ХІХ ғасыр соңында және ХХ ғасыр басында Ресейде алғашқы туристік ұйымдар құрылып, Кавказ-Қырым тауларымен танысу және оларды зерттеудің басы ашылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде бірқатар туристік және экспедициялық ұйымдар пайда болды. 1895 жылы Орыс туринг-клубы құрылды. Бұл клубтың пайда болу себебі, ХІХ ғасыр соңында кең тараған екі дөңгелекті велосипедтер болды. Велосипедтер сол кезеңде қозғалудың жайлы құралына айналып, қала сырты серуендер үшін жиі пайдаланылды. Біртіндеп Орыс туринг-клубы ресейлік туристердің қоғамына айналды. Оның іс-әрекеті бөлімшелер арқылы Ресейдің көптеген аймақтарына жетіп отырды. Қоғамның мақсаты жалпы туризмнің және велосипед туризмнің дамуына көмектесу еді. Орыс туринг-клубы өзінің гүлдену жылдарында 5000 адамның басын қосты. Осылайша, Ресейдің тау қоғамы және туристер қоғамы құрылды. Петербургте, Мәскеуде, Владикавказда, Пятигорскте, Сочиде, Верныйда Ресейлік туристер қоғамының бөлімшесі ашылды. Оны құрушылар әйгілі ғалымдар Д.Н. Анучин, В.И. Вернадский, П.П. Семенов-Тянь-Шанский болды. 1900 жылы Санк-Петербургте құрылған Орыс тау қоғамы Ресейде туризмді насихаттау мен дамытуға септігін тигізе отырып, туристік приюттерді құрды, маршруттарды әзірледі. 1901 жылы Мәскеуде Орыс тау қоғамы ашылып, оның бөлімшелері Владикавказға, Пятигорскте, Сочиде ашылды. Қоғамның мақсаты таулы жерлердегі саяхаттарды дамыту болды. 1902 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Сочиде Кавказ тау клубының бөлімшесі жұмыс істей бастады. Бұл кезеңде велосипедпен алғаш жерді айналып өту саяхатын Анисим Панкратов жүріп өткен. Оның саяхаты 1911 жылдың 30 желтоқсанынан 1913 жылдың 28 маусымына дейін жалғасқан. Ал 1894-1898 жж. алғаш жаяу жерді айналып өту саяхатын Ренгартен жүзеге асырған. Кейбір мекемелерге қала сыртында туристік жорықтарды өткізуге міндетті бөлімшелер ашылды. Олардың алғашқыларының бірі — Наркомпрос болды. Ол өз жұмысын 1917 жылы қараша айында бастады. Оны Н. Крупская басқарды.
Кеңестік Ресей кезеңінде туризмің дамуына үлкен әсерін тигізген Лениннің өзі қол қойған декреттері болды. Мысалы, сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізу, төленетін демалыстар. 1919 жылы наурызда Ленин Жалпы мемелекеттік маңызы бар орындар туралы декретке қол қойды. Бұл емдік туризм мен шипалы бұлақтарға ұйымдастырған сапарлардың дамуына септігін тигізді. 1920 жылы Наркомпрос жанынан бірлескен экспедициялық бюро ашылды. Оның мақсаты пролетарлық туризм мен экспедицияларды кеңінен насихаттау еді. Наркомпростың тек бір экспедициялық секциясы 1927 жылы ай сайын 400-ден астам топтық экспедиция өткізіп отырды. 1923 жылы Наркомпрос және мектептен тыс әдістерінің институты туристік топтың оқытушы топ жүргізушілерін оқытты. Білім беру жүйесінің басқа қаладағы жұмысшыларына он күндік семинарлар өткізіп тұрды. Наркомпростың Орталық үйіндегі экспедициялық үйірме мен семинарларда, оның Мәскеудегі аудандық үйлерінде мұғалімдер мен комсомол белсенділері білімдерін арттырды. Олар кеңестік туризмдегі ең бірінші қатардағы кәсіби кадрлар болып саналды.
1918-1920 жж. жорықтар мен сапарлар Мәскеу мен Петроградта губернияның ішінде болса, 1921-1924 жылы туристік сапарлар сыртқы аудандарға шегіне бастады. Кәсіби одақтар мен Наркомпрос 1924-1926 жж. елдегі туристік экспедициялық жұмыстың жетекшісіне айналды. ВЛКСМ туризм бюроларын комсомолдық комитеттер жанынан ашты. Осындай туризм бюросы 1926 жылы құрылды. Бюроның мақсаты жергілікті бұқаралық саяхаттың қоғамына көмектесу, анықтамалық, нұсқаушылық жұмыстарды жүргізу болды. Бұл бюрода мынандай секциялар құрылды: өлкетану, лагерлік, ұзақ уақытты туризм бойынша, қала маңындағы саяхаттар. 1927 жылы бұқаралық туризмнің орталық бюросы алғаш рет еңбекшілерге елдің 6 аймағы бойынша 39 маршрут ұсыну арқылы туризм мен экспедицияның географиясын кеңейте түсті. Бұл мынадай аймақтар: Солтүстік-батыс, Орталық өнеркәсіп, Орта Волгалық, Уралдық, Қырым, Кавказ. 1925 жылы пионер лагерінің ішіндегі ең әйгілісі Артек құрылды.