Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыр туралы қазақша реферат
Маркетингті басқару бұл табыс табу, күтпеген кездейсоқ өрістер бөлігін жоғарлату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін, мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын жолдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау.
Маркетингті басқару жүйесінің құрылымы функционалдық немесе георафиялық принципке, шығарылатын тауарлар немесе игерілмек нарықтар түріне, тауарлы-нарықтық жобаға және басқа әдістерге сәйкестене қалыптастырылады..
Фирманың өзі микроорта күштерінің бірі болып есептеленеді. Фирманың құрамында оның басшылары, бухгалтериясы, маркетинг, өндіріс материалдық — техникалық жабдықтау, қаржы, жоспарлау т.б. қызмет жасайды. Олардың әрқайсысының мақсаты мен міндеті әр түрлі белгіленген.
АБДИ А.Қ. алдына болашақта жұмыс барысын дамыту үшін келесідей маркетингтік стратегиялаларды қолдану мүмкіншілігі болған:
Бірінші стратегия ,белсенді маркетинг стратегиясы – баға жоғары және жарнамаға көп көңіл болінеді. Бұл жерде өнімді кең жарнамалау арқылы оны тұтынушыға жоғары бағамен өткізуге болады. Бұл тауарлар түрінің қатарына офистік жиһаздарды жатқызуға болады. Мысалға, бұқаралық ақпарат құралдарын кең көлемде қолдану арқылы.
Екінші стратегиялық бағыт , таңдап ену стратегиясы – жоғары баға , азғана жарнама . Мұндай стратегия өнім өте танымал болған жағдайда және сол өнімді жоғары бағамен , тұтынушылар бар кезде және бәсеке деңгейі төмен болған жағдайда қолданылады . Дәл қазіргі кезде АБДИ компаниясы осындай стратегияны жартылай қолдануға мүмкіндігі бар.
Үшінші стратегиялық бағыт , кең көлемді ену стратегиясы – төмен баға және жарнамаға көп шығын жұмсалады . Бұл стратегия , нарық сиымдылығы өте үлкен , бәсеке өте күшті , өнімнің танымалдылығы өте төмен жағдайда қолданылған тиімді . Яғни ,тауарлар ұсақ – түйек заттарды өткізгенде ыңғайлы. Мысал ретінде АБДИ компаниясы үшін дәптер , ақ қағаздар , қалам түрлері , мектеп, колледж сияқты үлкен компанияларға тауармен қамтамассыз еткен жағдайда үлкен табыс табуға болар еді.
Төртінші — бәсекелестерін ығыстыру болып табылады. Бұл бәсекелестерін ығыстыру стратегиясы , бәсекелес кәсіпорындарға белгілі бір қиындықтар туғызу арқылы , нарықтан шығару немесе мүлдем жою үшін қолданылады . Осы стратегияның негізгі құралдардың бірі демпинг амалы болып табылады. Егерде осы АБДИ сияқты бір фирма бәсекеге түсетін болса , ондай жағдайда осы стратегияны қолданған дұрыс, себебі өзінің жұмысы тоқтап қалғаны немесе бәсеңдегені олар үшін қажеті жоқ .
АБДИ фирманың мақсатына жетуі көбіне 3 факторға тәуелді: таңдап алынған стратегияға, маркетинг қызметін ұйымдастыру, құрылымының қандай деңгейде әрекет жасағанына. Оған қоса кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік қызмет ету стратегиясы да маңызды орын алады.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін құру үшін өндіріс пен басқаруды жаңартып қана қоймай сондайақ ұтымды бәсеке қабілеттілік стратегиясында жасай білу қажет. Идеалды және әмбебап бәсеке қабілеттілік стратегиясы болуы мүмкін емес. Дегенмен бәсеке қабілеттілік стратегиясын таңдау мынандай екі мәселені зерттеу нәтежиесінде анықталады:
Бірінші кәсіпорынның әрекет ететін немесе жұмыс жасайтын саланыың құрлымын, басқаша айтқанда осы саланың ұзақ мерзімді болашақта тартымдылығын орнықтыру. Екінші кәсіпорынның осы саладағы басқа кәсіпорындар мен саладағы бәсеке қабілеттілік ұстанымдарын анықтау.
АБДИ компаниясы бәсеке қабілеттлік стратегиясын әзірлеуде мынандай негізгі екі мақсатты көздейді:
Бірінші, ресурсты тиімді пайдалану және бөлу. Мұнда шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жоспарланады. Сонымен қатар, жағымсыз саладан шығу және жоғары табыс әкелетін салаларды жаулап алу болып табылады.
Екінші cыртқы орта әсеріне бейімделу, мұндағы факторлардың өзгерісіне бейімделу қамтамассыз ету міндеті қолданылады. АБДИ фирмасының бәсеке қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік беретін даму стратегиясын жоспарлаудың әр түрлі әдістемелік-тәсілдемелері бар. Олардың біріншісі тауар нарығы бойынша өнім өткізу көлемін сақтау немесе арттыру үшін баламалы стратегияны пайдалану қарастырылады. Яғни, нарыққа ену, дамуы, тауарды диверсификациялау деген бөліктерден тұрады.
Нарыққа ену стратегиясы қазіргі кездегі өндірілген өнімді және өткізу нарықтарын ұтымды жетілдіруге бағытталған. Бұл стратегия шығындарды үнемдеу әдісі деп те атайды. Мұнда қазір жасағаныңды жақсарта түс деген қағида сақталады. Мұндай стратегияны АБДИ фирмасында қолдану, нарықты кезеңде түскен немесе өнімдермен тұтынушылар толыққанды қамтамассыз етілгенде тиімді болып табылады.
АБДИ фирмасы үшін нарықтық даму стратегиясы келесі жағдайларда тиімді болып табылады, егер:
1 АБДИ компаниясы жаңа географиялық нарыққа ену есебінен, өзінің өткізу нарықтарын кеңейтуге мүмкіндігі бар.
2 Демографиялық фактор мен өмір стилдерінің нәтежиесінде нарықта жаңа сегменттердің пайда болуы. Мысалы, мектеп оқушыларына арналған дәптерге танымал жұлдыздардың суретін бейнелеу және тағы да басқа.
3 Жоғары сапалы және жақсы танымал өнімдер үшін қолданудың жаңа обылысы пайда болады. Яғни жаңадан құрылған кәсіпорындарға тауармен қамтамассыз ету арқылы табыс мөлшерін көбейтуге мүмкіндік туындайды , бұны ескерген жөн болады.
Тауарлар әзірлеу стратегиясында АБДИ фирмасының бір қатар танымал сауда маркасы болса және тұтынушылар үлкен сенімділікпен пайдаланғанда тиімді болады. Мұнда фирма жаңа немесе жаңартылған тауарлар әзірлейді.
Диверсификация стратегиясында АБДИ фирмасы бір ғана ассортименттік топтарға шектен тыс тәуелді болмас үшін пайдаланады. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін жаңа тауарлар әзірлеумен және жаңа нарықтарды игерумен байланысты болғандықтан айтарлықтай тәуекелділік деңгейі жоғары болады.
Функцианалды ұйымдастыру.Маркетингілік қызметті функцианалды ұйымдастыру ең көп тараған түрге жатады. Бұл жағдайда маркетинг мамандары маркетингілік әрекеттердің әр түрімен жеке айналысады. Олар өз жұмыстарын үйлестіруші маркетингілік вице – призедентке бағынады. Онда 5 маман көрсетілген: маркетинг қызметінің басқарушысы, жарнама және өткізуді ынталандыру қызметінің басқарушысы, маркетингілік зерттеулер қызметінің басқарушысы және жаңа тауарлар басқарушысы. Осыларға қоса, клиенттерге сервис жасайтын қызметінің басқарушысы, маркетингті жоспарлау қызметінің басқарушысы және тауар қозғалысынң басқарушысы болуы мүмкін.
Функцианалды ұйымдастырудың артықшылығы оның қарапайымдылығында. Екінші жағынан, тауар ассортименттерінің және фирмалар нарықтарының өсуіне байланысты бұл үлгі бірте – бірте өз тиімділігін төмендете түседі.