ЖОСПАР
Кіріспе…..3
1 бөлім. Несие туралы түсінік……5-9
1.1. Несие және оның түрлері………5
1.2.Қазақстан Республикасының несие жүйесі….6
2 бөлім. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу….10-19
2.1.Банк несиелерін есепке алу…….10
2.2.Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу…….16
3 бөлім. Басқа да несие операцияларын есепке алу …..20-24
3.1.Тауарларды алу үшін берілетін векселдер есебі…..20
3.2.Индоссамент бойынша векселді беру операцияларының есебі…..24
Қорытынды……25
Қолданылған әдебиеттер…..26
Кіріспе
Бүгінде Қазақстан Республикасы дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық қаржылық есеп стандартына, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп заңына сәйкес салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға, шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.
Нарықтық экономика жағдайында болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады. Ол үшін осы аталған жағдайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді катаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.
Берілген тақырып бойынша, яғни несие есебіне тоқтала келе, нарықтық экономиканың дамуының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Несие есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз.
Несие – бұл кәсіпорындарға, ұйымдарға өздерінің белгілі бір мақсаттарына банктен және банктен тыс ұйымдардан тартылған ақша қаражаттары болып табылады.
Қазіргі таңда сыртқы экономикалық себептерге байланысты, яғни ол инфляция, жұмыссыздық, қаржылық тапшылық жеке және заңды тұлғаларды несиені алуға итермелейді. Сол себептен менің тақырыбым өзекті болып келеді.
Курстық жұмыста қойылған негізгі мақсат – сырттан тартылған ақша қаражаттарын, соның ішінде несие есебінің теориялық аспектісін қарастыру. Осы мақсатқа сай, келесі міндеттер қойылды:
— Қазақстан Республикасының несие жүйесін талдау;
— банк несиелерін есепке алу;
— банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу;
— жылжымайтын мүлікке беретін несиені қарастыру.
Курстық жұмысты жазу барысында заңдар, нормативтік құқықтық
актілер, С.Б.Мақыштың Банк ісі және де В.К.Радостовецтің Бухгалтерлік есеп оқулықтарын негізге ала отырып жаздым.
Курстық жұмыс 28 бет