Басқарушы есептін негізгі элементтері

Скачать

Мазмұны

Кіріспе. 3

1. Басқарушы есептің мәні  және оны ұйымдастыру. 6

1.1 Басқару есебінің сипаттамасы мен маңызы.. 6

1.2 Басқару есебінің әдістері мен тәсілдері 8

2. Басқарушы есептін негізгі элементтері 12

2.1. Басқарушы есептін негізгі элементтерін (конструкциясын) түсіндіру. 12

2.2.  Есеп жүйесін таңдау және шоттардың құрылымын тәптіштеу. 17

2.3. Басқарушылық бухгалтериядағы интегралданған есеп жүйесін ұйымдастыру. 24

Қорытынды. 27

Пайдаланылған әдебиеттер: 29
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, саға саясаты аяясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортименте өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқару­шы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.

Басқарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (бас-қарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістін ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді.

Ең бастысы, баскарушы есептің негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады. Отандық тәжірибеде калькуляциялауға байланысты мәселелер терең зерттелген. Басқарушы есептің „стандарт-кост’ жүйесіне ұқсас болып келетін калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдістері аясында, бүгінде өте бай теориялық және практикалық тәжірибелер жинақталған.

Басқарушы есептің шексіз құқына тән кейбір мәселелерімен шаруашылық субъектінің жекелеген бөлімшелері бүгінгі күннің өзінде-ақ айналысуда, бірақта бұл ақпараттар әр түрлі службалар арасында сан тарапқа бөлшектенген, сондықтан оларды дер кезіңда, кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай деңгейде болмай отыр. Экономикалық қызметті талдау жүргізілсе де, ол тек шаруашылық субъектілеріндегі негізгі қаржылық көрсеткіштері толық калыптасып біткен соң барып, бір шама   кешіктіріліп жасалады және де оларға әсер ету мүмкіндіктері де пайдаланбайды; жеке бөлімшелердің жұмыстарының тиімділігі мүлдем талданбайды.

Шаруашьшық субъектілерінде қажеттілік пісіп-жетідсе де, іс- жүзінде салықтық жоспарлау жоқ. Сонымен бірге басқарушы есептің негізін құрайтын калькуляциялаудың ойластырылып табылған тәсілі, кейбір жағдайда, ұйымдардың салықтық ауыртпалығын жеңілдетуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуі, яғни жаңа экономикалық жағдайлар, міндетті түрде бухгалтерияның атқаратын қызметтері мен өкілеттіліктерін ұлғайтты. Бухгалтерлік кәсіп сапалы деңгейге дейін шықса, ал бухгалтер-талдаушы өз қызметінде шаруашылық фактілерді есептік тіркеуден өндірісті басқаруға өтсе, онда есептің жаңа сатыға өтерілгені.

1997 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстаң Республикасында қарсылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қайта құру бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандарттрына сәйкес ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып  табылады. Бұл мақсатқа — кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар жүйесін қалыптастыра алса ғана жетеді. Монографияның басты міндетінің бірі, шаруашылық субъектілерінде басқарушы есепті құруда, түсіңдіруде,   енгізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Басқарушы есеп –бұл экономикалық интегралданған есептеудің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізгінде кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа бағыттау үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау.

Бұл анықтама, жүйе ретінде, сондай-ақ ерекше ішкі жүйе ретінде кәсіпорындардың ирархияның барлық деңгейіне қолайлы.

Басқарушы есептің мәнін сипаттай келе, оның маңызды ерекшелігін, яғни оның басқару процесін есептік процеспен байланыстыратындығын ерекше атап өту керек. Баскарудың барлық циклдік процесінде көрініс табатын басқарушы есебінің обьектілерінің жиынтығын оның пәні деп атайды. Басқарушы есеп пәні болып ұйымдардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістікқкызметі бо­лып табылады.
курстық жұмыс 29 бет


Скачать


zharar.kz