Банктердің бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары және банктік менеджмент пен маркетингті жетілдіру жолдары

Скачать


Жоспар

КІРІСПЕ……..3

1 Бағалы қағаздар нарығы және ондағы коммерциялық банктердің менеджменті мен маркетингісінің мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджментінің маңызы мен рөлі …..5
1.2 Банкілік маркетинг мәні мен ерекшелігі ………11

2 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктерідң маркетингі мен менеджментін Халық Банкі АҚ мысалында талдау
2.1 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның басқару жүйесін сипаттау және бағалау…….19
2.2 Бағалы қағаздар нарығындағы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның менеджментін талдау…..22

3 Банктердің бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары және банктік менеджмент пен маркетингті жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығында банк менеджменті мен маркетингін жүргізудің мәселелері мен жетілдіру жолдары …27

ҚОРЫТЫНДЫ …………38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……40
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық экономикаға өтіп, қаржы нарығының, оның ішінде банктер қызметінің бүгінгі әлемдік стандарттарға сай дамып келе жатқандығына байланысты, олардың қызметтерін дамытудың негізі банктік қызметтегі маркетинг пен менеджменттің әрекетіне тікелей байланысты болады.

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.

Сондықтан коммерциялық банктер менеджменті бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.

Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламамен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы айтқанда, менеджмент ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру мен басқару жүйесін білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша алға шықты. Сондықтан банк менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.

Банктің маркетингі мен менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика жағдайында несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес – жоспарларды нарықтық механизммен қамтамасыз ету, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз болуы мүмкін емес.

18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуін, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.

Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш – қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта – теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша – несие операцияларында, банктік жүйесінде банк менеджментінің қажеттілігі артты.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банк менеджментінің дамуын көрсету болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қарастырылады:

— Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджменті мен маркетингісінің маңыздылығы мен мәніне тоқталу;

— банк маркетингі мен менеджментінің түсінігін қарастыру;

— Қазақстан Халық Банкі АҚ мысалында банк менеджментін талдау және бағалау;

— Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы банк менеджменті мен маркетингін жүргізудің мәселелері мен жетілдіру жолдарына тоқталу болып табылады.

Жұмыстың обьектісі — Қазақстан Халық Банкі АҚ.

Курстық жұмыс құрылымы келесідей: бірінші бөлімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің маркетингі мен менджментінің мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның банк менджментінің ұйымдастырылуы мен банктік маркетингтік саясаты туралы баяндалады.

Үшінші бөлімде банк бағалы қағаздар нарығындағы маркетингі мен менджментін  жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қарастырылды.

 Курстық жұмыс 40 бет


Скачать


zharar.kz