Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі

Скачать


ЖОСПАР

КІРІСПЕ……3

1.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
1.1 Халықаралық қатынастағы энергетикалық ресурстардың алатын орны…..12
1.2 Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі…..19
1.3 Қазақстандағы энергоресурстарға әлемдік державалардың геосаяси мүдделері…..24

2.ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ РӨЛІ
2.1 Қазақстан мен еуропаодақтың арасындағы энергоресурстық ынтымақтастықтың даму ерекшеліктері….44
2.2 АҚШ пен Қазақстан мемлекеттер арасындағы энерго мемлекеттер арасындағы энергоресурс саласындағы ықпалдастықтың тереңдеуі мен кеңеюі….60
2.3 Шанхай ынтымақтастықтың ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі…75

ҚОРЫТЫНДЫ….96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…99
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ мерзімдік даму жоспарын айқындаған Қазақстан 2030 саяси-стратегиялық бағдарламасының бесінші басымдығы тұтасымен еліміздің энергетикалық ресурстарына арналған.

Онда елбасымыз: Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар…Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз — деп энергетикалық саясаттың Қазақстан эканомикасының дамуына тікелей серпін беретін маңызды қадам екенін атап көрсетті .[5]

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы халыққа арнаған Жолдауында Біздің өскелең экономикамызға электр энергетикалық ресурстарды дамыту мен басқаруға және Қазақстанда атом энергетикасының негіздерін қалауға деген қағидаттық жаңа көзқарастар талап етіледі деп атап өткен болатын.

Бұл бағытта электр энергетикалық ресурстарды дамытудың заңдық негіздерін жасауда Парламентке және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда Үкіметке, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне және басқа да ұйымдар мен ведомстволарға, холдингтерге нақты тапсырмалар берілді.

Президентіміз бастаған әуелі экономика, содан кейін саясат жолымен Қазақстанның қарыштап дамуына серпін берген бірден-бір сала — энергетикалық ресурстарымызды өз ұлттық мүддемізге сай тиімді пайдалана білгеніміздің арқасында мүмкін болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Алайда әр уақыттың өз заманына сай қиыншылықтары мен талаптары болады. Бұл күнде тұрақты даму жолына түскен Қазақстан үшін энергетикалық саясатта жаңа бағыттар мен бастамалар құру қажеттігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.Ол негізгі екі бағытты қамтиды: Біріншісі — экономикалық, екінші – геосаяси бағыт.

Біріншіден, экономикада мамандардың пікіріне қарағанда, көмірсутегі шикізатын тиімді пайдалана білу мәселесі көп жағдайда сол ел үкіметінің іскерлігіне байланысты болып келеді. Өйткені, жер қойнауынан табылған мұнайдың мол қоры осы саланың шикізаттық бағытының жеделдетіле дамуына мүмкіндік ашады да экономикалық қызметтің басқа салаларының тең дәрежеде дамуын бұзады. Осыдан барып көмірсутегі шикізатына тікелей қатысы жоқ салалар зардап шеге бастайды. Әр сала бойынша еңбек ететін адамдардың алып отырған жалақыларында үлкен айырмашылықтар пайда болады. Демек, Үкімет елдің мұнай-газ саласында игеріліп жатқан үлкен байлық көзіне екінші бір сала адамдарының, мәселен ауыл халқының қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Мұны қалай жүзеге асыруға болады?

Екіншіден, жерінен табылған мол шикізат көзі, халықты жеңіл күнкөріс жолына қарай жетектеп, сапалық тұрғыдан дамуына кері әсер етуі де ғажап емес. Мәселен, араб мемлекеттері шылқыған байлық үстінде отырғанымен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жөнінен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен көп төмен жатыр. Мұндай жағдайда халықты да сын тезіне салып, экономиканы да талап дәрежесінде дамытудың қандай жолдары бар? Үкімет міне, осындай күрделі мәселелерге дер кезінде жауап беріп, соған сай әрекет жасауы тиіс.

Шетелдік сарапшылардың деректеріне қарағанда, бірқатар елдердің үкіметтері осындай мәселелермен дер кезінде шұғылданбағандықтан артынан үлкен қиындықтарға ұшыраған екен. Мәселен, әлемдік барланған мұнай қорының 6,3 пайызына иелік еткен Венесуэла елі өз экономикасының жоғарыдағыдай айықпас дертке душар болғандығын 40 жыл бойы ұға алмай келген. Ал Бразилия экономикасы, серпінділік стратегиясы дер кезінде жасалынбағандықтан, дамудың 4 пайыздық қарқынына да төтеп бере алмай, шабандықтың күйін кешкен.

Диссертациялық зерттеудің хронологиялық шеңбері: 2007 жылы Астанаға келіп, мұнай-газ секторына тәуелділікті төмендету жөніндегі конференцияға қатысқан Гарвард университетінің энергетика саясатын зерттеуші экономист-профессорлары Рикардо Хаусманн мен Андрес Веласко Қазақстандықтарды әлемдік энергетикалық ахуалмен таныстырды. Сонымен қатар Ресейлік ғалымдар Владислав В.С. Единое энергетическое пространство Россий, Казахстана и Беларуси еңбегінде аталған үш мемлекеттің энергетикалық саясатының интеграциялануына кең тоқталады. Энергетикалық саясат тақырыбында келелі еңбектер жазған зерттеушілер С.С.Жильцов, И.С.Зонн, А.М.Ушков Геополитика Каспийского региона еңбегінде Каспий аймағының геосаяси статусына жан-жақты баға беріп өткен. Қазақстандық ғалым-зерттеушілерге М.С.Ашимбаев Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых региональных отношений , М.Суюнбаев, А.Мамытова Природные ресурсы как фактор развития Центральной Азии атты еңбектері бар.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі.  Зерттеліп отырған такырыптың тарихнамасын автор проблемалык-хронологиялык әдісі тұрғысынан карастырды.

Мұнайды шикізат күйінде алуға қарағанда, жүзеге асырып, оны өңдеу ісін жолға қоюдың әлдеқайда күрделірек міндет екендігін де мойындауымыз керек. Өйткені, оған тек қаржы инвестициясы ғана емес, білім мен ғылымның, жаңа технологиялардың инвестициясы да қажет болатыны түсінікті. Осы жолда біз әлемдік дамыған мемлекеттердің энергетикалық саясатының озық үлгілерін алып, өзімізге тиімді жолмен қолдану керек.Бұл жолда Кувейт мемлекетін алсақ болады. Бұл мемлекет эканомикасы мұнай мен газ экспорттауға негізделсе де 1997-1998 жылдардағы әлемдік экономикалық кризистен оңай шыға білді. Бүгінгі таңда да әлемдік мұнай бағасының құбылуына экономикасы сыр бермейді.

Норвегиядан үлгі ретінде алынған Ұлтттық қордағы ақшаның біраз бөлігін айналымға салып, іске асырып, пайда әкелетін салаға жұмсаудың жаңа тетіктерін жасау керек.

Мұнай мен газ таусылатын энергия көзі. Қазақстаннның мұнай дәурені 30-40 жылға есептелген. Сондықтан да аталған энергия көздері таусылғанда экономикамыз зардап шекпес үшін, энергетикалық ресурстарымызды экспорттаудан түскен қаржы халық шаруашылығын әртараптандыру бағытына жұмсалуы маңызды.

Екіншісі — геосаяси бағыт. XXI ғасырда халықаралық саясаттың негізі — энергетика мәселесіне қатысты өрши түседі. Энергетика — бүгінгі таңда әлемдік эканомика мен адамзат дамуына негізгі серпін беруші күшке айналып отыр. Әлемде болып жатқан халықаралық қатынастың негізгі объектісі ол – энергетикалық ресурстарды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану. Ирак соғысы, Иран мен Оңтүстік Кореядағы шиеленіскен жағдайлар, Ресей мен Батыс Европа арасындағы газ тасымалы үшін болып жатқан дау-дамай энергетикалық саясаттың жаңа замандағы маңызы мен энергия көздері үшін тартыстың өрши түскендігін анық көрсетіп берді.Алдағы уақытта да бұл тартыс өрши түспек.

Қазақстанның Каспий аймағындағы мол энергия көздеріне әлемдік державалар Ресей, АҚШ, Қытай мен Еуропалық Одақтың өз мүдделері мен ұстанған саясаттары бар.

Американдық тарихнамада 1990-жылдардан қазіргі кезге дейін АҚШ және Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарга елеулі түрде көңіл бөлінген. Батыс сарапшылары өз еңбектерінде аймақтағы Құрама Штаттар саясатын АҚШ стратегиялық мүдделері, Орталық Азияда күштер тепе-тендігін сақтау қажеттігі, тұрактылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығы тұрғысынан қарастырады.

1990-жылдары жарык көрген Г. Фуллердің,  Бжезинскийдің, және

т.б. бірқатар американдық сарапшылардың енбектерінде, негізінен, Орталық Азиядағы АҚШ мүдделері мен саясаты геосаясат тұрғысынан зерттелген. Атап айтканда,  Бжезинскийдің 1997 жылы шыққан кітабында Орталық Азия Еуразиялық Балкандар ретінде қарастырыла отырып, Қазақстанға аймақ қалқаны деген сипаттама берілген. Автор АҚШ-тың басты міндеттерінің қатарына бұл аймактың ресурстарына бакылау орнату қажеттігін атап керсетеді [14].

11-қыркүйек окиғаларынан кейін Орталық Азияда болған өзгерістерге байланысты М.Б. Олкотт, А. Коэн, Р. Легволд, Б. Румер, Ю. Румер, Р. Гирагосян, Р. Макдермотт, Ф. Старр сияқты Батыс зерттеушілерінің еңбектерінде аймақтык кауіпсіздік, аймақ ресурстары, аймақ елдеріндегі ішкі саяси үдерістер сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.

М.Б. Олкотт АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатын либералдық интернационализм тұрғысынан карастырады. Бұл зерттеуші аймақ мемлекеттерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, олардың саяси және әлеуметтік-экономикалык дамуы үшін Америка саясатының ұзақ мерзімді салдарларына айрықша көңіл бөледі. М.Б. Олкотт өзінің Қазақстанға арнаған еңбегінде тек демократияның ғана Қазакстаннын ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетіндігін және Құрама Штаттар жаһандық көшбасшы бола отырып, Қазақстан басшылығының мемлекетті басқару міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауына ықпал етуінің қажеттігін атап керсетеді [14].

Дж. Хопкинс Университетінің Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы Ф. Старрдың2005 жылы шыкқан мақаласында АҚШ-тың стратегиялық мақсаттарына лаңкестікпен күресті, экономикалық және демократиялық институттарды ілгерілетуді жатқызады.

Жалпы алғанда, американдық авторлардың еңбектерін тарихнамалық талдау АҚШ және Қазақстан ынтымактастығы, негізінен, саяси, экономикалык, гуманитарлық салалар бойынша аймақтық тұрғыда карастырылатындығы айқындалды.

Ресей тарихнамасы. Ресей зерттеушілері Орталық Азиядагы АҚШ саясатына аймақтағы Ресей ықпалын шектеуге бағытталғандығы туралы бірыңғай сипаттама береді.

2000 жылдардан бастап шыкқан А.Д. Богатуров, А.В. Малашенко, А.И. Уткин, М.В. Братерский, В.А Кременюк, А.Б. Парканский және т.б. белгілі ресейлік американтанушылар мен сарапшылардың еңбектерінде АҚШ саясатының аймақ және Ресей мен АҚШ карым-қатынастары дамуына ыкпалы талданған. Осылай А.И. Уткиннің еңбегінде АҚШ-тың жаһандық саясатындағы Орталық Азия аймағының рөлі ерекше атап көрсетілген .

Сонымен қатар ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде Каспий теңізінің энергия ресурстарын игерудегі, экспорттық бағдарларды айқындаудағы АҚШ саясаты қарастырылады. Каспий аймағындағы АҚШ стратегиясы С.С. Жильцов, И.С. Зонн және A.M. Ушковтың бірлескен еңбегінде берілген

В. Пластун, Д. Малышева, Г. Старченков арнайы зерттеулерінде АҚШ және Ресей мүдделерінің ары қатынасын, энергия қорларын тасымалдауға байланысты нақты жобаларға аймақ мемлекеттерін тартуға бағытталған американдық дипломатияның жасаған қадамдарын, аймақ мемлекеттеріндегі американдык компаниялар кызметінің проблемаларын ашып қөрсетеді.

Орталық Азиялық тарихнама. 2000 жылдардың басында шыққан Н. Омаров, Л.М. Бондарец, Ф. Толипов, Ф. Хамраев, Ш. Акмалов, Р. Абдулло сияқты Орталық Азия зерттеушілерінің еңбектерінде Орталық Азиядағы АҚШ саясатының эволюциясы және мемлекетаралық ыкпалдастықтың тәжірибесі сарапталған.

Жалпы алганда, Орталық Азиялык сарапшылар еңбектерінде аймақтық кауіпсіздік, аймақтағы ғаламдық деңгейдегі державалардың саясаты, оның ішінде АҚШ-тың демократияландыру мәселелеріне қатысты саясаты көрініс тапқан.

Қазақстандық тарихнама. 1990-жылдардың аяғынан бүгінгі күнге дейінгі Казақстан Республикасы және Ұлы державалар арасындағы ықпалдастықтың нығаюы қазақстандық зерттеулердің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

90-жылдардағы қазакстандық-американдық қарым-қатынастар кешенді түрде Л.М. Иватованын, екі мемлекет байланысының кейбір кырлары Т.А. Түрсынбаевтың, сондай-ақ АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатының негізгі бағыттары Ө. Қасеновтың еңбектерінде қарастырылған.

Қазіргі кезде қауіпсіздік, энергетика, демократияландыру салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері, Орталық Азиядағы АҚШ-тың стратегиясы М.Т. Лаумулиннің Б.Қ. Сұлтановтың, Л.М. Мұзапарованың, Д.Б. Қыдырбекұлының, М. Әшімбаевтың, А.Қ. Нұршаның және т.б. зерттеулерінде талданған. М.Т. Лаумулиннің екі томдык іргелі еңбегінің бірінші томында Орталык Азия және оның айналасындағы геосаяси үдерістер әлемдік саясаттанудағы ой-пікірлер арқылы түсіндірілсе, екінші томында аймақтағы АҚШ саясаты жаһандық, аймақтық және геосаяси контекстіде карастырылған. Д.Б. Қыдырбекұлы өз кезегінде АҚШ саясатының ең басты тірегіне экономикаға, ең алдымен, қысым жасаудың экономикалық құраушысына назар аударады [27].

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясаты кафедрасы АҚШ сыртқы саясатының мәселелерін, оның теориялық және практикалық аспектілерін зерттеумен айналысады. АҚШ-тың сыртқы саясатын зерттеуші жетекші маман профессор Ф.Т. Кукееваның, Орталык Азия қауіпсіздік жүйесінің калыптасуындағы АҚШ рөлі мен ықпалын қарастыратын Ж.О. Ибрашевтың, Қ.Е. Байзакованың, О.Г. Закржевскаяның, К.Н. Мақашеванын, М.Ш. Губайдуллинаның, И.А. Черныхтын  және т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Отандық зерттеушілердің катарында Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытудағы консулдық қызметтің рөлін КХР азаматтары мен қазақ диаспорасының КХР территориясындағы жағдайына байланысты мәселелер М. Есеналиевтың. М.А. Сарсенбаевтың. С. Тұрсыновтың және т.б. еңбектерінде карастырылса. сыртқы карым-катынастың кауіпсіздік мәселелеріне баса назар аудара отырып калыптастыру проблемасы У. Қасеновтың С. Кушкумбаевтың зерттеулерінде терең талданады.

Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуы К. Хафизованың еңбегінде орын алған. Н.Ә. Алдабек еңбектерінде Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық қарым-қатынасының негізі қарастырыла отырып. Шыңжан аймағының. сондай-ақ Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасына терең талдау жасалынған. Жауапты редактор Ж.У. Ибрашеваның жауапкершілігімен жарыққа шыққан Қ.Е. Байзакова, М.Ш. Губайдуллина. К.Н. Макашева. Ә. Енсебаеваның және т.б. зерттеушілердің ұжымдық жинақтарында  сонымен қатар, халықаралық қатынастардағы Қазақстанның орны ШЫҰ. АӨЫСШК. ЕҚЬІҰ және де өзге халыкаралық ұйымдардың Қазақстаннын дипломатиялық қарым-қатынастарына арналған бағдарламалары мен жобалары. жүзеге асырып отырған іс-шаралар мен әрекеттеріне зор көңіл бөлінеді. Н. Мұкаметқанұлының XX ғасырдағы Қытайдың тарихи үрдісіндегі қазақтардың әлеуметтік дамуы  және т.б. енбектерінде автор Қытайда жарық көрген қазақ диаспорасы мен елшілік қызметтеріне арқау болған мәселелерге байланысты деректерге тоқталып, қазіргі көзкарас тұрғысынан зертеулер жүргізген. Сонымен катар. Кытайда жарык көрген өте құнды зерттеулер негізіндегі кұжаттарды алғаш тарихы айналымға енгізген.

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарында да Қытай мен Қазақстан республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар мәселесі қарастырылған. Атап айтқанда Г.М. Смағұлованың диссертациясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде Орталық Азия елдерімен қатар Қытай мемлекетімен экономикалық ынтымақтастықтың қалыптасу мәселелеріне тоқталады.

Ал Т. Тұрсынбаев еңбегінде Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлі, республикалық шетелдермен мәдени мәселелері қарастырылады. Ал, М. Омарованың диссертациясында Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясаты мәселесі қарастырылады. П.Е. Бектұрғанованың Эволюция внешнеполитических принципов Китая в середине XIX — начале XXI вв. атты диссертациясында Қытайдың сыртқы дипломатия тарихындағы Қазақстанмен байланысы мәселесі жөнінде зерттеулер жүргізілген.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатына ұлы державалар мүддесі аясындағы Қазақстан Республикасының  энергетикалық ресурстарына қызығушылығын талдау мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде олардың казіргі заманғы саясатын талдау жатады.

Осы көрсетілген мақсаттардан келесі міндеттер қойылды:

— энергетикалық ресурстардың әлемдік геосаясаттағы орны, халықаралық қатынастағы энергетикалық ресурстардың алатын орнын көрсету

— энергетикалық дипломатияда мемлекеттік рөлін  көрсету;

— Қазақстандағы энергоресурстарға әлемдік державалардың геосаяси мүдделерін көрсету

— Қазақстан мен еуропаодақтың арасындағы энергоресурстық ынтымақтастықтың даму ерекшеліктерін зерттеу

— АҚШ пен Қазақстан мемлекеттер арасындағы энерго мемлекеттер арасындағы энергоресурс саласындағы ықпалдастықтың тереңдеуі мен кеңеюін талдау

— Шанхай ынтымақтастықтың ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесін айқындау

Зерттеу  жұмысының объектісі: Энергетикалық ресурстар кең ауқымды тақырып. Зерттеу жұмысына еліміз үшін маңызды болып табылатын мұнай мен газ байлығы оны әлемдік нарыққа шығарудағы транзиттік жолдар мүмкіндіктеріне тоқталдым. Елбасы Н.Ә. Назарбаев : Мұнай мен газ шығару тек маңызды экономикалық сала емес, тәуелсіздігіміздің символы, болашағымыздың үміті, — деген болатын. Сол аталған байлыққа ие болу мақсатында Қазақстанның геосаяси мүдделерінің іске асыру жолдары қарастырылды.

Энергетика қауіпсіздігі саласындағы саяси акторлармен өзара қатынас біздің республиканың ұлттық қауіпсіздігіне үлкен маңыздылыгын білдіреді. Бүгінгі таңда еліміздің мұнай өндірісі экономикадағы динамикалы түрде дамып жатқан секторына жатады, оған мемлекет ұлттық қауіпсіздіктің бар жүйесін бекіту үшін мәнді үміт атқаруда. Жыл сайынғы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің Қазакстан халқына жолдануында 2007 ж. келесі мәлімдеме айтылды: Қазақстан тұғырын аймақтың, содан соң әлемдік энергетикалық кеңістікте әрі карай бекіту стратегиясын толыққанды әзірлеу уақыты келді [5].

Бұл салада бар саяси тәуекелді талдау республика үшін объективті қажеттілік болып саналады, энергия қорын әлемдік нарықта әлеуметті жетекші өнім беруші және де жаһандық энергетикалық процесстің маңызды қатысушысы ретінде саналады. Бұл салада болатын саяси тәуекелді талдау жаһандық энергетика процесінің маңызды қатысушысы және де әлемдік нарыққа энергия қорының әлеуметті жетекші өнім берушісі ретінде республиканы көрсетеді.

Бұл мәселенің жетекшіліксіз қарастырылуы және де оның Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі үшін маңыздылығы, берілген диссертациялық жүмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Ұлы державалар  геосаяси қызығушылықтың обьектісі ретінде. Қазақстан  аймағы энергетикалық, геостратегиялық жоспарындағы практикалық құндылығы.

Зерттеудің пәні ретінде қазіргі заман энергетика қауіпсізідігінің катерінінің күшейуі негізінде Ұлы державалардың  Қазақстандағы сыртқы саяси стратегиясының жүйелендіру мен талдау және де көрсетілген факторлар кенішінде Қазақстан Республикасының үлтгық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралын жетілдіру қажеттілігі қарастырылады.

Зерттеу жұмысының негізгі деректердың көзі. Диссертациялық жұмыста қойылған міндеттерге жету үшін кең көлемді мәліметтер көзі қолданылды.

Деректердің бірінші тобына зерттеудің нормалы негізі ретінде заң шығарушы бағдарлама түріндегі құжаттар қолданылды. Автормен Ұлттық энергетика саясаты (мамыр 2001 ж.), АҚШ энергетика саясаты саласындағы актісі (тамыз 2005 ж.) АҚШ заңы талданған. Диссертациялық зерттеу жүргізу үшін АҚШ басымдылығын ұлттық қауіпсіздік, әскери-саяси стратегия, сыртқы саясат пен энергетика саласында айқындайтын

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі ретінде АҚШ сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігінің әр түрлі концепциялары қолданылады. Диссертациялық жұмыс Америка саясаткерлері мен ғалымдарының ілімі мен ғылымына негізделеген. Сондай-ақ жұмыста Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевпен әзірлеген Қазақстанның сыртқы саясаты және елдің ұлттық қауіпсізідігі шебіне сәйкес мемлекеттік ұйымдар мен профильдандырылған концепциясы мен айқындамасы көрсетілген.

Зерттеу жұмысының негізіне берілген тақырыпты толыққанды және объективті түрде ашуға мұрсат берген белгілі әдіснамалық қарастыру кешені қойылған. Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегідей әдістемелер мен тәсілдер қолданылған:

қисынды және тарихи тәсіл бірлігінде. Эстетика-саясаттық қауіпсіздігіне қатысты зерттеуді тұжырымдау, берілген мәселенің дамуы мен кезекті пайда болуын қарастыруды талап етеді. Ұлы державалар саясаттануы аймаққа қатысты дамуы соңғы жылдары тарихи тәсілді қолдануды қажет етті, алайда қисынды талдау жолы ретінде тұжырыммен қорытынды осы тенденция бойынша жасалады.

жүйелі-құрылымдық тәсіл. Бұл тәсілді қолдану қисыны, аймақта АҚШ-ты басым тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталып өзара байланыстырушы жүйе кешенің құраушы ретінде ұлы державалар саясатының Орталық Азияда болуын түсінуімен байланысты қолданылған болатын. Сонымен қатар энергетика қауіпсіздігі саясатын жүйелеу. Құрылым мен үдеріс секілді негізігі категориялары шебінде жүйелі тәсілді қолдануды қажет етті.

Зерттеліп жатқан такырып тұғырында Қазақстан Республикасының энергетика қауіпсіздігі саясаты құрамын зерттеу кешені негізіне де осы жүйелі тәсіл қолданылған болатын;

зерттеу тақырыбы бойынша бар мэліметтер көзінің контекст-анализі;

әлемдік мемлекеттік акторлар саясатын болжап, анықтау мақсатын жеке саяси жетекшілерді айқындау барысында бихивиорлық әдістеме қажет болды;

аймақтағы болашақта даму жағдайын дәлелдеуі мен аймақтық саясаттық даму аспектісін болжау үшін дәлелдеу мен сәйкес болжамдық тәсіл қолданды;

сондай-ақ үдіріс пен құбылысты зерттеу тәсілдері қолданылған болатын;

Диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы қозғалып отырған мәселенің қойылуы мен өзгешелігінің өзектілігімен анықталады, сондай ақ, Қазақстан саяси ғылымында зерттеліп отырған тақырып аспектісінің жеткіліксіз зерттелуінде.

Автор қазіргі кезеңдегі Қазақстанда ұлы державалардың саясаты мен энергия шикізатына әлемдік бағаның теңдессіз өсуіне кешенді талдау жүргізген. Қазіргі заман әлемдік даму негізінде, энергетика факторының өркендеуі, Қазақстанның әлемдік энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету үдерісінің катысушысы ретінде, энергетикалық қауіпсіздік саласындағы саясатты жүзеге асыру нәтижелер құралын өндіру қажеттілігі туды, әсіресе америка факторының жүйелі және перманентті шарт негізінде бұл саладағы аймақтың дамуына да қатысты.

— саясаттануға тән әдіснамалық тәсіл негізінде Қазақстан саяси ғылымында энергетика қауіпсіздігі саясаты бойынша зерттеудерді талдап, жүйелеп және де толықтыру үшін шаралар қолданды, әсіресе оның негізгі элементі мен спецификасының ерекшеліктері берілген тақырып негізінде зерттеме жүргізілген;

—  қалыптасқан және АҚШ -ның жаңа аймақтық геосаяси тәсілі шебінде жаңа фактылы мәліметтер мен құжаттарды ескере отырып Америка қолдауымен, Каспий- Орталық Азия аймағынан жүзеге асырмалы және де жоспарланған мұнай газ көлік жолдары зерттелді, және де олардың Қазақстан Республикасының ұлттық қызығушылығына үйлесімділік пәнінен объективті баға берілді; Энергетика облысында АҚШ пен ынтымақтастықта тәжірибесі мен келешегі бар астам державаны жобалау геосаясатына қосылған екі жақты АҚШ пен Қазақстан Республикасы мен Түркменстан қарым-катынасы зерттелген. Орталық Азия аймағында басты геосаяси нақтылық өзектілігін тудырған, Түркменстанда ішкі саяси тұрғыда болған өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Зерттеудің ғылыми-практикалық құндылығы.

Берілген диссертация бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі үшін де өзекті, ұлы державалардың Қазақстандағы  саясатын жүзеге асыруымен, аналитикалық мэліметтерді концептуалды негізде және фактілі зерттеу мен жүйелеуге, америка саясатындағы әскери-саяси фактілерімен энергетиканы терең талдау, энергетикалық қауіпсіздік феноменін анықтап, айқындау.

Зерттеуде қозғалатын ғылыми мәселелер Қазақстанның Каспий — Орталық Азия аймағында сыртқы саяси курсын жүзеге асыруымен тікелей байланысты және ұлттық энергетика стратегиясын қарқындылығын жоғарлату мәселесі қарастырылды.

Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, алты параграфтан, қорытынды мен қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.

 Диссертация 100 бет


Скачать


zharar.kz