Казіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық рөлінің өсуімен туындаған.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің циклге қарсы қызметі ,циклдің келесі өзгерістерін туғызды:
Біріншіден, дағдарыс табиғаты өзгереді, ол барған сайын құрылымды, қоғам ресурстарының шектеушісіне (шикізатты дағдарыс, қаржы дағдарысы, энергетикалық дағдарыс, мұнай дағдарысы) айналды;
Екіншіден, әр түрлі елдердің постиндустриалды сатыда даму өзгерістері, циклдің асинхронды және дағдарыс кезеңінің уақыттық айырмашылығына әкелді;
Дәстүрлі шикізат, нарықтық өзгерістер, валюта жүйелеріндегі ауытқушылық және т.б. қазіргі әлемдегі анықтаушы фактор болып алдыңғы кезекке шыға бастады.Сөйтіп ,дүние жүзілік өркениет перманенттік сілкіністер жағдайында жаңа мың жылдыққа енді.
Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық , қоғамдық шығындарға әкеледі.
Циклдік дамудың себебі , тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды : себебі , ақшамен ортақ тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде сатып алуға негіз болып саналмайды. Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін.
Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек технологиялық себептермен сипаттайды. Бірінші кезеккке циклдің себепті салдарына байланысты емес , оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан , қазіргі экономикаың бейнесі өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен құлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдың ұзын толұынды сипаттамалары өркендеу мен тоқырау шегініп , жаңа жол тауып , қысқа толқын буырқаныс , қысқару , құлдырау циклы деп аталады.
Сөйтіп, циклдік дамудағы осы заманғы жол табушы , цикл табиғатын анықтауда, циклдің әр түрлі сатыларында (фаза) алмасуға жағымсыз әсерлерді азайтудың әдістерін іздеп табудан тұрады.
Экономикалық цикл -макро шаруашылықтың бөлінбейтін саласы. Бірқатар себептермен, әсіресе жиынтық сұраныспен және жиынтық ұсыныспен келісілген экономикалық ауытқулар , циклдің негізгі салалары болып саналады. Циклдің негізгі назар аударатын проблемаларын — капитал жұмсаудың көлеміндегі , сапасын және құрылымын өзгерістермен байланысты неғұрлым терең экономикалық ауытқулармен түсіндіретін мультипликатор — акселератор тетіктерге талдау жасау.
Экономикалық циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына, сонымен қатар экономикалық динамика теориясына жатады. Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса, онда цикл теориясы уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.
Экономикалық циклдің әр түрлі теорияларының болуы циклдерді талдауды жетілдіруді және әр түрлі үлгілерді туғызады.
Жалпы айтқанда, экономикалық (іскерлік) цикл — бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейінің бірінен кейін бірінің келіп тұратын өсулер мен құлдырауының өзгеруі.Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді.
Циклдің басты сатылары (фаза) дағдарыс, тоқырау, жандану және өркендеу. Бұл сатыларда (фаза) инвестициялар күшті ауытқуларды басынан өткерді, соның ішінде айрықша ауытқу тұтыну болып саналады.
Мемлекеттік экономикалық саясат циклдің барысына әсерін тигізеді және оны модификациялайды. Циклдердің тиімді реттегіштерін сәтті қолдану кезінде онша терең ауытқулар болмайды, ұлттық өнім шығындары қысқарады, ал цикл сатыларының ауысуы көбірек болжап білетіндей жағдайға айналды.
Циклдік өзгерістердің себептері келесідей жағдайлардан: автономды инвестициялардың азаюы, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, негізгі қорлардың жаңаруы және тағы да басқа себептерден өзгеруі мүмкін.
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, экономикалық толқулар немесе экономикалық цикл деп аталады.
Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.
Сыртқы факторлар– экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.
Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қандыбаев О., Темірбаев А. Кәсіпорын экономикасы. Алматы, 2007
2 Сейтқазиев А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы. — Алматы, Тұран , 2007
3 Сейтқазиева А.М., Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті. Алматы, 2008
4 Жолдасбаева С.К. Кәсіпорын экономикасы. Алматы, 2008ж.
5 Нәбиев Е.Н., Насырова Г.А., Шакеев С.С. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Қарағанды.ҚарМУ баспасы, 2007. — 128 б
6 Тержанова А.Ж. Экономика предприятия: Учебное пособие. Караганда 2007
7 Экономикалық теория. Акимбеков С.А. Астана, 2002
8 Экономикалық теория негіздері. Оқулық Әубәкіров Я. Ә., Нәрібаев КН., Жатқанбаев Е. Б. және басқ. — Алматы, 1998.
9 Экономикалық теория. Оқулық Әубәкіров Я. Ә.Байжумаев Б. Б. Алматы, 2000
10 Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал Шумеков З.Ш. Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш. ҚЭУҚ .Қарағанды 2005
11 Макроэкономика. Оқу-тәжірибелік құрал .Бұғыбаева Р.О.Жанағұлов А.Ш., Жетпісбаева М.Қ., Сүйіндіков Ж.С., Есдаулетова М.А.Қарағанды 2002
12 Макроэкономика.Учебник 6-е издание. Л.С.Тарасаевич, П.И.Гребенников, А.И.Леусский. 2005 г.
13 Экономика . Оқулық.Булатова А.С. 1994 ж.
14 Б.А.Жүнісов.Оқулық. Жалпы экономикалық теория Алматы, 2002.
15 Экономикалық теория.Оқулық.А.И.Добрынина ,Л.С.Тарасаевич, 2000 ж.
16 Экономикалық теория.Оқулық.С.С.Мәуленова ,С.Қ.Бекмолдин,
Е.Қ.Құдайбергенов , 2004 ж.
17 Экономика развития. Оқулық.Д.М.Нуреев, 2004 ж.
18 Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005ж.
19 Қ.Қ.Ілиясов. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2002 ж.