Қаржы инвестициялары туралы қазақша реферат
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттер нарық экономикасының есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар борыштық және борыштық емес болып бөлінеді.
Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы қағаздарды – акцияларды сатып алады. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Қарыздық міндеттемелерге – облигациялар, мемлекеттік заемдар, вексельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді. Олар: опциондар, фьючерстік келісімдер. Опцион – еңбек ұжымының мүшелеріне тегіне берілген бағалы қағаздар.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді (1 жылдан аз) қаржылық инвестициялар болады. Көрсетілген активтерге қаражат қоюшылар – инвесторлар.
Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижесінде анықтау қажет.
Анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Осы методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда:
— коммерциялық тиімділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін;
— бюджеттік тиімділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін;
— экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
— таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);
— табыстық ішкі нормасы (ТІН) қажеттерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз.
Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған инвестициялық саясат бірқатар жағымдылықтармен сипатталады, солардың арасынан шетелдік инвестицияны тарту үшін тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ауалдың сақталғанын, бағалы қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын, жаңа институтционалдық инвесторлар қалыптасқанын, экономиканы кредиттеуде банктердің рөлі күшейгенін атап өткен жөн.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды , материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін қандай да болмасын инвестициялық жобаны іске асыруда, соңғы нәтижелерге жетуде белгісіздік және тәуекелшілдік кездеседі.
Инвестициялық жобаларды іске асыру да болатын белгісіздік жағдайлары мен тәуекелшілдік аяқ астынан болатын құбылыстар.