Қазіргі ауыл мектептері болашақ ұлт мектебінің негізін қалаушы, ҚР ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын мекемелер болып табылады.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде өнегелілік өлшемінен айырылған адамның ақыл-ойы, бағыт-бағдары санасының адасуынан есерсоқтыққа, зорлыққа, қатыгездікке ұрындырады. Оған қоса центризм, рационализм дәстүрлеріне бағдарланған қазіргі мектептерді шығыстық діл мен мәдениетіне бағыттап, озық адамгершілікті тәжірибелерді меңгеруіміз қажет. Оқушы жастарға жалпы білім негіздерін терең меңгеруге, белгілі кәсіби мамандықтарға баулуға ерекше назар аударғаннан гөрі жасөспірімдердің бойына өнегелілік сапаларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді, мәдени мінез-құлықты тәрбиелеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды, игі мұраттарды ұстайтын, салауатты өмір сүретін тұлғаны қалыптастыруға тиіспіз.
Қазақстан “базалық білім беру” ұғым мазмұнын толықтыратын Бүкіл әлемдік білім беру декларациясы мен Бала құқықтары туралы конвенцияның бағдарламалық ережелерін ұстана отырып, ауыл мектептерінде жасөспірімдердің бойына өнегелілік қасиеттерді, былайша айтқанда, адамгершілікке, инабаттылыққа, қайырымдылыққа, мейірбандылыққа, әділдікке, еңбек сүйгіштікке, өтірік айтпаушылыққа, сөзінде тұруға, зорлық-зомбылық жасамауға, бақытты өмір сүруге тәрбиелеуімізді талап етеді.
Ауыл мектебі қазақ ұлт мектебінің негізін құрайды. Ұлттық мектеп адамзаттың мәдениетпен этномәдениеттің өзара кіріккен бірлігінде дамитын болғандықтан, ерекше сараланатын ұлттық қалыптастыруда тұлға дербестігін, еркіндік, демократия идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде ұстану қажет.
Ауыл мектебінің даму моделінде жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, көпұлтты мемлекетімізде халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі елжандылық тәрбиесінің дәрежесі өте маңызды орын алады.
Ауыл мектебінің тәрбиелік мүмкіндігі өте зор, олар халық менталитеттерінде: туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатты ерекше қастерлеу, қорғау, аялау, үлкен-кішіні сыйлау, меймандостық, көңілдің ашықтылығы, адами қатынастар қауымшылдығы, отбасы мүшелері мен ағайын-туыстарға қайырымдылық, өнерді қастерлеу, ар-ұятты ұстау т.б. қасиеттерден көрінеді.
Ендеше мектептерін дамытудағы атқарылар шарал
Екіншіден, мәдени орта құрушы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, демалысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беру,
Үшіншіден, жасөспірімдердің өнегелілік қадір-қасиеттерінің қалыптасуына, өзін-өзі шығармашылықпен айналысуға,
Төртіншіден,педагогикалық тұрғыдан жасөспірімдердің ұлттық сана-сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік деңгейге бағдарланған өркениетті жалпы орта білім беру.
Ауыл – қазақ халқының ұлттық негізінің мәйегі, тіл, салт-дәстүр, мемлекет іргесінің қалыптасуы мен дамуының алтын бесігі. Ауыл – ұлттық болмыс, ұлттық психолгия, этнопедагогиканың өміршең өзегі.
Бүгінгі ауыл мектебінің өзекті мәселесі баршектептен бастау үстірт ұғым. Бұл бағытта шешімдерге қол жеткіземіз десек, онда төмендегі мәселелердің шешімін іздеу керек:
1. Ауылдағы тұрмыс-тіршілік;
2. Ауыл экологиясы;
3. Отбасын сақтау, отбасын құру, ұрпақтың қалыптасуы;
4. Ауыл мәдениеті;
5. Ауыл мектебі, оның оқу-тәрбиені сапалы беру мүмкіндігі;
6. Ауыл, мектеп, жахандасуға дайындық;
7. Ауыл мектебі басшысы, мұғалім-әлеуметтік педагогтардың сапалық деңгейі;
8. Ауыл мектебі – даму болашағы.
Ауыл жасөспірімдерінің өнеглілік қасиеттерін қалыптастыру үшін ауыл мектебінің даму бағыттары, болашағы қандай болғаны жөн
1. Ауыл мектебінің даму бағыттары:
—— Әлемдік білім деңгейне негізделген ауыл мектебінің ғылыми-теориялық, әдістемелік негізін жасау;
—— Этнопедагогика, этнопсихолгия және әлемдік педагогика, пстхология жетістіктерін негізге алып, білім-тәрбие сатыларында ұштастыра ұлттық білім саясатын жүзеге асыру;
—— Ұлттық діл, мәдениет, тіл,тарихты өркениет жетістігімен қатар өрбіту;
—— Ұрпақтың қалыптасуы , бала тәрбиесі және дамуын қамтамасыз етуді қаржылық, денсаулықты сақтау, дамыту тұрғысында әлеуметтік шешімдер жасау;
—— Ғылыми-техникалық, жахандану үрдісіне сай мектеп құрылысы, материалдық-техникалық базажасау, теория мен білімді ұштастырып білік қалыптастыру;
——- Адамзаттық, экологиялық, имандылық тәрбиесін қалыптастыру;
—— Отбасынан бастап барлық деңгейде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
—— Дін тарихын, ұлттық психологияны мектепте оқыту;
—— Ауыл мектебінде арнайы курстар 8-11 сыныптардан бастап ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік өңдеу технологиясына бағыттауы және туризм әлемдік саяхатқа дайындау, жүргізу мәселесіне мән беру қажет;
—— Ата-анаға арнап дүниеге келетін, дүниеге келген, мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені қамтитын ғылыми-әдістемелік материалдар қажет,+бұл баланы жан-жақты дамытуға және Қазақстандық патриотизм қалыптастыру негізін жасайды. Яғни баланың өзін-өзі жетілдіруіне, дамытуына бағыт-бағдар беру қажет.
Ауыл мектебінің мәселесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік даму үрдістерінен хабардар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Ауыл- бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне сергек қарауымызды талап етеді —деп көрсетті.
Айтылған ойларды қорытындылай келе, сөздің түйіні ауыл мәселесі — ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. Сондықтан ауыл мектебіндегі жасөспірімдердің өнегелік қасиеттерін қалыптастыру проблемаларына селқостықпен қарау — туған Отанының болашағына немқұрайлық танытумен, ел алдындағы перзенттік парызына жауапсыздықпен тең болмақ. Бұл мәселе жайбарақаттықты көтермейді. Әрбір әлеуметтік педагогтың, білім ұйымдары мен тәрбиені басқару салалары басшыларының аталған мәселеге үлкен мән беріп, дұрыс шешімін табуға өзіндік үлес қосу — өмір талабы.
Қазақ мемлекеті дүние жүзі танитын, алдыңғы қатарлы мемлекеттің дәрежесіне көтеріліп келеді. Ал осы болашақ Қазақстанның азаматы 21 ғасыр есігіне еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, иманжүзді, рухани дүниесі мол, интеллект деңгейі жоғары, өнегелік қасиеті қалыптасқан болуы керек. Мектеп қабырғасында ғасырлар бойы халқымыздың жинақтаған ұлттық мұрасы мен озық мәдениетін, ізгі салтын жасөспірім бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын, мінез-құлқын дұрыс қадамға қажетті асыл қасиеттерге иландыру, сендіру,ізгілікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Қазақстан Республикасы парламентінің әлем парламентариіне арнаған үндеуінде: Ұлтмызға, жынысымызға, нәсілімізге, тегімізге, ұстанатын дінімізге қарамастан жалпы адамзаттық ұлы құндылықты, рухани мәдениетті әрі қарай дамытуға үлес қосуымыз қажет екені атап көрсетіледі. Бұл, біріншіден, жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта дүниежүзілік елдермен бейбітшілікті сақтау болса, екіншіден, жас ұрпақтың жан дүниесінде өнегелік қасиеттерді қалыптастыру . Біліктілік – адамның өмір жолында көргені мен естігененінің тиімдісін, құндысын, пайдалысын көңілге тоқудан, ал білімділік — тікелей ғылым негіздерімен қаруланудан, оқудан құралмақ ,— дейді профессор Ж.Наурызбай. Білімділіктің сапасы рухани құндылық болса, біліктілік жас ұрпақ дүниетанымының, адамгершілік құндылық, өнегелілік қасиеттерінің қалыптасуына байланысты.Олай болса, педагогикалық проблемадағы өнегелілік қасеттерінің қалыптасуы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни, мақал-мәтелдер, тиым сөздер, ертегілер, аңыздар, әңгімелер және т.б. арқылы іске асырылып, ұрпақ тәрбиесінде пайдаланылып отырылады. Жалпы адамзат тарихында жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерінің қалыптасуы ерте заманнан-ақ ойшыл-ғұламалардың, көнекөз қариялар мен ақын-жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші, өнер адамдарымен жалғасып отырған. Мәселен, Қожа Ахмет Иассауидың Диуани хикмет еңбегінде: …адамға адами міндеттерді түсіндіру, өмірге келгендегі мақсатын айқындау, оның жүрегі мен рухына көңіл бөлу ,— деген. Бұның түпкі тамыры өнегелілік пен адамгершілікте екені түсінікті.
Ғалым Г. К. Нұрғалиева:Адамгершілік құндылық дегеніміз — өмірдің мақсаты, мағынасы мен білімнің ролі, өмірдегі жолы мен еңбегі; өнегелілік қасиет негізі — өмір сүру нормасынан тұратын процесс .
Бүгінгі күннің білім мен тәрбиесінің мақсаты— өзіндік адамгершілік құндылықты жасөспірім бойына, санасына сіңіріп, рухани дүниетанымын салауаттылыққа бағыттау
Осыдан келіп өнегелілік қасиеттердің құрылымдық жиынтығы мен негізгі жүйесі және жүзеге асыру жолдары пайда болады. Кестемен көрсетсек:
Құндылықтар негізі
Құндылықтар жиынтығы
Жүзеге асыру жолдары
Жалпы адамзаттық, ттық, танымдық,
рухани,
әлемдік, салауаттылық, адамгершілік, т.б.
Өмірге көзарас,
Дүниені тану,
адам өмірі,
өмірге белсенділік,
жоғары білімділік,
ар-ождандық, азаматтық,
елжандылық,
Оқу-тәрбие үрдістері,
Факультативтік сабақтар,
Арнайы қосымша пәндер,
Сыныптан тыс шаралар,
Үйірмелер,
Ғылыми-зерттеу
жұмыстары,
Мектеп және отбасы, т.б.
Ұлтжандылдық, парасаттылық,
ұқыптылық,
тазалық,
имандылық, т.б.
Құрылым жүйесінің білімділік негізі—жасөспірім бойына өнегелілік-адамгершілік қасиеттердің біртұтас жүйесін қалыптастыру.
Дамытушылық негізі —— жасөспірімдердің белсенділігін, шығармашылыңғын, танымдық көзқарасын жоғары біліктілікке дамыту .
Тәрбиелілік негізі — өнегелілік-адамгершілік қасиеттері арқылы ұлттық, азаматтық , әлемдік, салауаттылық, этикалық мінез құлық нормасын қалыптастырып, сале-ауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нәтижесінде жеке тұлғаның дербес өнегелілік қасиеттері негізінде қалыптасу жүйесі пайда болады.
Жеке тұлға
Рухани мәдениет деңгейі өседі
Дүниетаным және ой-өріс деңгейі артады
Ұлттық сана-сезім деңгейі жоғарылайды
Әлеуметтік ортаны танып-білу белсенділігі артады
Шығармашылық қабілет деңгейі жоғарылайды
Олай болса, жаңа ғасырдағы мектептің көп қырлы оқу-тәрбие үрдісінде ата-баба қанында бар ерекшеліктерді ескере отырып, халқымыздың бай мұрасымен тәрбиелеу—— өмір талабы.
Өйткені өнегелілік негізі—- ұлт болып қалыптасқан елдің өмір бойы ой елегінен өткізген адамгершілік жиынтығы мен рухани болмыс