz