Бірқатар мәселелер сол басқосуда қозғалмақшы

Скачать


Су мәселесі туралы қазақша реферат

Бір қол – жағада, бір қол – сағада…

Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе…

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.

Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып бағуда.

Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында Халықаралық су энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліп, оның тұжырымдамасы да әзірленіп қойды. Оған Дүниежүзілік банк те өз тарапынан көмек көрсеткісі бар. Десек те аталмыш консорциумға жоғарыда аталған мемлекеттердің кіріскісі де, қатысқысы да жоқ. Себеп, әркім өз мүддесін ғана көздеп, географиялық жағдайларын көзір ретінде ұстануда. Тіптен өзінің басы қатқан мәселеге басқаның да басын қатырғысы бар. Мәселен, Қырғызстан жағы сонау Кеңес одағы кезінде жұмыс істеп, кейін жұмысы тоқтап қалған Қамбар ата су қоймасын қайтадан тұрғызу жағын алға тартуда. Тоқтағұлға емес, тап сол Қамбар ата су қоймасын тұрғызуға, сөйтіп соның жұмысын жандандыруға консорциум құрайық деген ұсынысын айтып жүр бүгінде. Ал Өзбекстан ең алдымен өз жерінде су қоймаларын тұрғыза беру ниетінде секілді. Бірақ, консорциумға оның да қатысқысы жоқ. Яғни, бұл мәселе жөнінде де қайшылық жетіп жатыр. Аталған мәселелердің түйінін шешу мақсатында биыл Ашғабадта Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен тағы да үлкен бір басқосу болады деп көзделуде. Бірқатар мәселелер сол басқосуда қозғалмақшы.

Трансшекаралық су мәселесінің енді бір ұшы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тіреліп отыр. Қытай жағының трансшекаралық өзендерге қатысты мәселеге әлі де болса өзімбілемдік сақтықпен қарап келе жатқаны байқалатындай. Неге десеңіз, Қытай су қатынастарына арналған бір де бір конвенцияға күні бүгінге дейін қол қоймай келе жатыр. Екі мемлекет арасында өткен жылдың қазан айында Шанхай қаласында Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының үшінші бірлескен отырысы өткен болатын. Онда Ертіс және Іле трансшекаралық өзендерінің суын пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу туралы Қазақстан тарапының ұсынысы талқыланды. Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, “Қара Ертіс-Қарамай” каналы іске қосылғаннан кейін Қытай жағы Ертіс өзенінен 800 млн. текше метр көлемінде су ала бастаған. Ал оның көлемі кейін 1,5 млрд. текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам да айтылуда. Біле білгенге бұл болашақта қиын жағдайға душар ететін көрсеткіш. Егер де Ертістің жалпы су ресурсының мөлшері шамамен 9,8 млрд. текше метр екенін ескерсек, Қытайдың бұл ұстанымы Қазақстанның ғана емес, сонымен қоса Ресейдің экономикасы мен экологиясына едәуір залал келтіретін болады. Мәселенің қай жаққа қарай бағыт алуы сол отырыста Комиссия шешімі бойынша Қазақстан әзірлейтін келісімнің жобасына және оның қабылдануына байланысты болмақ. Дайын болған кезде Қытай тарапына дипломатиялық жолмен жіберуі тиіс бұл жобаны әзірлеу жолдары әлі күнге дейін қарастырылу үстінде. Сала мамандары өз кезегінде келісім жобасын жасау үшін алдымен арнайы ғылыми негіздеме енгізу, одан барып ғылыми-зерттеулер жүргізу керек дейді. Сонда барып бұл мәселе бір ыңғайына келетін болады деген ұстанымдарын алға тартуда.

Ниет жағы баршылық, бірақ соның нақтылыққа айналу жағы жоқтың қасы. Әзірше жақсы бір шешім ретінде Қазақстан Қытаймен арада су көлігі қатынасын жандан­дыру жағына мықтап назар аударып отыр. Мамандардың пікірінше, екі ел арасында кеме қатынасының жұмысы жолға қойылатын болса, Қытай мемлекетінің Қара Ертіс суын көп мөлшерде пайдаланып кетуіне мүдделілігі азаяды. Бұл да көңілге демеу болмақ.

Ал Ресей жағы ше? Сала мамандарының айтуына қарағанда, бұл елмен арадағы байланыс біртіндеп бірізділікке түсіп келе жатқандай. Десе де кейінгі кезде Ресей тарапынан да басқаша ұстаным бой көрсете бастапты. Волгоград, Саратов облыстары мен біздің Батыс Қазақстан облысы аралығындағы біраз сулар жәділік жүйе арқылы бір-бірімен жалғасқан десек, біраз жылдар бойы сол жүйелер арқылы олар бізге су жіберіп келген. Бірақ кейінгі кезде Ресей жағы суды тауарға айналдыру мәселесі жағын ойластырып бағыпты. Қашанғы бас шұлғи бермек біздің ел? Дәл осы мәселеге келісе қоймас. Себебі дейсіз ғой? Мұндайға жол берді деген сөз, домино қағидаты бойынша ұқсас мәселелердің шығуына жол берді деген сөз. Себебі, осы сияқты су жүйелері арқылы басқа елдерден бізге келетін өзендер баршылық емес пе? Ал егер Ресейге ақша төлеймін десек, Қазақстанның есептесу қауқары қарымды екен деп, мына жақтан Өзбекстан мен Қырғызстанның алақан жая келе, жалаңдауына тап-тамаша мүмкіндік табыла кетпей ме?

Суды декларациялауға қол қоюға келіскен күннің өзінде мынадай жағдай қалыптасар еді: егер әр текше метр су 1 теңгеден тұрғанның өзінде мемлекет қоржыны жылына 1,5-2 млрд. қаржыға қағылар еді. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттің негізгі бүйіріне едәуір нұқсан келтіруіне әкеп соғады. Сол үшін жақын арада Ресей жағымен осы мәселе жөнінен келіссөз жүргізіп, бір мәмілеге келу көзделіп отыр.

Сонау бағзы заманнан халықтың басты қажетіне айналған судың жыры Қазақстан үшін енді қай бағытқа қарай бет бұрып, қай арнаға қарай ойысар екен. Көрші елдердің бір қолы — сағада, бір қолы жағада бол


Скачать


zharar.kz