Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Қанайналым шеңберлері.
2. Қан тамыр жүйесі.
3. Гемодинамика, негізгі заңдылықтары.
4. Реография.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан(55%)және қан жасушаларынан(45%)(эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.
Қанның қызметі:
Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегігаз алмасу процесін қамтамасыз етеді;
Регуляторлық – әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды,организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;
Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.
Қанайналым — бұл қанның дене бойымен айналымы . Қан жүрек жиырылуы арқылы қозғалысқа келіп, қантамырлар арқылы айналым жасайды. Қан ағза ұлпаларын оттегімен,қоректік заттармен, гормондармен қамтамасыз етіп, зат алмасудың соңғы өнімінің ағзадан шығуына көмектеседі. Қанның оттегіге толуы өкпеде, ал қоректік заттарға толуы асқорыту жүйесінде болады. Бауыр мен бүйрек арқылы соңғы өнім сыртқа шығарылады. Қанайналым гормондар және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Қанайналымды кіші ( өкпе арқылы) және үлкен (ағза және ұлпа арқылы)
Қанайналым – адам және жануарлар өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Қан тек қозғалыста ғана өзіне тән қызметтерді атқара алады.
Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды. Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды. Жүрек төрт камералы сондықтан екі қанайналым шеңберінен тұрады.
Ежелгі кезден – ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген. Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы- Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы – Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір – бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.
Бұл болжамды Рим зерттеушісі, әрі дәрігер Клавдий Гален жоққа шығарды. Ол қанның вена арқылы да, артерия арқылы да жүретінін дәлелдеді. 1628 жылы ағылшын физиологы Ульям Гарвей өзінің жануарлар қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу еңбегінде алғаш рет қанның артериялық қантамырлар арқылы қарыншалар арқылы қозғалып веналық кантамыр арқылы жүрекшеге келіп құятынын айтқан. Алғаш қанайналым схемасын сызып , екі қанайналым шеңберін қосқан. Бірақ қанның артериядан венаға қалай ауысатыны әлі де белгісіз күйде қалды. 50 жылдан кейін Марчелло Мальпиги артерия мен вена қантамырын қосып тұратын капиллярларды ашты.
Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді.
XVII – XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп.оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.
курстық жұмыс 28 бет