Халықаралық қызметтер рөлініңжоғарылау беталыстары мен халықаралық қызметтер шеңберінің материалдық өндірістің жоғарылау қарқындарынан алға түсетін өсуі

Скачать


ЕҚЫҰ ЖӘНЕ КӨЛІКТІК  ҚЫЗМЕТ  КӨРСЕТУДЕГІ  ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ туралы қазақша реферат

Транзит пен көлік дәліздері Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінде өзекті тақырыптардың бірі ретінде қаралды.

ЕҚЫҰ-ның экономикалық өлшемінің мазмұнын байыту — бұл Қазақстанның төраға ретінде көтеріп отырған бастамаларының бірі. Қазақстан Президентініңпікірінше, халықаралық интеграция экономикалық өрлеу мен саяси сұхбаттың негізі.

Қазақстан еуразиялық транзитті дамыту — мемлекеттерді жақындатудың жолы деп есептейді. Азия мен Еуропа үшін де жаңа нарықтар қажет. Сондықтан оларҚазақстан арқылы өтетін көлік дәліздеріне мүдделі. Көлік дәлізімен бірге осы дәліздің бойында түрлі инфрақұрылымдар дамиды. Бұл тек көлік дәлізі болмайды, бұлэкономикалық жағынан белсенді аймаққа айналады. Сарапшылардың пікірінше, болашақта Қазақстан арқылы өтетін бағыттар Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия жәнеҚытай арасындағы әлемдік жүк айналымының бір бөлігін ала алады. Халықаралық байланыстың экономикалық жетістіктерге жол ашатынын ұғынғандықтанҚазақстан ТМД кеңістігіндегі интергациялық үдерістердің алдында келеді және жаһандық деңгейдегі байланыстарын нығайтуға да құлшынуда.

Пекин мен Берлин аралығының үштен бірін Қазақстан аумағы алып жатыр. ЕҚЫҰ-ы төрағасының геосаяси жағынан тиімді орналасуы Ұлы Жібек жолынжандандыруға үлес қосуына зор мүмкіндік береді. 21-ғасырда керуен орнына поездар жүрсе, жібек пен алтынды мұнай мен газ алмастырады. Пішіні өзгергенімен,мазмұны бұрынғысынша Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны біріктіру.

Қазақстан өзінің геосаяси орналасуы жағдайында, экономикалық әлеуеті мен тарихи дәстүрлерінің арқасында  көлік шеңберіндегі  әлемдік шаруашылықбайланыстар жүйесіне халықаралық интеграциясының белсенді жақтаушысы және көлік тасымалдарының дамуы саласындағы  ғаламдық үрдістердің  қатысушысыболып табылады.

Көлік кешені құрамына темір жол, автомобильдік, әуе, өткізгіш құбырлар, теңіз және өзен жолдарының қатынастары енетін, экономика инфрақұрылымынқалыптастыратын салалардың бірі болып табылады.

Әлемдік экономиканың дамуының маңызды заңдылықтарының бірі – экономикалық өсу мен ол жерде халықаралық қызмет көрсету үлесінің жоғарылауыарасындағы өзара байланыс болып табылады, өйткені қызметтер қоғамдық өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, адамдардың әлеуметтік және материалдықемес қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді, оларға сервистік, инженерлік, көлік қызметтері мен байланыс қызметтерін көрсетеді. Халықаралық қызметтер рөлініңжоғарылау беталыстары мен халықаралық қызметтер шеңберінің материалдық өндірістің жоғарылау қарқындарынан алға түсетін өсуі  — қызметтер саласыныңтұрғындардың жұмыс бастылығы мен еңбектің техникалық қамсыздануының өсуіне, өнім сапасын ендіруге және оның пайдалығына әрекеттесетін әлемдікшаруашылықтың ірі саласына айналуымен байланысты.

Интеграциялық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін елдердің экономикалық жақындасуының бірнеше түрлі әдісі болуы мүмкін. Қазірдің өінзде бір –бірімен өзара әрекеттесетін және бірін-бірі толықтыратын, экономикалық консолидацияны жүзеге асырудың әртүрлі ұйымдастырушылық – құқықтық нұсқауларықалыптасты. Олардың болуының өзі елдер немесе елдер тобы мүдделерінің белгілі бір ұқсастығын, осы мүдделерді жүзеге асыру көзқарасынан ең тиімдінұсқауларды іздеуді көрсетеді.

Біздің еліміз үшін ЕҚЫҰ-мен өзара тиімді байланыс сыртқы саясатымыздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Осы орайда төраға ретіндегіҚазақстанның ұстанатын позициясы мен әлемдік деңгейдегі қордаланған мәселелерді шешудегі рөлі үлкен деп айтуға толықтай негіз береді.

ҚР сыртқы саясаты Концепциясында басымды мән тәуелсіз мемлекеттер қоғамдастығы рамкаларындағы ынтымақтастыққа және оның қатысушыларыменинтеграциялық байланыстардың дамуына беріледі. Бұл бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттерді біріктіретін тығыз саяси, экономикалық, мәдени жәнебасқа да байланыстарға байланысты.

Орталық Азия елдерінің экономикалық интеграциясының бірнеше сатылығы қалыптасқан. Егемен мемлекеттердің өзіндік қаржылық – экономикалық,салықтық – бюджеттік жүйелері, ұлттық валютасы, кедендік және шекаралық қызметтері мен басқа да құраушылары бар. Көршілес мемлекеттермен сауда –экономикалық байланыстар халықаралық қағидалар негізінде құрылады. Сонымен қатар, сауда – экономикалық байланыстар үшін қолайлы жағдай режимін орнату,келісімді негізде белгілі бір жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну, ең тығыз экономикалық ынтымақтастық бойынша келісімді шешімдерді қабылдау.

Мемлекеттердің өзара саудада кедендік баждарды, әкімшілік және тарифтік шектеулерді алып тастайды, кез – келген валютадағы төлемдердің, көлікқызметтерінің еркін өтуі, жұмыс күшінің қозғалысы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Осы қабылданған шешімдерді жүзеге асыратын органдар құрады.Сондай-ақ, еркін сауда режимінің дамуы негізінде келісуші жақтардың кедендік территорияларын қосатын бірегей кедендік кеңістікті қалыптастырады, үшіншіжақтармен сауда – экономикалық байланыстардың бірегей жүйесі мен жалпы кедендік тарифін, сыртқы экономикалық қызметке валюталық бақылау мен келісілгенсаясатты  қабылдайды және тауарлардың жалпы нарығын қалыптастырады.

Интеграциялық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін елдердің экономикалық жақындасуының бірнеше түрлі әдісі болуы мүмкін. Қазірдің өінзде бір –бірімен өзара әрекеттесетін және бірін-бірі толықтыратын, экономикалық консолидацияны жүзеге асырудың әртүрлі ұйымдастырушылық – құқықтық нұсқауларықалыптасты. Олардың болуының өзі елдер немесе елдер тобы мүдделерінің белгілі бір ұқсастығын, осы мүдделерді жүзеге асыру көзқарасынан ең тиімдінұсқауларды іздеуді көрсетеді.

Аймақтық ынтымақтастық пен өзара байланысу ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ортаазиялық аймақтың мемлекеттері мен, сонымен қатарШығыс пен Батыс арасында мықты және табысты экономикалық байланыстарды жасау үшін қажет.

Өз өмір сүруінің басынан бастап Қазақстан барлық бұрынғы кеңестік елдер арасындағы ерекше өзара қатынастарды сақтап қалу идеясын қолдады.Республиканың алдыңғы қатарлы міндеттемелерінің бірі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі экономикалық үрдістердің дамуында жаңа импульс беру мақсатында қолдағыбар барлық потенциал мен жинақталған тәжірибені пайдалану қажеттілігінде.

Әлеуметтік және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың маңызы жоғары. Көптеген онжылдықтар бойы бір елдің құрамында өмір сүру, жалпы мәдениет,менталитет Қоғамдастық мемлекеттері азаматтарының бір – біріне деген қатынасына із қалдырады, және олардың үкіметтері бұл факторды өз қызметінде ескеруікерек. Соған қарамастан, ТМД – ның қызметін күрделендіретін және бұл ұйымның дамуын тежейтін жұмыстарындағы кемшіліктерді назардан тыс қалдырмаукерек. Бұл бірлестіктің пайда болуынан бері құжаттардың көп саны қабылданды, бірақ олардың біршама бөлігі қағаз түрінде ғана қалды. Барлық келісімдердіұстануға бақылауды күшейту үшін басқалардан нақты мақсаттармен және оларға жетудің нақты мерзімдерімен ерекшеленетін жаңа аймақтық бірлестікті құру қажетболды.

Көліктік қызмет көрсетулер нарығының кеңеюі дамудың келесідей бағыттарын көздейді:

— тасымалдаушылардың әлемдік көлік нарығында, бұл ең бастапқы кезекте, экспорттық-импорттық операциялардың сыртқы саудалық тасымалдауларында,бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауы;

— халықаралық транзиттік көлік дәліздерін (ХКД) ұйымдастыру үшін әлемдік нарықтың ең ірі қатысушылары арасында мемлекеттің жағрафиялық және геосаяси жағдайының артықшылықтарын пайдалану;

— транзиттік шығындарды қысқарту және экономикалық және экономикалық емес сипаттағы өзге де шиеленісулерді болдырмау мақсатында әлемдік нарыққа шығу үшін тікелей көлік жолдарын дамыту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 29 тамызда 2010-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама Қазақстан мен еуропалық мемлекеттердің арасындағы жан-жақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беруді көздейді. Бағдарламаның басты мақсаты – біздің еліміздің еуропалық жетекші мемлекеттермен стратегиялық әріптестігін жаңа деңгейге көтеру. Нақты мақсаттарды орындау барысында алдымызда бірнеше міндет тұр.

Бірінші міндет – Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, дамытуға мүмкіндік беретін технологияларға, энергетикаға, көлікке, техникалық реттеу мен метрологияға, шағын және орта бизнес саласына қатысты. Сонымен қатар, бағдарламаға нақты бірнеше басымдық енгізілді: демократиялық институттарды дамыту тұрғысындағы жұмысты ЕҚЫҰ кеңістігінде одан әрі жалғастыру; ЕҚЫҰ мемлекеттерінің транзиттік-көліктік және еуразиялық құрлықаралық дәліздің әлеуетін арттыру; экологиялық мәселелерді шешу.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     2010-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасы туралы ҚР Президентінің Жарлығы Егемен Қазақстан. — №90-93 (25939). – 2010. — 12 наурыз.

2.    Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы: өзекті мәселелер. – Ана тілі газеті. – 2010. – 5 желтоқсан.

3.    Атамқұлов Е.Д., Жангаскин Қ.Қ. Қазақстанның темір жол көлігі: қайта құрылымдау және әлемдік экономикаға кірігу жолдары. -Алматы: экономика, 2004. 645б.
Ж.Н. Ерниязова
Қорқыт Ата атындағы    ҚМУ-нің Экономика және   менеджмент кафедрасының аға   оқытушысы, э.ғ.к.


Скачать


zharar.kz