Джон Кеннедидің Ақ үйдегі күрделі мәселелерінің бірі - Вьетнам мәселесі еді

Скачать


Джон Кеннедидің Ақ үйдегі күрделі мәселелерінің бірі-Вьетнам мәселесі еді.

Дж.Кеннеди жаңа бағыт саясатын оңтүстік шығыс Азияға да жариялады.

Ол Азия халықтарына АҚШ олардың өмірлеріне араласпайды деген сенімді орнықтырғысы келді. Бірақ іс сөзбен сәйкес келмеді.Кеннеди саясаты Даллес саясатынан ерекшеленбеді.  Қызметінің  алғашқы күндері Оңтүстік Вьетнам жөніндегі құпия құжаттармен танысқан Кеннеди ол жердегі АҚШ саясатына өз наразылығын білдірді. Оңтүстік Вьетнамдағы АҚШ саясаты  өте мардымсыз түрде жүрді.

Женева келісімінде АҚШ-тың Үндікытайға  деген  ұстанымы жөніндегі мәселе козғалды.

Өз уақытында Даллес  1954 жылғы Женева келісіміне  өз қарсылығын  ашық білдірген болатын және  Женева келіссөздері аяқталмастан  Женевадан кетіп қалған еді. 1954 жылы  21 шілдеде бұл келісім бекітілген кезде АҚШ үкіметі  бұл келісімге қатыспағандықтан  келісімнің  АҚШ- қа еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.

1954 жылы 23 қазанда Эйзенхауэр Нго Динь Дьемге үндеу жібереді. Ол жерде АҚШ Сайгон топтарының патриоттық күштеріне қарсы күресіне көмектесетіні айтылады.

1955 жылы АҚШ Женева келісімінің 16 және 17 баптарын бұза отырып, Сайгон режиміне әскери көмек беруді ұлғайтты. 1955-1960 жылдары американдықтардың Оңтүстік Вьетнамға жөнелткен әскери көмегі тек ресми деректер бойынша 571,3 млн. долларды құрады.

Ал егер, Вашингтонның Оңтүстік Вьетнамға жұмсаған шығынын есептейтін болсақ, 2 млрд. доллардан асып түседі.

Оңтүстік Вьетнамға американдық әскерилерді түсіру ұлғая түсті. 1960-жылдың аяғына қарай олардың саны 2 мың адамға жетті. Сайгон портына жүздеген оқтармен қаруланған Американ әскери кемелері шоғырландырылды.

АҚШ Оңтүстік Вьетнамды біртіндеп өз әскери базасына айналдырды. Американ империализмнің әрекеті вьетнам халқының наразылығын туғызды. 1960-жылдың аяғында Оңтүстік Вьетнамда Ұлттық азат ету майданы құрылды.

Саяси партиялардан бастап діни секталарға дейінгі патриоттық күштер өзара бірікті.

Нго Динь Дьемнің басшылығымен Америка әскери кеңесшілер күштері Оңтүстік Вьетнам халқына террор және басып-жаншу саясатын жүргізді. Оңтүстік Вьетнамдағы әлеуметтік мәселелер шешусіз қалды. Елде сыбайлас жемқорлық пен сайгондық шенеуніктер және әскерилер арасында парақорлық өрши түсті.Нәтижесінде Сайгондағы американ режиміне наразылығын білдірген  білдірген оңтүстік вьетнамдықтар қолдарына қару-жарақ алуға мәжбүр болды.

Вьетнамдағы дағдарыс жалғаса түсті.Ұлт-азаттық күрес күшейді.

1962 жылдың аяғында Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға өзінің әскери көмекшісі генерал Максуэлл Тэйлорды жіберді.Кеннедиге Вьетнам жөніндегі толық ақпарат қажет еді.

1962 жылдың наурызында АҚШ Оңтүстік Вьетнамға тағы 5 мың солдат пен офицерлер түсірді.Маусымға дейін бұл елдегі американ әскерінің саны  6,5 мың адамға жетті. Тайландқа да 5 мың американ әскері түсірілді.

1961 жылы қыста Вашингтонда Оңтүстік Вьетнамдағы ұлт-азаттық қозғалысты басып-жаншу туралы арнайы жоспар жасалды. Жоспар Кеннеди тарапынан мақұлданды. Сайгон режиміне әскери көмек беру қарқынды жүргізілді. Жоспардың авторларының айтуы бойынша егер олардың жоспары жүзеге асса, онда Дьем соғысты бір жарым жылда жеңуі керек еді.

Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға ол жердегі жағдайды зерттеу мақсатында вице-президент Джонсонды жібереді. Сайгонда Джонсон диктатор Дьеммен келіссөздер жүргізді. Сайгон режиміне әскери көмек беруді ұлғайту мәселесі талқыланды. 23

Джонсон Вашингтонға келгеннен кейін Кеннедиді Оңтүстік Вьетнамнан кетпеуіне көндіруге бар күшін салды. Ол Кеннедиді Оңтүстік Вьетнамға байланысты маңызды шешім қабылдауға шақырды және Дьем режиміне қолдан келгенінше әскери көмек беруін атап көрсетті.

Джонсонның Оңтүстік Вьетнамға іс-сапарынан кейін ол жаққа профессор Е. Стейли басшылығымен экономикалық миссия жіберілді. Оңтүстік Вьетнамда экономикалық көмек атын жамылған миссия оңтүстік вьетнамдықтарды әскер арқылы басып-жаншу жоспарын қарастырды.

Содан соң Вьетнамға жаңа миссиямен генерал Максуэлл Тэйлорды жіберді. Зерттеу жүргізген генерал Оңтүстік Вьетнамдағы жағдайды тек әскери жолмен шешу керек деп мәлімдеді. Тэйлор Оңтүстік Вьетнамда американ авиациясын белсенді түрде қолдануды талап етті. Ол Вьетнамға 10 мың солдаттың түсірілуін және олардың әскери әрекеттерге қатысуын қолдады. 24

Кеннеди Сайгон режиміне қосымша әскер жіберу, оңтүстік вьетнамдықтарды жаңа қару-жарақ түрімен қамтамасыз ету, коммуникация жүйесін жақсарту және транспорт құралдарын жөнелту жолымен АҚШ көмегін ұлғайтуды тапсырды. Бірақ Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға қарулы бөлімшелер енгізуге қарсы болды. Ол Тэйлордың оңтүстік вьетнам халқына қарсы американ солдаттарының әскери іс-қимылдарға тікелей қатысу туралы ұсынысына келіспеді.

Президенттің бұл шешімі АҚШ әскери-өнеркәсібі, Пентагон және Орталық барлау басқармасы тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады.

Кеннеді, көбінесе, Вьетнамдағы өзінің әлсіз ұстанымын айыптады. Америка саяси қайраткерлерінің кейбірі Пентагон белсенді түрде қолдап отырған генерал Тэйлордың ұстанған бағыты қателік екенін түсінді.

Олардың қатарына американың Үндістандағы елшісі Д. Голбрейт те қосылды. Кеннеди Голбрейтке Сайгонға барып, өзінің ұсынысын жариялауды тапсырды.

Уақыт өте Голбрейт Вашингтонға өз есебін жіберді. Ол Сайгон режимінің нәтижесіз екеніне және оңтүстік вьетнамдық  шаруалардың өздері Дьемнің режиміне қарсы шығып жатқанына Кеннедидің назарын аудартқысы келді. Делидегі американ елшісі Кеннедиге Дьем режимін құлатпай, Оңтүстік Вьетнамда қандай да бір табысқа жету туралы армандау қиын екенін ашық меңзеді. Голбрейттің көзқарасын белгілі американ  саяси қайраткері Аверелл Гарриман қолдады. Бірақ Голбрейт пен Гарриман да АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамдағы мақсатынан бас тартпайтынын білдірді. 25

1961 жылдың желтоқсанында Кеннеди АҚШ-тың Вьетнам соғысына тікелей араласуын күшейтті. 15 желтоқсанда Кеннеди Нго Динь Дьеммен хат алмасты. Президент АҚШ шешімдерін бекітіп, Сайгон режиміне қолдау көрсетуді жалғастырды. Сонымен қатар ол Дьемді ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы соғысты қарқынды жүргізуге шақырды. Кеннеди оңтүстіквьетнам халқын тыныштандыру үшін әлеуметтік реформалар жүргізуді ұсынды.

Ұлт-азаттық қозғалыс күштері Дьем әскерін шегіндіруді жалғастырды. Кеннедидің президенттік кезеңінде Оңтүстік Вьетнам патриоттық күштері қарсыластарының 300 мың, ал Американың 2 мыңнан астам солдаты мен офицерінің көзі жойылды.

1963 жылдың басында АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнамдағы ұстанымына алаңдаған „Нью-Иорк таймс” газетінің Сайгондағы тілшісі Давид Хэлберстемнің Кеннеди үкіметінің Оңтүстік Вьетнамдағы бағытына күмән келтіретін  мақалалар сериясы жарияланды. Кеннеди мемлекеттік департаменттің кеңесі бойынша Хэлберстемді Сайгоннан қайтаруды талап етті. Американ қоғамдық пікірін тыныштандыру мақсатында Кеннеди Конгресте Оңтүстік Вьетнамдағы Дьем режимінің және АҚШ әрекетінің жаман еместігін мәлімдеді. Бірақ бұл көз бояушылық еді.

1963 жылдың ортасына қарай американ баспасөзінде Оңтүстік Вьетнамдағы жағдай шындыққа жанасатыны туралы көптеген мақалалар жарияланды. Сонымен қатар, Дьемнің режиміне қарсы наразылық білдіріп, өзін-өзі өлтірген будда монахтарының суреттері жарияланды.

Сәтсіздіктің жақындап келе жатқанын сезген Сайгондағы АҚШ елшісі отставкаға кетті. Вашингтонға америка елшілігінен Нго Динь Дьемнің қайсы бір тараптың қолдауынан бас тартып жатқанын куәландыратын дабыл жеделхаттар келіп түсті.

1963 жылы 21 тамызда Кеннеди Ақ үйде Вьетнам мәселесіне байланысты төтенше кеңес өткізді. Онда Дьем өкіметінің түсініксіз әрекетінен аулақ болу шешімі қабылданды.

Кеннеди Дьемге жеке үндеу жолдап, онда Дьем қоғамдық қолдауды жоғалтып жатқандығы атап көрсетілді. Кеннеди тағы да Дьемнен иілгіш сыртқы саясатты талап етіп, орындалмаған жағдайда АҚШ үкіметі Сайгон режиміне көмегін жүзеге асыруды қиындататынын ескертеді.

Көп өтпестен Сайгонға АҚШ-тың жаңа елшісі Гэнри Кэбот Лодж келеді.  Содан соң Кеннеди Дьемнің жақтасы болған орталық барлау                    басқармасының өкілін Сайгоннан қайтарады. Лодж өзінің жолдауларында Дьемді тақтан тайдыру АҚШ үшін ұтымды екеніне Кеннедиді көндіреді.

Дьемді басқа қуыршақ билеушімен ауыстыру туралы ұсынысты мемлекеттік департамент, Аверелл Гарриман, мемлекеттік хатшының көмекшісі Р. Хилдсман да қолдады. Бірақ Пентагон мен Орталық барлау басқармасы бұған қарсы болды. Президент көмекшісі Соренсеннің айтуынша әскерилер және орталық барлау басқармасы бір жағынан соғыстың жүргізілуі мен  Дьемнің басшылығын қолдады және халықтың сенімін пайдаланатын мұндай белсенді әскери әрекет жасайтын лидер табуна күмән келтірді. Вашингтонда да Дьем үкіметін жақтаушылар көбейді.

1963 жылдың жазы мен күзінде оңтүстік вьетнамдықтардың Дьемнің американ  режиміне деген наразылығы өз шегіне жетті. Халық наразылығының бұрқ етуінің нәтижесінде Нго Динь Дьем режимі құлап, диктатор өлтірілді.

АҚШ үкіметі тез арада Дьемнің орнына басқа қуыршақ билеушіні отырғызады. Әскери қол сұғу саясаты жалғасады. Бірақ Кеннеди өз өмірінің соңғы күндерінде Вьетнамда мұндай саясатты жалғастыру еш негізсіз деген ойға келеді. Ол: біз оларға көмектесеміз, өз әскери кеңесшілерімізді жібере аламыз, бірақ олар соғысты өздері жеңуі тиіс деп мәлімдеді. Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға ісіне тікелей араласу әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын түсінді.

Американ монополистік капиталы әскери әрекетті қолдап отырды. Вьетнамдағы авантюра оларға көп мөлшерде табыс алып  келді.

Вьтнамдағы соғыс табыс әкелді ме?-деген тілшілердің сұрағына американ  саяси қайраткері Д. Кеннан бұл табысты тек әскерге қару-жарақ пен материалдар тасымалдаған өндіріс орындары көрді деп,- жауап берді.

Азиядағы, әсіресе Вьетнамдағы АҚШ саясаты тек әскери күшке сүйенді және АҚШ сыртқы саясаты терең дағдарысқа ұшырауының және оның басшыларының әлемдегі тұрақтылықты өзгерткен қоғамдық даму процесін түсінбеушілігінің анық айғағы еді.

Президент бұл күмәнді бастан кешіргенімен, Эйзенхауэрдің ізінше Вьетнам халқының ішкі істеріне араласуды жалғастырды.

Біз Вьетнам мәселесі жөніндегі АҚШ саясатымен таныстық. Бұл саясат Азия жеріндегі ашық отарлау империализмінің жарқын бейнесі еді. Вьетнамдағы АҚШ саясатының мақсаты бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияны американ монополистік капиталына тәуелді ету еді. Бірақ, АҚШ бұл мақсатқа жете алмады.

Неге?  Мұны жақсы түсіну үшін Лаос мәселесіне де тоқталып өту қажет. Бұл мәселе Кеннеди президент бола салысымен соқтығысқан өте өткір халықаралық мәселелердің бірі еді. Айта кету керек, басқа мәселелерге қарағанда президент бұл мәселені жақсы реттеді. Бұл жерде Кеннеди әлемге қауіп төндіретін мәселені білгір саясатпен шешуге жол тапты.

Кеннедидің Азия мәселелеріне келгенде жеткілікті тәжірибесі болды.      1951 жылдың өзінде Кеннеди ол кезде француз үндіқытайы құрамында болған Лаос Камбоджа және Вьетнамда іс-сапармен болған еді. Сонымен қатар ол Азияның көптеген елдерінде болып жатқан жағдайларды айыптаған болатын. Ол француз отаршыларының Азия жерінде ұзақ қала алмайтындығына көз жеткізді. 26

1957 жылдың қарашасында елдің ұлттық күштерінің өкілдері Вьентьян келісімін бекітті. Келісім бойынша билікте коалициялық үкімет отыратын бейтарап Лаос мемлекетін құру көзделді. Бірақ, Вашингтон Лаостың ішкі істеріне араласып, Лаоста батыстық антикоммунистік режим құруды талап етті. Орталық барлау басқармасы лаостықтар арасынан АҚШ үкіметіне жұмыс істейтін адамды іздестірді. Ақырында орталық барлау басқармасы ол адамды Лаостан емес Парижден тапты. Ол атаққұмар офицер Фуми Носаван еді. Уақыт өте келе бұл атаққұмар американ қаржысы және қаруымен  Лаосқа келді. Коалициялық үкімет басшысы Суванна Фума елден кетуге мәжбүр болды. Патет- Лаоның көптеген басшылары тұтқындалып, түрмеге отырғызылды. Елде жаңа қарқынмен азамат соғысы бұрқ етті.

АҚШ Лаосты өзінің әскери базасына айналдыруға ұмтылды. Американдық генералдар Лаостың Оңтүстік –Шығыс Азиядағы антикоммунистік қамал ретіндегі стратегиялық маңызын атап көрсетті.          Д.Ф. Даллестің ұсынысы бойынша Лаоста бостандықты қорғау деген сылтаумен американ қаржысына үлкен жалдамалы әскер құрыла бастады. Оған 1960 жылы 300млн. долар жұмсалды. 27

Лаос халқы кедейленді, экономика өте аур жағдайға түсті, ал жалдамалылар  американ садақасына өмір сүрді. Лаостың патриоттық күштері қорғану үшін қолдарына қару алғанда американдықтар асырап отырған әскери топтар тарап кетті. АҚШ үкіметі жағдайды сақтап қалу үшін Лаоспен көршілес Тайландқа 5 мың американ теңіз жаяу әскерін жөнелтті.

Президент кеңесшілері Лаосты тек күшпен сақтап қалуға болатынын айтып, Лаос ісіне АҚШ-тың қол сұғуын кеңейтуді ұсынды. Ұлттық қорғаныс кеңесінің бір отырысында генерал Лемнитцер: егер бізге ядролық қаруды қолдануға құқық берсе, онда біз жеңіске кепілдік береміз, — деп. мәлімдеді.

Кеннедиге Лаос ісінде екі бағыт таңдауға тура кеді. Біріншісі, Лаосқа қосымша әскери бөлімдер жіберуді қарастыру, екіншісі, Лаостың біртұтастығын мойындап, бейтарап мемлекет құру.

1961 жылдың жазында ұзақ келіссөздерден кейін Женевада Лаос мәселесін реттеу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Кеннеди үкіметі өз одақтастарының Лаостағы американ саясатын қолдауына қол жеткізді. Бірінші кезекте Кеннеди бұл қолдауды ағылшын премьер-министрі Макмилланнан сұрады. Бірақ ағылшын премьер-министрі американ әрекетіне тек рухани қолдау көрсететінін білдірді. Алайда, АҚШ үкіметін мұндай жауап қанағаттындырмады.

Кеннеди ағылшын премьер-министрімен кездесуге Флоридаға ұшып келді. Бермуд аралдарында іс-сапармен жүрген Макмиллан да сонда келеді. АҚШ және ағылшын үкімет басшыларының кездесуі американдық Ки-Уэст  әскери базасында өтеді. Кеннедидің басты мақсаты, егер Вашингтон Лаосқа әскери интервенция жасау керек деп шешкен жағдайда Макмилланнан әскери қолдауға қол жеткізу еді. Бірақ Макмилланның бұл талаптарға көңілі толмады. Дегенмен, ол ағылшын күштерінің әскери интервенцияға тек ол қажет болған жағдайда ғана қатысуына келісті.

Бірақ, барлығы Кеннедидің айтқанына көнбеді. АҚШ-тағы француз елшісі Альфан Кеннедиге Шарльз де Голльдің жеке  жолдауын тапсырды. Жолдауда қандай да бір жағдай болмасын Франция Лаостағы әскери интервенцияға қатыспайтындығы туралы айтылды. 28

Венадағы кездесуде американ үкіметі Лаосты бейтараптандыру идеясымен келісуге мәжбүр болды. Бұл жерде үлкен рольді  Кеңес Одағының берік ұстанамы ойнады және Лаос патриоттық күштерінің жалғыз еместігін, социалистік елдердің оларды қолдап отырғанын бірнеше рет мәлімдеді.


Скачать


zharar.kz