Аннотация
Курстық жұмыста балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары туралы мәліметтер жинақталған, зерттелген.
Курстық жұмыстың көлемі 35 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Кестелер саны 3.
Пайдаланған әдебиет тізімі 24.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..5
1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары……………………………………
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі………………………………………………….6
1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау………………………………………11
2 Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
2.1 Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі………………………………17
2.2 Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен
анықтаудың жолдары…………………………………………………………………………..23
2.3 Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану……………………………………….26
2.4 Балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық
мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………………………………29
Қорытынды……………………………………………………………………………………………..35
Пайдаланылған әдебиеттер……
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы.
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми–қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту технологиясын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Зерттеудің мақсаттары: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын қарастыру.
— Жылдық жоспар графигін құру ережесімен таныстыру;
— Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау;
— Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу;
— Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;
— Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтау;
— Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
— Балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеудің обьектісі: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын жоспарлауды жасау технологиясын анықтау әдістемесі.
…………………………………………………………………
1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, трек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемдітаниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды.
Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).
Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде өміршеңдік кешені деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет.
Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында қарай ол бұл қимылдарды толық игеріп, 1-1,3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.
Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.
Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.
Алтыншы-жетінші жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б. меңгереді.
Бала тәрбиесінің міндеттері
Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйклі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кейеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу аса маңызды.
1) Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
2) Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
3) Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді ретте.
Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:
1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т.б. .
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Дене тәрбиесінің мазмұны
Жасына лайықты қимыл – қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.
Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады.
Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады: 1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті ( Аққулар мен қаздар ), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.
Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.
Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).
Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтацды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.
Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күдізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жұүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.
Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері.
Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрістелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.
Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл топтарда көбінесе дербес жұмыс істеткен жөн.
Музыкамен өткізілген сабақ оқушы ынта – ықыласын арттырады және баланың темппен ырғақты қабылдауына көмектеседі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты — қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Бес жасар баланың эмоцианалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.
Баланың еріктілігіқоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.
Тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.
1) Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның
жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда
бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат
санына байланысты құрастырылады .
2) Сабақтың жылдық жоспары.
3) Күнтізбелік жоспар.
4) Сабақтың мазмұндама жоспары.
5) Сынақ алу құжаттары.
Жылдық жоспар графигін құру ережесі.
Жылдық жоспар өз кезегімен өтілетін оқу бағдарламасының құжаты әрбір 2-топқа және жас ерекшелігі тең топтарға жүргізіледі. 1-ден оқулықтың мүмкінділігімен сабақ өтілетін жер жағдайына байланысты таңдау жасап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкес, сағатын біліп алып, сол оқу жылына бағдарламалық бөлімдерінен өтілетін құжаттан сағаттар саны құрылады. Кейбір жағдайлардың болмауына байланысты дене тәрбие тәрбиешіі балабақшабасшыларымен келісе отырып, бағдарламаның бөлімдеріндегі берілген сағатты өзгертуіне болады. Бағдарламаға байланысты әрбір топқа дене тәрбие мынандай бөлімдерден тұрады:
1) білім негіздері
2)дагды
3) балаларга қойылатын талаптар
4)дагдыны іскерлікті дамыту мақсатында оқу көрсеткіштері (нормативтер).
Білім негіздері төменгідей тақырыптарга топтастырылды:
Дене тәрбие мен спорттың маңызы, дене жаттығуының ағзаға тигізетін әсері, гигиена талаптары, сабақта тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, дене жаттығуын өз бетінше істей алу және жолдастарына жүргізе білу. Бастауыш топтарда, гимнастика, қозғалмалы ойындар, ұлттық ойындар және жеңіл атлетика сабағының ең қарапайым түрлері қолданылады.
Кесте — Жылдық жоспар
Бекітемін: Балабақша директоры:
Жылдық жоспар
Топ
БАҒДАРЛАМА БӨЛІМІ
1- тоқсан.
2-тоқсан.
3- тоқсан.
4 — тоқсан.
І
1-19
1-14
1-20
1-15
Жеңіл атлетика.
1-10
1-10
Гимнастика.
1-14
Қозғал. ойындар.
11-12
1-20
Ұлттық ойындар.
13-19
11-15
ІІ
Жеңіл атлетика.
1-11
7-15
Дала жарыеы.
12-15
3-6
Гимнастика.
1-8
Спорттық ойындар.
9-14
1-18
Ұлттық ойындар.
16-19
19-20
1-2
Жеңіл атлетика.
1-11
7-15
Дала жарысы.
12-15
3-6
Гимнастика.
1-6
Спорттық ойындар.
7-14
1-20
Ұлттық ойындар
16-19
1-2
1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау
Бағдарламаның тақырыптарын тоқсандарға бөлу кестесін балабақшаның жағдайына, өзінің және балабақшаның мүмкіншілігіне, балалардың дайындығына қарай дене тәрбиесі тәрбиеші жазады.(кесте-2)
Тақырыптың тоқсандық жоспар. (Дайындық топ)
І тоқсан (үлгі).
№
№
Сабақтың тақырыбы
Мөлшері
Күні
1
19
Аңшылармен үйректер
1
9.11.2009
2
20
Жүру және жүгіру жаттығулары
1
12.11.2009
3
21
Доппен орындалатын гимнастикалық жаттығулар
2
16.19.11.2009
4
22
Доппен орындалатын гимнастикалық жаттығулар
5
23
Гимнастикалық қабырғада жаттығу
1
23.11.2009
6
24
Гимнастикалық орындықтарда жаттығу
1
26.11.2009
7
25
Көк жалаушамен жүгіру
1
30.11.2009
8
26
Гимнастикалық жалаушамен жүгіру
2
3.12.2009
9
27
Гимнастикалық жалаушамен жүгіру
10
28
Жүріп келе жатып жасалатын жаттығулар
1
7.12.2009
11
29
Кішкене доппен жасалатын жаттығулар
2
10-14.12.2009
12
30
Кішкене доппен жасалатын жаттығулар
13
31
Допты ұста
1
17.12.2009
14
32
Лақтыру жаттығулары
1
21.12.2009
Сабақ жазба жоспары (үлгі)
Дайындық тобы.
Сабақтың тақырыбы: №31 Допты ұста .
Сабақтың мақсаты: 1) Білім беру: Баланы Допты ұста ойынын үйретуде,
оқытуда саналылық, белсенділік қағидасына сай білім туралы ой қалыптастыру.
2) Тәрбие беру: Балаға белсенділік, жеңіске жету мақсатында өз тобын қорғау, яғни ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.
3) Сауықтыру: Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын сауықтыру.
Құрал жабдықтар: Ойын үшін екі валейбол добы.
Өтілу күні, орны: Спорт алаңы 17.12.2009ж
Топ: Дайындық тобы. Өткізген: Раимкуловава К
№
Сабақ мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік нұсқа
К
і
р
і
с
п
е
б
ө
л
і
м
і
Н
е
г
і
з
г
і
Қ
о
р
ы
т
ы
н
д
ы
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.
2. Саптағы жаттығулар; түзел, тік тұр, оңға, солға, айнал, еркін тұр.
3. Жүру жаттығулары; алаңның сыртқы жиегімен айналып жүру, шеңбер бойымен қиғаш жүру, ирелеңдеп жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру.
4 Жүгіру жаттығулары;
а) қол желкеде аяқты сермей жүгір.
б) қол белде аяқты артқа тастай жүгір.
в) қол белде оң иықпен жүгір.
г) қол белде сол иықпен жүгір.
д) қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгір.
5. Ж.Ж.Ж.-ы:
1) Б.қ. аяқ алшақ, қол белде. 1-2 басты алға, 3-4 басты артқа шалқайту
2) Б.қ. қол белде 1-2 белді оңға 3-4 солға қарай ию.
1. Арнайы жаттығулар.
2. Ойын: Допты ұста ойыны.
Ойнаушылар екі командаға бөлініп, эстафеталық сапқа тұрады. Әр команданың алдыңғы жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде капитан допты ұстап тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша капитан допты өз жағының бірінші ойыншысына лақтырады да өзі жүгіріп барып командасының соңына сапқа тұрады. Бірінші ойыншы доп қолына тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты екінші ойыншыға лақтырады. Т.с.с. капитан шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Капитаны шеңберге бұрын келген команда жеңіп шығады.
1. Топты сапқа тұрғызу.
2. Тыныс алу жаттығуларын орындату.
3. Бағалау
2 рет
1 айналым
1 рет
1 рет
4 рет
1 рет
4-5 рет
Киіміне назар аудару
Қатарды бұзба
Кеудені тік ұста басты жоғары көтер
Кеудені тік ұстау
басты жоғары көтер
Толық иіл
Жылдам жүгір, сызыққа дейін ұста, белгіден бұрын шықпа, қатарды бұзба.
Толық тыныс алу.
Сабақ жазба жоспары (үлгі)
Дайындық тобы.
Сабақтың тақырыбы: №12 Мысық -тышқан .
Сабақтың мақсаты: 1) Білім беру: Баланы Мысық — тышқан ойынын үйретуде
оқытуда саналылық, белсенділік қағидасына сай білім туралы ой қалыптастыру.
2) Тәрбие беру: Балаға белсенділік, жеңіске жету мақсатында өз тобын қорғау, яғни ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.
3) Сауықтыру: Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын сауықтыру.
Құрал жабдықтар: Кішкен доп және секіруге арналған көпірше (мостик).
Өтілу күні, орны: Спорт алаңы 25.09.2009ж
Топ: Дайындық тобы. Өткізген: Туйчиева О
№
Сабақ мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік нұсқа
К
і
р
і
с
п
е
б
ө
л
і
м
і
Н
е
г
і
з
г
і
Қ
о
р
ы
т
ы
н
д
ы
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.
2. Саптағы жаттығулар; түзел, тік тұр, оңға, солға, айнал, еркін тұр.
3. Жүру жаттығулары; алаңның сыртқы жиегімен айналып жүру, шеңбер бойымен қиғаш жүру, ирелеңдеп жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру.
4 Жүгіру жаттығулары;
а) қол желкеде аяқты сермей жүгір.
б) қол белде аяқты артқа тастай жүгір.
в) қол белде оң иықпен жүгір.
г) қол белде сол иықпен жүгір.
д) қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгір.
5. Ж.Ж.Ж.-ы:
1) Б.қ. аяқ алшақ, қол белде. 1-2 басты алға, 3-4 басты артқа шалқайту
2) Б.қ. қол белде 1-2 белді оңға 3-4 солға қарай ию.
1. Арнайы жаттығулар.
2. Ойын: Мысық-тышқан ойыны.
Балалар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады. Балалар арасынан екі бала шығып, бірі – мысық, бірі – тышқан болады.
Ойын барысы: Мысық тышқанды шеңбер сыртын айнала қуалайды. Тышқанның іні шеңбердің ішінде болады. Тышқан іннің ішіне кіргенде, мысықтан қорғау үшін балалар отырып қалады. Ал егер мысық тышқанды ұстап алса, тышқан балаларға өлең айтып береді. Ойын осылай жалғасады.
1. Топты сапқа тұрғызу.
2. Тыныс алу жаттығуларын орындату.
3. Бағалау
2 рет
1 айналым
1 рет
1 рет
4 рет
1 рет
4-5 рет
Киіміне назар аудару
Қатарды бұзба
Кеудені тік ұста басты жоғары көтер
Кеудені тік ұстау
басты жоғары көтер
Толық иіл
Жылдам жүгір, сызыққа дейін ұста, белгіден бұрын шықпа, қатарды бұзба.
Толық тыныс алу.
Жүрек соғысын зерттеу әдісі.
Сабақ тақырыбы: Арқан тартыс
Күні: 7.03.09
Уақыты: 12.00 – 12.35
Орын: Спорт алаңы
1) ж.с ═10 15*100%=66,7
2) ж.с =11 15*100%=73,3
3) ж.с=12 15*100%=80
4) ж.с=15 15*100%=100
5) ж.с=19 15*100%=126,7
№
Сабақ мазмұны
Өлшеу
уақыты
Жүрек соғысы
Тіркелуі
10 сек
1 мин
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Сапқа тұрғызу. Түгелдеу.
Сабақтың мақсатын тусіндіру.
Саптағы жаттығулар.
Жүру жаттығулары.
Жүгіру жаттығулары.
Жалпы жетілдіру жаттығулары.
Арнайы жаттығулары.
Ойын
- - - - - -
- - - - - -
- - - - - -
Тыныс алу жаттығулары.
Жүру жаттығулары.
Бағалау.
Қоштасу.
12:00
12:02
12:05
12:07
12:09
12:11
12:13
12:15
12:20
12:25
12:30
12:32
12:34
12:35
10
11
12
15
19
18
16
20
21
23
25
20
17
14
60
66
72
90
114
108
96
120
126
150
138
120
102
84
66,7
73,3
80
100
126,7
120
106
133,6
140
166
153
133,3
113,3
93,3
Қорытынды
35
253
1518
1685,2
6) ж.с=18 15*100%=120
7) ж.с=16 15*100%=106
8) ж.с=20 15*100%=133,3
9) ж.с=21 15*100%.=140
10)ж.с=25 15*100%=166
11)ж.с=23 15*100%=153
12)ж.с=20 15*100%=133,3
13)ж.с= 17 15*100%=113,3
14) ж.с=14 15*100%=93,3
Орта ж.с =253 15=16,9 (10 сек)
Орта ж.с=16,9*6=101,4 (1 мин)
2 Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
2.1 Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі
Сабақты күнделікті жоспарлау тәрбиешінің міндеті.
Сабақ жоспарына қойылатын талаптар:
-жылдық 68 сабақтың жоспары қатар топтар бойынша арнаулы дәптерге жазылады;
-жоспарда әр сабақтың нөмері, өтетін орыны , уақыты және оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты көрсетіледі.
Сабақта 2-3 мақсат қойылады; жаңа жаттығуларды үйрету, өткенді қайталау, жетілдіру. Әр сабақта қайраттылық, шешімділік, жолдастық, достық тәлім-тәрбие жұмыстары тәртіптілік қасиеттірінің дамуына назар аударылады. Сонымен қатар, төзімділік, жылдамдықты, күш-қуатты, айла-тәсілді дамыту сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.
Сабақтың мақсаты анықталған соң, оның өтетін орыны және қажетті құрал-жабдықтары ескеріледі.
Сабақ жоспарының бірінші дайындық бөлімінде оның ұйымдастырылуы, балалардың спорт залға кіруі қоңырау кезінде немесе сабақтан бұрын, топ ағасының немесе кезекшісінің бұйрығымен т.б. рапорттың қалай берілетіні көрсетіледі.
Х-ХІ топта кезекші баяндамасының құрылымы :
Жолдас оқытушы ! 9а топ балалары құрамында 30 адам дене тәрбиесі сабағын өту үшін сапта тұр !
Медеуов — ауыру, Әбішев-себепсіз, сабақта жоқ.
Кезекші Мақсатаов.
Егер сабақтардың мақсаты бірдей болса, онда жоспарда олардың бәрін толық жазу міндет емес.
Қажет жағдада жоспардың дайындық бөлімінде сапта орындалмайтын жаттығулар тобымен теориялық мәліметтерді жазуға болады. Жоспарда жалпы дамыту жаттығулары міндетті түрде жазылады.
Бұл жаттығуларды жоспарға көрсеткенде олардың құрылымын қысқаша жазу, адамдардың мұсінінің графикалық көрінісін тұсіру, немесе жаттығулардың нөмерін көрсету әдістері пайдаланылады. Жаттығулардың толық мазмұнын арнайы дәптерге жазуға болады, онда қолданылған жаттығулар топтамасының кітапшасы немесе оқу карточкаларының нөмері керсетіледі. Жоспардың екінші негізгі бөлімінде , балаларды ұйымдастыру түрлері, сабақта оқу-тәрбие жұмыстарын орындау мақсатында қолданылатын әдістер мен шаралар көрсетіледі.
Негізгі қозғалыс әдістерін дамытатын дайындық және мақсатын орындалуына арналған жаттығулар топтамасымен қоса қозғалыс сапасын дамытатын жаттығулар көрсетіледі. Жаттығуларды орындау кезінде жіберілетін қателіктер, сақтаиу және өзін-өзі сақтандыру кезеңдері ескерілсді. Орындалуы күрделі және орындауға қиын жаттығулар тобының мөлшерін реттеу анықталады.
Жоспардың 3-ші қорытынды бөлімінде балалардың организмін бастапқы тыныштықтағы қалпына келтіретін, олардың көңіл-күйін көтеретін жаттығулар көрсетіледі, 5-8 балаға, баға қою, үй тапсырмасын беру, сабақтың қорытындысын шығару мәселелері ескеріледі.
Тәжирбелі тәрбиешілер жоспарды қысқаша жазғанымен оның
негізгі мазмұны толық қамтылуы тиіс. Балабақшабасшылары
тәрбиешінен сабақты жоспарлауды талап етеді. Сабақтың барлық
бөлімдерін бірімен-бірін байланыстыра отырып, берілген
уақытты толык, пайдалануға міндетті.
Мысалы: 1-ші бөлім 4-6 мин, 2-ші бөлім 30-35 мин, 3-ші бөлім 3-5 мин.
Үй тапсырмасы: жалпы білім беретін балабақшабалаларының ережесі негізінде оқу бағдарламасына «Үй тапсырмасын» орындауды енгізеді. Осы талаптардың орындалуы, балалардың қозғалыс белсенділігінің көлемін жоғарлатуға олардың шынығуы дайындық деңгейінің жоғарлауына, денсаулығының нығайуына, дене тәрбиесін жанұяға енгізуіне жағдай туғызады.
Үй тапсырмалары балалардың шынығуы деңгсйінің
жоғарлауына, жаттығуларды қайталауға яғни сабаққа
дайындалуына мүмкіншілік туғызады. Жаттығулар орындауға
қолайлы, сабақта пысықталған, құрал-жабдықтарсыз
орындалатын, қауіпсіздік сақтануды талап етпейтіндей болуы керек. Үй тапсырмасы бала топтарына немесе және балаға
сабақтың кез-келген бөлімінде беріледі. Оның мазмұны түсінікті..
үйде орындауға қолайлы қайталау уақыты шектелетін
жаттығулар топтамасынан құрастырылады. Мысалы: таңертеңгілік бой жазу жаттығулар топтамасын сабақтың дайындық бөлімінде берген дұрыс. Үй тапсырмаларын сабақтың қорытынды бөлімінде еске салу керек. Мысалы: 3-6- топтарда бой жазу жаттығулары балалардың икемділігін, жылдамдығын. қозғалыс тірегін, қозғалыс сапасын дамытатын жаттығулардан құрастырылады.
1-2 топтарда тепе-теңдік сақтау, секіргіштік, төзімділік, жылдамдық, күш-қуат қасиетін дамытатын жаттығулар қолданылады.
2-3 топтарда төменгі топ балаларымен өз бетінше жұмыс жаттығулар топтамасын құрастыру, топтармен сабақтың дайындық бөлімін , денсаулық сағатын т.б. өткізу. жұгіргенде және шаңғымен жұгіргенде жылдамдық және кұщ қуат төзімділігін дамытуға арналған жаттығулар тобын пайдалану керек. Үй тапсырмасын орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Жаттығулар ұзілістерде ұйретіледі.
Үй тапсырмалары тәрбиешінің қалауыны байланысты
күнделікті немесе ішінара тексеріледі. Күнделікті тексерілгенде
баға қойылмайды. Бұл тексеру балаларды мақтау, тапсырманы
орындауға қызықтыру мақсатында қолданылады. Алдымен
жаттығуды жақсы игерген балаларға баға қойылады.
Қорытында баға топтағы барлық балалара белгіленген мерзімде қойылады. Әдетте үй тапсырмасы сабақтың бас кезінде тексеріледі. Сабақтың дайындық бөліміне дайындаған сияқты . Мысалы : балалар қарама-қарсы екі қатарға тұрғызылады, бірінші қатардағы балалар тапсырманы орындайды да екінші қатардағылар оларды тексеріп бағалайды.
Балалардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмалар жеңілдетіліп немесе күрделілендіріп беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру әдістері: Жан-жақты таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, кейбір акробатикалық жаттығулар және қозғалыс сапасын дамытатын еркін жаттығулар тексеріледі.
Іріктемелі — сабақ үстінде, оның барысын тоқтатпай, балалардың жіберген қателері және жетістіктерін көрсететін немесе жеке балаларды бақылауға алу арқылы өткізіледі.
Тексерудің түрлері. Жұптардағы әр бала өз әріптестерінін ұй тапсырмасын қалай орындағанын бақылауды, қалғандары оны бағалайды; бір бала немесе балалар тобын топ ағасы немесе денешынықтыруды ұйымдастырушысы тексереді.
І-ІІ топтарда бақылау жұмыстарына балабақшатопбасшылары, ата-аналар комитеті, денешынықтыру тәрбиешілері, т.б. қоғамдық ұжымдар жұмылдырылады. Ата -аналар жиналысында балалардың үй тапсырмасын орындауында, тазалық-гигиенасын сақтауына, ез бетінше шұғылдануына, күн режимін орындауына қойылатын талаптар туралы түсініктеме беріледі.
Тәжірибе жүзінде үй таасырмасын орындауға арнайы күнделік дәптер пайдалану кең таралған, онда балалар үй тапсырмасының толық мазмұнын көрсетеді. Мысалы : күніне әр бала секірмеден 100-200 рет секіреді, кермеде ұлдар 25 рет тартылады, шалқадан жатып денені кәтеру қыздар 30-35 рет , әр аяқпен кезекпен отырып-тұру 10-15 рет , орында тұрып ұзындыққа секіру 20 рет, орында тұрып екі аяқпен итеріле секіру 30-35 рет, 10-15 минут жұгіреді. Күнделік дәптерде тапсырманың орындалу санымен сапасы көрсетіледі.
Ата-аналар үй тапсырмасын және кұнделікті әрдайым тексеріп, оған қолдарын қояды. Кейбір жаттығулар сабақ үзілістерінде немесе сабақтан кейін орындалады.
Тапсырмалардың орындалу мерзімі Тапсырманың негізгі бағыты қозғалыс сапасын дамытуға байланысты, сондықтан да олардың деңгейін уақытша өзгерту ескеріледі. Икемділіктің жылдамдық, күш-қуат пен төзімділікке қарағанда тезірек өзгеретіні белгілі, сондықтанда тапсырмалардың орындалу мерзімі бір немесе екі жеті, кей жағдайда бір ай, одан да ұзақ бір тоқсан болуы мұмкін. Келесі тапсырмаларды бұрынғы тапсырманы мұқият тексерген соң беру керек.(кесте-З)
Сабақтың тақырыбы: Волейбол алаңында орынды тез өзгерту
Сабақтың мақсаты; Орынды тез өзгертуге үйрету.
Құрал-жабдықтар; доп.
Өткізетін орын және күні
Топ 7°. Өткізген Айтуғанов Ж.Ж.
Оқу жұмысың талдау. Дене тәрбиесі сабағын тексерудің негізгі түрі — сабаққа қатысу. Сабаққа қатысу арқылы тәрбиешінің жұмыс сапасын оның теориялық және методикалық дайындығын, бағдарламаны білуі мен игергенін, іс жүзінде қолдана білуін, сабақты методика бойынша дұрыс өткізетінін анықтап, бағалауға болады.
Дене тәрбиесі сабағында оқу-тәрбие жұмыстарын тексерудің иегізгі әдісі- бақылау.
Сабаққа қатысар алдында тексеруші бағдарламаның және жылдық, тақырыптық жоспар кестесінің мазмұнымен танысады да бағдарламаның бөлімдері, сабақтың нөмірі, өтетін спорт түрінің сағат саны, үйретілетін және жетілдіретін жаттығулар топтамасы көрсетіледі. Тақырыптық жоспар кесте негізінде, сабақтың мазмұндык жоспарын жазады.
Сабаққа қатысып, оны талдауды неден бастау керек ?
1) Тәрбиешінің сабаққа дайындығы, сабақтың жоспары, бағдарламаға сәйкестігі, сабаққа қойылатын мақсаттың дұрыстығы және деректілігі, өткен сабақтармен байланысы, құрылымына сәйкес бөлінуі, сабақтың өтетін орыны және қажетті құрал-жабдықтардың дайындығы анықталады.
2) Топ журналында өткен сабақтардың жазылуы бағдарламаға, жоспар кестеге үйрету, қайталау, жетілдіру , сабақ құрылымының сәйкестігі, өтетін және келесі сабақтың өз ара байланысы қарастырылады. Жаттығулар балалардың шынығу дайындығына қарай топтастырылуы ескеріледі.
3) Тәрбиешінің сабақта алатын орыны оның балалар арасындағы беделіне, сыртқы шшініне, спорттық киімінің сай болуына балалармен қарым-қатынасына, шешімділігіне, өзіне-өзінің сенімділігіне, ұстамдылығына, бұйыруды дұрыс беруіне, спорт атуларын меңгеруіне, білуіне, тіл байлығына, әділеттілігіне дер кезінде балалардың қателіктерін тұзете білуіне, тапсырманың дұрыс орындалуын талап етуіне, орынды ескерту жасау және мадақтауына, сабақта оқу-тәрбие жұмыстарының және алдына қойған мақсатының орындалуына, балаларды әділ бағалауына байланысты.
4) Сабақтың ұйымдастырылуы барысын талдау.
Сабақтың дайындық кіріспе бөлімінде, балалардың сабаққа әзірленген спорттық киімін, оның бар жоқтығын сабаққа қатысуын, ұйымдасқан тұрде келуін, тәртіп сақтау және дер кезінде сапқа тұруын, рапорт беруін, сабақтың мақсатын, міндетін, теория және тәжірбие жүзінде жете түсінуін олардың сабақтың мақсатын орындауға қалай жұмылдыратындығы бақылауға алынады.
Жалпы дамыту және арнайы дайындық жаттығуларының сабақтың негізгі бәлімінде балалардың организіміне тигізетін әсеріне көңіл аударылады.
Сабақтың негізгі бөлімі. Сабақтың бұл бөлімінде тәрбиешінің алдына қойған мақсатын, қандай әдіс-тәсілдермен орындайтының, уақытты қалай пайдаланатынын, балалардың жаттығуларды орындау деңгейіне, жынысына қарай іріктейтіні тексеріледі. Балалардың тыныс алуына, қозғалыс тірегінің қалыптасуына, орындалатын жаттығулардың дұрыс және тиімді орындалуына көңіл аударылады. Жаңа жаттығуларды үйрету
және өткен жаттығуларды жетілдіру мақсатында : дайындық,
жетекші және арнайы жаттығуларды қолдану, жүктемені
балалардың шынығуы деңгейіне және қабілеттілігіне қарай
қолдану-әісіресе денсаулығына байланысты дайындық тобына
жататын балаларды естен шығармау. Сабақта көрнекті құрал-
жабдықтарды пайдалану, түсіндіру, жаттығуларды іс жүзінде
көрсету, көмектесу, қауіпсіздікті сақтау : спорттық құрал-
жабдықтарды дер кезінде пайдалану және дайындау, үлгісіз
жасалған спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану,
балалардың білімі мен дағдысын тексеру бақылауға алынады.
Сабақтың қорытынды бөлімі. Тәрбиешінің балалардың келесі сабаққа қалай дайындалатындығы, би, тыныс алуды қалыптастыру, назар аудару, сапта жұру, жаттығуларының орындалуы, ойындардың әділетті бағалануы, сабақтың қорытындысын дұрыс шығаруды, оның мақсаты мен міндетіің орындалуын дер кезінде аяқталуы ескеріледі.
Сабақты талдау.
Сабаққа қатынасқанда оның оқу мен қозғалыс тығыздығына көңіл аударылады.
Сабақтың қозғалыс тығыздығын анықтау үшін бір немесе бір топ баланың сабақ барысындағы жаттығуларды орындауға кететін уақыты алынады. Бала жаттығуларды орындауға қаншама көп уақыт кетірсе, қозғалыс тығыздығы сонша жоғары болады жаттығуларды орындауға кеткен уақыттың жалпы сабақ уақытына проценттік қатынасы . Сабақтың қозғалыс тығыздығы жалпы уақытының 50% тең болуы керек. Ал кейбір әдісі мол балалардың көрсеткіші 70-75% дейін жетеді.
II. Сабаққа дайындық.
1) Сабақтың мазмұндама жоспарының бар, жоғы және мақсаты.
2) Тәрбиешінің балалардың спорттық киімі және оның сыртқы көрінісі.
3) Сабақтың өтетін орыны, спорттық құрал-жабдықтарды
дайындау, оның тазалық-гигиеналық жағдайын бақылау.
4) Денешынықтыруды ұйымдастырушылар балалар арасынан алдын ала өзіне көмекшілерді дайындау.
5) Сабақтың міндеті мен мақсатының орындалуы
таныстыру, үйрету, қайталау, жетілдіру т.б. Топ
журналына өтілген сабақтың тақырыбын жазу.
III. Сабақтагы оқу- тәрбие жұмыстары .
1) Балалардың оқу жұмысын меңгеру деңгейі
2) Оқудың дидактикалық негіздерін жүзеге асыру.
3) Сабақта қолданылатын оқыту әдістері түсіндіру, көрсету,
көрнекті құралдарды пайдалану, қауіпсіздікті сақтау т.б. .
4) Арнайы жаттығуларды қолдану.
5) Талдауды, қателікті түзетуді және бағалауды жетік білу.
6) Қауіпсіздікті сақтау және оның сапасы, балаларды
қауіпсіздік сақтауға жұмылдыру.
7) Сабақтың тығыздығын бағалау.
8) Тығыздық қисығының өзгеруі. бірте-бірте өсуі, бір
деңгейде тұрып сабақтың соңында төмендеуі .
9) Тәрбиешінің жүктемені реттеу әдістері.
10)Тыныс алу және қозалыс тірегін қалыптастырудағы қамқорлык.
11)Сабақтағы тәрбие жұмыстары балалардың жағымды және жағымсыз қылықтарын ескерту. .
12)Балалардың сабаққа деген ынтасы және тәртібі.
13)Балалар арсында тәрбиешінің беделі.
IV Сабақты ұйымдастыру.
1) Сабақтың дер кезінде басталуы және аяқталуы, уақытты сабақтың бөлімдері мен жаттығуларға беле білу, уақытты жаттығуларды қайталауға тиімді бөлу, жаттығуларды дұрыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар беру.
2) Балаларды сабаққа ұйымдастырудың әдістері жан-жақты топтармен, жеке-жеке, айналымы .
3) Сабақ өтетін орындарды, құрал-жабдықтарды тиімді
пайдалану және балаларды дұрыс орналастыру.
4) Белсенді балалардың сабақтағы іс-шаралары топтарды
басқару, қауіпсіздік сақтау, жаттығуларды көрсету, бірін
бірі үйрету, бір біріне көмектесу, сабақ өтетін орындарды
дайындау және құрал-жабдықтарды жинау т.б. .
V. Ой-пікір қорытындысы
Жоспарды орындау бағдарламаның бөлімдерін , қойылған мақсатқа жету, балалардың сабақта алған білімдері мен қабілеттілігінің сапасы, онын жетістіктері мен кемшіліктері. Сабақтың жетістіктерін орынықтыру және жетілдіру, кемшілктерін жою шараларын карастыру.
Оқытушының теориялық және әдістемелік деңгейі, оқу жұмысын білуі, сабақ жургізу әдістері, өткен сабақтардың мазмұнымен байланыстыруы, жаттығулар мен ойындардың топ бағдарламасына сәйкестігі, дәрігерлік дайындық топтағы балалармен арнайы жұмыс жүргізу. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мектептің барлық педагогқызметкерлерінің міндеті- дене шынықтыру мақсаты, міндеттері, мазмұны, жұмыс түрлері жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және белсенді дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.
Мектеп директорының жауапкершілігі:
— мектептегі дене шынықтыру сабағын оқытуды дұрыс жолға қою, мектептен тыс жұмыс формаларын ұйымдастыру, дәрігерлік топтардың жұмысын қадағалау;
— мектеп оқушыларымен арнайы дірігерлік топтар жұмысын ұйымдастыруу, мектепте дене шынықтыру жөнінен сабақ өткізуге қажетті жағдай жасау,жабдықтау, мектептің ішінен арнайы орын бөлу.
— Дене шынықтыруды оқуға және сыныптан тыс жұмыс жұмыс түрлеріне қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;
— дене шынықтыруға арналған жұмыстың жүйелі түрде орындалуына қадағалау, мұғалімнің өткізген сабақтарына қатысу;
— дене шынықтыруға арналған оқу және сыныптан тыс жұмыс түрлері жоспарының орындалуын тексеру, бекіту;
— мектептегі жалпы педагогикалық қауымның, арнайы мұғалімдердің білімдерін көтеріп отыру;
— денен шынықтыру жөніндегі жұмыстарды мектептің педагогикалық кеңесінің жоспарына кіргізу және талдау.
Дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыруды бастауыш мектеп мұғалімдері атқарады. Бастауыш мектеп мұғалімдері оқу жоспары бойынша бекіткен оқу кестесінің орындалуына, ұйымдастырылуына толық жауап береді.
Бастауыш мектеп мұғалімдері:
— жас ерекшеліктеріне қарай дене тәрбиесі жөнінен оқу бағдарламасын толық орындауға, сабақта жоғары сапамен қамтамасыз етуге;
— дәрігерлермен бірігіп оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізуге;
сабақ өткізілетін орындағы санитарлық-гигиеналық жағдайлардың дұрыс болуын қадағалауға;
— дене шынықтыру жаттығуларымен айналасу барысында оқушылардан арнайы спорт киімдерін талап етуге;
— дене тәрбиесі жөнінен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыруға,өткізуге қатысуға, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға;
— дене шынықтыру жөнінен үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға міндетті.
өз білімін жетілдіріп отыру үшін мұғалім үнемі озық тәжірибелермен алмасып, өзара сабаққа қатысады.
2.2 Сабақты тиімділігін хронометриялың әдіспен анықтау.
Сабақтың жалпы және моторлық тығыздығын анықтау мақсатында хронометриялык әдіс қолданылады. Бұл әдістің тиімділгі сабақтың бөлімдеріне уақытты дұрыс бөлу, оның педагогикалық көзқараста тереңдетіп және дұрыс талдау .
Сабақты хронометриялауға қажетті материалдар :
— хронометриялаудың мә жіліс хаты;
— жалпы және моторлық тығыздықты анықтау есебі процент бойынша;
-сабақ тығыздығының тақырыптық талдауы.
Сабақтық алдында ол жайында мәлімет береді. Мәжіліс хатта сабақтың барысы жазылады.
Сабақты хронометриялау екі графаға жазылады: бірінші графада сабақтың мазмұны, ал екінші графада секундомер көрсеткіштері жазылады. Барлық көрсеткіштер сабақтын соңында есептелінеді.
Дене тәрбиесі сабағының хронометрияландыруының мәжілісхаты.
Сабақтың N топ балабақшаның N өтетін
уақыты ___ өтетін орыны _____ сабақты өткізген
тәрбиешінің аты, жөні___ _——————— _______
Сабақтың мақсаты:
бала, қатысып отырғаны
_____________________ бақылауға алынған
балалардың аты, жөні.
Хронометрияны өткізген адамның аты, жөні
Әрекет түрлері графасында сабақ мазмұны жазылады графада әрбір қимыл-әрекет түрінің аяқталу уақыты секундомер бойынша белгіленеді. Хаттамада жаттығушылардыбарлық әрекеттері (жаттығуларды орындау, бақылау т.б.) олардың нәтижелілігіне байланысты, мақсатқа сәйкес (+белгіс бар графада) және мақсатқа сәйкес емес (-белгісі бар графада) депбелгіленеді. Әрбір әрекетке жұмсаған уақыт секундомер бойынша2-графада белгіленген алдыңғы көрсеткіштің уақытынан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан кейінгі барлық графадағы уақыт қосылады да, сол арқылы сабақтың жалпы және қозғалушы тығыздығы анықталады Сабақ тығыздығы барлық әрекет түріне, мақсатқа сәйкес жұмсалынған
Қан қысымын өлшеу арқылы сабақтың тығыздығын, балалардың жүктемесін және дем алу сәттерін, уақытты сабақтың бөлімдерінде дұрыс бөліну реттері анықтылады.
Қан қысымын өлшеу арқылы талдау, балалардың жүктемесін және сабақтың тығыздығын дұрыс анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымының өзгеруіне қарай балалардың бұлшық етеріне түскен күш анықталып, бағаланады.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі баланың қан Қысымын өлшеу керек.
Қан қысымы сабақтың алдында, 10 сек. Соғуы «Х» 1 мин. Нәтижесі дайныдық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларынан, негізігі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.
Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуынын графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.
Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кейін жүректің соғу қысымы 40-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.
Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.
Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтсріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.
Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек.
Жүрек соғуы балалардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин, уақытта бастапқы қалыпқа келеді.
Дене тәрбиесі тәрбиешііне қажетті құжаттар : -бұйрықтар журналы;
І-ХІ топ балаларының дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы;
— арнайы дәрігерлік топтағы балалардың бағдарламасы;
— балабақшабалалары дене тәрбиесінің ережесі; -әдістемелік оқу құралдары;
— дене тәрбиесі пэніне қажетті күнделікті шығатын баспа материалдары — -оқыту жоспары мен жылдық сабақ кестесі; -спорт үйірме жұмыстарының журналы ; -уақытша дене тәрбиесі сабағынан босагылған және денсаулығына байланысты арнайы дәрігерлік топтағы балалардың тізімі;
-БЖСМ де спортпен шұғылданатын балалардың тізімі;
-қауіпсіздікті сақтау туралы;
-балаларды қауіпсіздікгі сақтау ережесін өткендігі туралы қол қойған журналы;
-балабақшаспартакиадасының ережесі;
-спорт шараларын ұйымдастыратын белсенді балалардын тізімі;
-3 жылға статистикалық есеп баяндамасы ;
-денсаулық күнін өткізудің жоспары .
Дененің даму деңгейін анықтау
Тест ағылшын тілінде «Анықтау, бақылау, зерттеу»- деген береді.
Балалардың даму деңгейін анықтау үшін және дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру мақсатында олардың «даму деңгейін анықтау тест жұмыстары жүргізіледі. Балалардың шынығуы деңгейін анықтау үшін жылына 2 рет 30-30 м жүгіру, орында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру, кермеде тартылу ұлдар , доп лақтыру, арқанға өрмелеу, шалқадан жатып денені көтеру қыздар , т.б. бақылау мөлшерінің нәтижесін қабылдау жұмысы жүргізіліп, арнайы дәптерге жазылады. Бұл нәтижелер жыл сайын ісінің қаншалықты өскені немесе кемігені анықталып, ата-аналар жиналысында және тәрбиешілер кеңесінде талқыланады.
Балабақшада әскерге дейінгі жасөспірімдерге дене шынығу дайындығына, көп көңіл аударылады. Бұл жұмыстың ойдағыдай жүргізілуіне барлық балабақша қызметкерлері, ата-аналар және әскери комиссиариаттар бірлесіп қадағалайды.
Арнайы дәрілерлік топ.
Балабақшабалалары жылына 2 рет дәрігерлік бақылаудан етеді, жыл басында қыркүйек-қазан және жыл аяғъшда көкек-мамыр өткізіледі
Жыл аяғындағы дәрігерлік бақылаудан кейін, балалар негізгі , дайындык, және арнайы топтарға бөлініп, жаңа оқу жылынан бастап дене тәрбиесі сабағымен айналысады. Дәрігердің анықтамасы бойынша балабақшадиректоры әр баланың дәрігерлік тобына қарай тһім жазып, бұйрық шығарады. Бұйрықта дәрігер анықтаған аурудың түрі, сабақтың өтетін орыны, уақыты, сабақты өткізетін тәрбиеші көрсетіледі. Балалардың бір дәрігерлік топтан басқа дәрігерлік топқа ауыстырылуы дәрігерлік бақылаудан соң шешіледі, ол балабақша директорыының бұйрығымен бекітіледі.
Арнайы дәрігерлік топқа жататын балалар жыл бойы дәрігерлік бақылаудан өткізіледі. Арнайы дәрігерлік топтағыларға дене тәрбиесі сабағы балабақшада ұйымдастырылып өткізіледі. Бүндай сабақтар балабақша кестесінде жетісіне 25 минуттен 2 рет немесе 30 минуттен 3 рет сабақтың алдында немесе соқында өткізіледі. Дене тәрбиесімен айналысу үшін топтар 12-15 баладан құрылады. Мүмкіншілігіне қарай дәрігерлік топтар балаларды ауруына, топтарына қарай құрылады. Мысалы : 1-2, 3-4 , 5-8 , 9-11 . Егер топқа балалар саны толмай қалса онда 1-4, 5-8, 9-11- сыньга балаларын біріктіріп, топтарды құруға болады. Бұл топтарда дене тәрбиесі сабақтары балаларды жеке түлғаның денсаулығын қарай үқыпты түрде еткізіледі. Бала санына байланысты бірнеше жақын орналасқан балабақшабалаларын топтастыруға болады. Арнайы дәрігерлік топтарындағы оқущылармен дене тәрбиесі сабағы міндетті түрде өткізіледі, оған жауапты адамдар дене тәрбиесінің тәрбиеші,топ жеткешілері, ата-аналар қатысады.
2.3 Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық шаралар
Балабақшада өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт шараларының негізгі түрлері: Денсаулык және спорт күндері.
Денсаулық және спорт күндерін өткізу балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына жазылып, оның өтетін уақыты көрсетіледі.
Денсаулық және спорт күндері тоқсанына 1 рет сабақтан босатылып, ал айына бір рет сабақтан тыс уақытта немесе каникул кезінде міндетті түрде өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері мектепке дейінгі топтарда 2-3 сағат, 5-8- топтарда 3-4 сағат, жоғары топтарда 4-5 сағат шамасында откізіледі. Жарыстардың өтетін уақыты жергілікті ауа райына, балабақшаның мүліктік қорына, тұрғылықты халықтын әдет-ғұрпына т.б. байланысты белгіленеді. Денсаулық және спорт күндерін 1-4, 5-8 9-11- топтарда бөлек немесе барлығын бір күнде өткізуге болады. Командаларды басқаруға, төрешілікке барлық педагогикалык ұжым, ата-аналар т.б. жұмылдырылады. Жарыс бағдарламасына әр түрлі спорттық қозғалмалы ойындарды, жаяу, шаңғы саяхаттарын, жарысқа шық жас ұлан, жүгіру, секіру, лақтыру күндерін, эстафеталарды шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауды кіргізуге болады.
Жарысты ойдағыдай өткізу үшін қажетті құрал жабдықтарды, — төрешілерді, нұсқаушыларды, үгіт-насихат жұмыстарын, өтетін орындарын, алдыңғы қатарлы спортшыларды марапаттау жұмыстары алдын-ала дайындалады. Денсаулық және спорт күні балабақшадағы ең бір үлкен мейрам болып саналады, сондықтан салтанатты түрде ашылады, оған атақты спортшылар шақырылып, олардың өнері көрсетілед. Жарыстың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталады. Жарыстың басталуы және қорытындысы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, балаларға радио арқылы хабарланады. Ұйымдастыру жұмыстарын балабақша директоры, онын орынбасарлары және дене тәрбиесінің тәрбиешілері басқарады. Балалардың жарысқа қатысуын топ жетекшілері, бастауыш топтың тәрбиешілерімен басқа да балабақша қызметкерлері төрешілікке қатыстырылады.
Дене тәрбиесі тәрбиешіі сабағынан уақытша босатылған балалар мерекеге міндетті түрде қатысып, төрешілерге мүмкіндігінше көмектеседі, бірақ олар жарыстардан және жорықтардан босатылады.
Денсаулық күнінің негізі оның бұқаралығында, сондықтан мерекелерге барлық балалар қамтылады. Денсаулық және спорт күндерін театр, кино, көрме т.б. кездесулерге пайдалануға тыйым салынады.
Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны.
І тоқсанда. Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Орта топтарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және үлкен топтарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяқаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. ұлттық ойындар өткізіледі.
II тоқсан — қараша-желтоқсан . Аймақтардағы ауа райы және
балабақшадардің мүліктік қорына байланысты гимнатикалық
эстафеталар жаяу жәве шаңғы жорықтары , бір орында тұрып
ұзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу,
нығыздаған доп лақтыру сияқты залда ұйымдастырып,
жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысы шығару
балабақша қауымының міндеті.
III тоқсан — қаңтар — ақпан . Бұл мерзімде жарыстар негізінен спорттың қысқы түрінен өткізіледі 1-2- топтарда алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен шанамен сырғанаудан топ аралық, жекешілік жарыстар өтізілсе, 3-4- топтарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі. Жоғары топтарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін балабақша балаларының дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген.
Жарыстар наурыз айында өткізілсе, ауа райының қолайлығына байланысты ойындарды таза ауада өткізуге болады. Жарыс бағдарламасына шаңғы, коньки, хоккей, төбешіктен шанамен сырғанау, спорттық және қозғалмалы ойындарды енгізуге болады. Ойындар мен эстафеталардың әр түрлері үсынылады.
Спорттық жарыстар.
Спорттық жарыстардың негізі жеңіл атлетикалық көп сайыстардан, дала жарысынан, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, асық, ат, бес тас, күрес эстафеталарымен қоса ережесі бар қозғалмалы ойындардан, шаңғы, коньки жарыстарынан тұрады. Бұл ойындар мен спорт түрлері балабақшаның мүліктік қорына, үлт ерекшелігіне, т;үрғылықты халықтың әдет — ғүрпына байланысты жоспарланып, алдын-ала тәрбиешілер кеңесінде бекітіледі-Жарыстар І- топтарда 2-2,5с. ІІ топтарда 3-3,5с. жоғары топтарда 4 сағат шамасында еткізіледі. Жарыска қатысатын әр баланың дәрігерден алған рүқсат қағазы, жарыска дайындығы алдын-ала төрешілер комиссиясы анықтайды-Спорттық киімі жоқ балалар жарысқа қатыстырылмайды Туристік жорықтар.
Төменгі сынын балалары үшін бір күндік жорықтар 3-4 щақырым қашыктыққа өткізілсе,10-11 жастағы балаларға 6 шақырым қашықтыққа бір күндік жаяу жорықтар ұйымдастырылады. 12-14 және 15-17 жастағы балаларға 12-15 ишқырымға 2-3 күндік жорықтарға шығуға рүқсат етіледі. Жорықтыц қай түрі болмасын оған мұқият дайындалу қажет, балалардың киімімен, иыққап, ыдыс-аяғын, дәрі-дәрмегін, тамағын жорық басқарушылары алдын ала тексереді. Жорықта дәрігер, жорық кескіндемесі және бағдар жоспары міндетті түрде болады. Бұл құжаттар балабақша директорының мөрімен бекітіледі.
Жорыққа шығар алдында онық бағдарламасын тәрбиешілер кеңесінде, ата-аналардың қатысуымен талқыланып, балабақша бойынша бұйрық шығарылады. Онда жауапты адамдардың аты, жөні, тұратын мекен — жайы, үйінің телефон нөмері көрсетіледі. Жорықтан қайтқан соң, оған жауапты адамдар тәрбиешілер кеңесімен ата-аналар алдында есепті баяндама жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылайды. 2-3 күндік жорықтарга ата-аналарлардың қатысуына болады. Жорық кезінде шынығу деңгейі төмен балаларға жетекшілер айрықша көңіл аударады. Жорықта ауыру сырқауға душар болған балаларға бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды жақын жердегі ауруханаға немесе үйлеріне қайтарылады.
Спорт мейрамдары.
Мейрамдар топтар арасында немесе бір мезгілде барлық балабақша балаларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізіледі.
Мейрам «Қыз сыны «, «Жігіт сыны » жарыстарына ұқсас, гимнастикалық орындаулар, құрал-жабдықтармен және еркін орындалатын гимнастикалық жаттығулардан басталады.
Пирамидалар орындалып, спорттық қозғалмалы, ұлттық ойындармен жеңіл атлетика түрлері, дала жарысы және әскери қолданбалы түрлерінен өткізіледі.
Мейрамдардың негізгі мақсаты : балалардың шынығу дайындығын анықтау, үгіт — насихат жұмысын жүргізу. Жарыс қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
2.4 Балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық
Мазмұнының ерекшеліктері
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны
Мақсаты: баланың дене күшінің сапасы мен қозғалыс белсенділігін арттыру. Денсаулық сақтау құзіреттілігін меңгерген, өз денсаулығын жете түсініп қарайтын және салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
— дене шынықтыру;
Дене шынықтыру
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
— жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тосып алу, еңбектеу және өрмелеудегі негізгі қимыл түрлерін орындау іскерліктерін жетілдіру;
— ұйымшылдыққа, дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен өзара достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, икемділікке, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа үйрету, тепе-теңдік қалпын сақтау іскерліктерін меңгерту;
— барлығы бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету;
— денесін дұрыс ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтау дағдысы мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру;
— спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру;
— белсенді қимыл-қозғалыс (қимылдың қосымша түрлерін соның ішінде емдік-сауықтыру бағытындағы қимыл әрекеттерін енгізу, өз еркімен қимыл-қозғалыс жасау үшін күн тәртібінен уақыт бөліп, мүмкіншілік жасау) уақытын ұлғайту;
— әр халықтың қимылды ойындарына, сабақтағы спорттық құрал-жабдықтарды қолдануға қызығушылықтарын арттыру;
— түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әр түрлі қимыл әрекеттерін дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар
Жүру:
— аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі жағымен;
— қолды әртүрлі жағдайда қойып адымдап және тыпырлап жүру;
— аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа, оңға, солға);
— сапта қарқынды өзгертіп шеңбер бойымен, бағытпен;
— басқа қимылдармен алмастырып жүру.
Жүгіру:
— жұптасып және бір қатармен;
— аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап, тыпырлап;
— бағытты өзгерте отырып;
— сызық арасы арқылы жіңішке жолмен;
— бір қатарға қойылған заттардың арасынан жыланша ирелеңдеп жүгіру;
— ұстап алу арқылы;
— жылдам, тоқтамай баяу қарқынмен (1-1,5 мин);
— орташа жылдамдықпен (арақашықтығы 40-50 метр);
— оралып жүгіру 3 рет 10-20 метрден (жылдың соңында 5,5-6 секунд);
— жүрумен алмастыра (40-60 метр) жүгіру.
Секіру:
— аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісі – артқа қойып, бір орында тұрып жоғары;
— бір орында тұрып оңға, солға бұрылып;
— айналып;
— бір орында тұрып 20 рет, қос аяқтап (тоқтап және жүрумен алмастырып 2-3 рет қайталау);
— арақашықтығы 2-3 метрге дейін алға қарай жылжып қос аяқтап секіру;
— 4-6 сызықтан (арақашықтығы 40-50 см) бір орында тұрып ұзындыққа секіру;
— шеңберден шеңберге секіру;
— биіктігі 20-30 см болатын тереңдікке;
— биіктігі 5-10 см болатын 2-3 заттар арқылы тізбектеліп секіру;
— бір орында оң және сол аяқпен кезектестіріп;
— 70 см-ден кем емес бір орында тұрып ұзындыққа;
— қысқа секіртпемен.
Лақтыру, қағып алу, домалату:
— допты, шарды бір-біріне таяқшалар, жіптер, сызықтар арасынан бір затқа тигізе отырып лақтыру;
— еркін бағытқа құрсауды домалату;
— допты жоғары лақтырып, қағып алу;
— допты еденге ұрып, қағып алу (қатарынан 3-4 рет);
— допты кеудеден қос қолмен бір-біріне лақтыру;
— отырып және тұрып допты төменнен, басынан асыра бір-біріне лақтыру;
— допты қос қолмен еденге ұру;
— допты оң және сол қолмен еденге ұру;
— затты тігінен және көлденеңінен дәлдеп 1,5-2 м арақашықтықта оң, сол қолмен лақтыру;
— допты қабырғаға ұрып, қағып алу.
Еңбектеу және өрмелеу:
— 6-8 метр арақашықтыққа төрт тағандап еңбектеу;
— биіктігі 40 см арқанның, доғаның, таяқтың астынан еңбектеу;
— заттар арасынан алақан мен табанға сүйене отырып еңбектеу;
— тіке және қырынан еңбектеу;
— орындық астынан ішпен еңбектеу;
— көлденең, еңкіш тақтай және орындық үстімен қолымен тартылу арқылы еңбектеу;
— бөрене үстімен еңбектеу;
— көлбеу сатының жиегінен ұстап өрмелеу;
— еденде бір қырымен тұрған сатының тақтайшаларының арасымен өрмелеу;
— гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеп, төмен қарай қадаммен түсу;
— аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы оңға, солға;
— бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау.
Тепе-теңдікті сақтау:
— жүгіру барысында тоқтап, бағытты өзгертіп, ары қарай жүгіруді жалғастыру;
— тура және шеңбер бойымен, иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру;
— басына қапшық (салмағы 400 грамм) қойып жіптің бойымен жүру;
— қабырғалы тақтай бойымен жүру;
— гимнастикалық орындық үстіне қойылған кубиктерді аттап, сатының тақтайшалары арқылы жүру;
— көлбеу қойылған тақтайдың үстімен қолды түрлі жағдайда қойып жоғары-төмен түсу;
— көлденең және еңкіш бөрене бойымен тура және қырынан жүру;
— алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналу (қол белде).
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:
— өз еріктерімен сапқа бір қатармен тұру;
— көп емес топпен, екеуден, үшеуден және барлық топпен шеңбер болып, сап түзеп тұру;
— сап түзеу және шашырау;
-бағытқа қарап түзеліп, тізбектеліп тұру;
— оңға, солға, айнала бұрылу.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар
Музыка әуеніне қарай әртүрлі қимылдарды, түрлі ырғақпен орындау: ырғақты жүру, жеңіл жүгіру, тез және ырғақпен секіру, шыр айналу.
Жәй, ырғақты отырып-тұру жаттығуларын жасау.
Ұлттық би элементтерін орындау, аяқтың ұшымен тұру.
Бір аяқпен жеңіл, әдемі қозғалыс жасап секіру.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.
Қолды алма-кезек алға — жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Таяқты, құрсауды жоғары көтеру, иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға өкшемен, сонан кейін ұшымен қою, 3 рет тапылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ ұшын айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу (жұлқып және бір қалыпты).
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және көтеру. Екі қол белде, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Бір аяқты алға түзулеп көтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеріп, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Жүрелеп тұрып, арқаны төмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге және жаза отырып, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтеру, төмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау. Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай шырша (тура және қиғаш) сияқты аттап төбешікке шығу.
Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.
Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде (аяқты көлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.
Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;
Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет;
Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.
Мақсаты: балабақшаға дейінгі кіші жастағы балалардың валеологиялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын меңгеруге бейімдеу.
Міндеттері:
— өзінің денесі мен денсаулығына, ағзасына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру;
— мәдени-гигиеналық дағдылары мен салауатты өмір салты дағдыларын жетілдіру;
— қоршаған ортада өзін-өзі ұстау қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Мазмұны:
Салауатты өмір салты
Өз-өзіне қарау дағдыларын (ауа райына байланысты киіну, жуыну, тарану, бет орамал қолдану, киіміндегі кемшіліктерді жөндеу), дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу дағдыларын, еңбек пен демалысты кезектестіре білу дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Өз еріктерімен гигиеналық шараларды орындау дағдыларын бекіту.
Бала ағзасын шынықтыру мақсатында іс-шаралар өткізу, әр түрлі шынықтыру шараларын (беті, қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, салқын сумен аузын шаю, аяқ-қолына су құю) жүзеге асыру.
Күн тәртібіне байланысты күнделікті балалардың таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ауа райына байланысты киінуге, үнемі серуендеуге, жаттығулармен айналысуға, күн тәртібін бұзбауға үйрету.
Гимнастика мен сылау (массаж) шараларын (таңертеңгілік, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, көзге, тіске арналған гимнастика және тіс жиегіне, қол мен табанға арналған сылау, нүктелі сылау) жүргізу.
Табиғат жағдайында адамдардың әрекеттерімен байланысты (көзге бөгде заттардың түсуінен қорғану, құлап қалу, жарақаттанудан сақтану, таныс емес адамдармен кездескенде сақтық жасау, өзіне таныс емес саңырауқұлақ пен жемістерді жемеу, таныс емес жануарлармен байланысқа түспеу, таныс емес сұйықтықтың дәмін татып көрмеу) өзін-өзі ұстау қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.
Қиын жағдайларда бір-біріне көмек көрсету тәсілдерімен таныстыру.
Бағдаршаммен, көшедегі жол белгілерімен (жолаушы бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы), жолда жүру ережелерімен (жолдан қай жерден және қалай өту) таныстыру.
Мәдени-гигиеналық шаралар
Жеке басының тазалығы мен салауатты өмір салты туралы жалпы білімдері мен ұғымдарын кеңейтіп, балалардың дағдыларын жетілдіру.
Дене тазалығын сақтау (көшеден келгеннен соң, дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында қолын жуу, күнделікті жуыну, тісін тазалау, ұқыпты киіну, тарану), өз еркімен киіміндегі, шашындағы кемшіліктерді жөндеу және сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлерді таза ұстау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру.
Балаларды үстел басында ыңғайлы, дұрыс қалыпты сақтап, асхана құралдарын, орамалды қолдануға үйрету.
Тамақтанудың мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлердің тазалығын қадағалау, киімдері мен ойыншықтарын, кітаптарын өз орындарына жинау сияқты пайдалы
дағдыларын жетілдіру.
Өзінің және өзгенің заттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу
Қорытынды
Қорыта айтқанда тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады. Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат санына байланысты құрастырылады .
1) Сабақтың жылдық жоспары.
2) Күнтізбелік жоспар.
3) Сабақтың мазмұндама жоспары.
4) Сынақ алу құжаттары.
Нәрістелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрістелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретіменн орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.
Мектепке дейінгі баалалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).
Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин., Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Аммарин Б. А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі М. 1999.
2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. — М., ФиС, 1978
3. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.
4. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.
5. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
6. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы
бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. 26. 7. 7. Дене тәрбиесі институттарынға арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1, 2тарау.
8. Ұ.Б. Мұхамеджанова Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі Астана 2004ж
С. Қайжанов Дене тәрбиесі 5-6 сынып. Алматы 2001ж
9 Б. Төтенов Қазақ спорт ойындары Алматы 1990ж.
10. Ж. Қабланов Спорт теминдерінің сөздігі мен тарихы Алматы 2002ж
11. Сағындықов Е. Қазақтың ұлтттық ойындары Алматы Рауан 1991ж
12 Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы 1997ж.
13. Ұ. Ж. Мұхаммеджанова Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесінің методиксын пайдалану жолдары Астана 2007.
14.Т. Таймбетов Дене тәрбиесі жаттығулары сабағындағы жалпы дамыту жаттығулар және терминология . 2009ж.
15. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы Президснтінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
16. Тілеулов Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі Шымкент 2003ж
17. Ә. Ж. Тілеулов Спорт құрлымдары Шымкент 2004.
18. Осокина Т.И. Бала-бақшадағы дене тәрбиесі. -М.,1973
19. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейІнгі балалардың дене тәрбиесІ. М.,
1976
20. И.Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негізі.
22.М.,Фис, 1972 12. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев Л.П. редакциясы бойынша. -М, ФиС, 1983 25.
23. Понамарев Н.И. Дене тәрбиесінің элуметтік қызметі. -М., ФиС. 1974
24. 1980,-31-41. 18.Гриченко М.Ф., Саноян Г.Г. Еңбек, денсаулық, дене тәрбиесі. -М., ФиС,1974 19.