Азаматтықпен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы

Скачать


Азаматтық, азамат және мемлекет туралы қазақша реферат

Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995.03.10. заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы азаматтығына анықтама бермейді.

Азаматтық ұғымы ҚР азаматтығы туралы заңның преамбуласында клтірілген. Азаматтыққа тұлғаның құқықтарымен бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен арадағы тұрақты саяси құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады.

Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына, мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен пайда болады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы және тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі белгілейді. Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған. Азаматтыққа тұруц жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары, туу туралы куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі. Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық хал актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.

Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретін-дегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң-шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.

Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ере-желерді бұза алмайды жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін мін-деттілігі əкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған ке-пілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құ-қықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайда-ланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичмент жəне т.б. жатады.

Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, де-путтардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т.б. табылады.

Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құ-қықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қол-дану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы жəне жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс

Тұлғаның құқықтық мəртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс жүзіндегі (əлеуметтік) мəртебесін, оның қоғамдағы нақты жағ-дайын бекітеді. Құқықтық мəртебе дегеніміз субъектілердің құ-қықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз əлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

Құқықтар мен міндеттер құқықтық мəртебенің негізін құрайды. Құқықтық мəртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

— құқықтар мен міндеттер;

— заңды мүдделер;

— құқықсубъектілік;

— азаматтық;

— заңды жауапкершілік;

— құқықтық қағидалар.

Құқықтық мəртебе жалпы, арнайы жəне жеке-дара болып бө-лінеді. Жалпы мəртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мəртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мəртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнет-керлердің жəне т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олар-дың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке-дара мəртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым жəне т.б.) көрсетеді жəне тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді. Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен  анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің  негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды. Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.

 

Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды . Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

Негізгі еркіндіктер мен құқықтарға ерекше заңдық қасиет тән:

а) конституциялық құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;

б) әрбір адам мен азаматқа негізгі құқықтар мен еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа ( негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т.б.)

в) негізгі құқық, еркіндік пен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға бірдейлілігі. Олар тең және бәрі үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.

г) ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;

д) ҚР азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктерін азамат өзін еркін білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.

е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.

ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі – Конституцияда жазылған.

Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтық негізгі құқығы мен еркіндігін сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.

Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.

Азаматтық құқығы – бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін құқықтар мен еркіндіктер.

ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.

Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.

Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа бөлу қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.

1. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15 бап), жеке басының бостандығы құқығы (16 бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17 бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

2. Саяси құқық пен еркіндік – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің бір тобы.

Саяси құқықтар мен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23 бап), мемлекеттік істергі қатысу мен басқару құқықтары (33 бап), бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митинглер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32 бап).

3. Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен еркіндігінің ерекше тобын әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар құрайды. Олар жеке меншік құқығы(26 бап), еңбек қатынастары, демалыс салалары (24 бап), денсаулық сақтау (29 бап), білім алу (30 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28 бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31 бап) сияқты адам өмірінің маңызды сферасына қатысты және тұлғаның материалдық, рухани және басқа әлеуметтік мақсаттағы сұранысын қамтамасыз етеді.

Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.

Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.

Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз — мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.

1 Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғам-дық қатынастарға нәтижелі түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді құқықтық реттеу әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:

1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект регінде мемлекет, екінші тараптан — оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;

2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара клісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда— осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент — мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт— құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.

Мемлекет жəне құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.

Біріншісі – этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қара-ғанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.

Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бе-кітті. Алайда, аталған мəселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл ба-ғыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемле-кет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынды-ғына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмау-ға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге жəне мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:

1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді;

2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемле-кеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыпта-суы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялау-ымен сипатталды;

3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, əдет құқығы осылай қалыптасады;

4) құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пай-даланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;

5) мемлекет құқықты жəне құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді;

6) мемлекет құқықтың əлеуметтік кеңістікке таралуына жəр-демдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құ-қыққа сəйкес əрекет жасауға міндеттейді.

Құқықтың мемлекетке əсері мыналардан көрініс табады:

1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына əсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде əсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемле-кетке құқықтың көмегімен əсер етеді;

2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау жəне мəжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;

3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтар-дың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;

4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына əсерін тигізеді;

5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілікті əрекеттерінің заңды кепілдік-терін бекітеді;

6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы əлемдік қауымдас-тықпен байланыс тілі рөлін атқарады.

Экономика – бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамдағы өндіріс тəсілдері. Саясат – бұл таптар, партиялар, ұлттар арасындағы билік мəселесіне қатысты мемлекет пен халық ара-сындағы қатынастарға сипаттама беретін қоғамды басқару өнері. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Аталған түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сəйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынас-тардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық жəне саяси қатынас-тардың, дамуы мен əрекет етуінің алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың эконо-микадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуа-зиялық революциялар дəуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа эконо-микалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері кері-сінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады.

Екінші бағытқа сəйкес, экономика құқық пен саясатты анық-тайды. Құқық пен саясат базиске тəуелді болып келеді. Алайда, бұл басымдық рөл тек ақыр соңында ғана байқалады, себебі, құқық пен саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қаты-настардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау арқылы оған кері əсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен экономиканы байланыстырушы болып табылады.


Скачать


zharar.kz