Әдіснамалық талдау кезінде маңызды ерекшелігінің бірі, тиімді шешуі – ол оның біртұтастылығы. Бұл сапалық деңгей оның әдіснамалық талдау деңгейінің диалектикалық бірлігі–философиялығы, жалпығылымилығы және жеке ғылымилығы — біртұтастылық талдау дейміз (бірлік, түрлі компоненттерінің байланысы). Бүтінділік, біртұтастылық – барлық әдіснамалық талдау деңгейінің диалктикалық бірлігі, музыкалық білім беру педагогика категориясы мен мәселесінің біртұтас жүйесі, әртүрлі компоненттерінің әрекет қатынасы.
Мысалы, сабақ – музыкалық білім беру жүйесінің бірі, ол психологиялық – дидактикалық сипаты арқылы процестің нақтылығы.
Сондықтан берілген талдаудың заңдылығы философиялық және жалпы педагогикалық тұрғыда қарастыру емес, ол музыкалық ғылым, қазіргі жағдайда әрбір ғылыми пәні жай ғана сала емес, ол көзқарас: бүтіндік көзқарасының жан-жақтылығы, ерекше мәселесінің көзқарасы .
Философиялығы, жалпығылымилығы және жеке ғылымилығының деңгейі әдіснамалық талдауының маңызды принципі болып табылады. Бірлік функциясының маңыздылығы – музыкалық – педагогикалық мәселені әдіснамалық талдау бірізділік бағытында шешуі, оның музыкалық білім беру ерекшелігінде, педагог–музыкантты дайындау барысында.
Осы принципті қолдана отыра талдаудың шыңына жету, мәселені шешуі, музыкалық — білімділік және музыкалық — педагогикалық процестің байланысы мен қатынасы болып табылады.
Г.Г.Нейгауза тұлғалығы музыкант ретінде, педагог — музыкант, жан-жақты әрекетін Я.И.Мильштейн былай дейді: Нейгауз — өйшыл суретші. Көркемдік, психологиялық, философиялық тұрғыда талқылауға талпынады . Диалектиканың шыны, — жазады ол, — ақиқат ортасында екенін үйретеді: автор мен оқушының арасында жақсы мұғалім болса, автордың ойына, сезіміне терең кіріссе, ол мақсатты шешуші болып табылады . Музыканы талдау кезінде орындаушы уақытша жанды музыканы ұсақ-ұсақ молекула мен атомға бөліп тастайды және де өңдеу барысында қайта музыкалық организмнің жанды мүшесі бола алады .
Е.В.Николаева өзінің зерттеу жұмыстарында келесі жаңашылдықтарды ұсынады: әдіснамалық позициядан қарағанда көңілден шығатын кезең жаңа үш теориялық зерттеу әдісін ұсынады: интонациялық (дыбыс ырғақтылық), парадигмалды – педагогикалық және өркениеттілік.
Интонациялық (дыбыс ырғақ) әдістің маңызы – отандық музыкалық білім беру тарихындағы музыкалық өнердің эволюциялық бірізділік жүрісінде өнердің интонациялық мағынасы . Осы кезде музыкалық білім беру компонентінің негізгі классификациялық жүйесі құрылады және де мазмұны мен әрбір ерекшелігі интонациялық талдаудан көрінеді.
Парадигмалды – педагогикалық әдіс – педагог–музыканттың мақсаты пен міндеттеріне, принциптер мен мазмұнына, музыкалық білім беру әдістеріне және формаларына көзқарасының қалыптасуы байқалады. Оның шешімі үш деңгейде болады: отандық музыкалық білім беру тарихының негізгі кезендерінің дамуында; музыкалық білім беру барысындағы әрбіреуі (халықтық, дінилік, ақсүйектік) ізденіс кезеңінде қарастыруы; жеке музыкалық — педагогикалық тұжырымдамаларында.
Өркениеттілік әдісі – отандық музыкалық білім беру тарихын әлем тарихи-педагогикалық процесінің қалыптасуы мен дамуында қарастыру.
Қорыта айтатын болсақ, музыкалық–педагогикалық мәселені әдіснамалық талдау барысында, осы талдау кезекті жақтармен байланыса отыра, берілген талдауды шешуге көмектеседі – логикалық, психологиялық, кәсібилік – оны нақтылайды, мазмұнын бағыттайды.