Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту туралы қазақша реферат

Скачать

Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту туралы қазақша реферат

Ғылымның гуманистік аспектісі жаратылыстану пәндерінің мазмұнында ғылыми адамдардың қызметі, яғни олардың тарихы, сонымен бірге құнды ғылым аспектілірін ашу мен оқушылардың оларды ұғуынан көрінеді.

Мектепте оқытудың шынайы мазмұнына оқушылардың қызметін толықтырып, танымның әдісі мен үрдісі туралы ұғым беретін білімдердің көлемін көбейту керек. Бұл методологиялық және тарихи-ғылыми, әсіресе ғылымның гуманитарлық аспектілерін ашатын білімдер.

Қазіргі ғылыми білімдердің даму бағыттарының бағдарламаларды құрастыруға, мұғалім баяндамасына, оқыту үрдісіне тигізер әсері мол. Мұғалімге оқушылардың ғылыми ойлауын қалыптастыру мен оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін осы байланысты білу пайдалы.

Қазіргі ғылыми білімдердің даму бағыттарының оқу үрдісіндегі көрінісі.

Қазіргі ғылымға интергациялық және дифференциациялық бағыттары әсіресе ерекше. Ғылымның интеграциялық негізі бір ғылымның зерттеу әдістерінің басқа ғылымға енуі: ғылымдарды дифференциациялау олардың терең мамандандыру болып табылады. Бұл екі үрдіс өзара байланысты. Интергация үрдісі дифференциация ғылымдарымен ұйымдаса байланысады, себебі бір ғылымның әдістерін басқа ғылымдарда пайдалану шекара білімдерін бөліп шығарады (физикалық химия, химиялық физика, биохимия, биофизика және т.б.) Дегенмен, ғылымдарды дефференциациялаудың мәні  — құбылыстардың негізіне терең ену (жалпы айтқанда зерттеудің жаңа әдістерін пайдаланудың жанама түрімен байланысты). Қазіргі кезде дефферециялау үрдісі биология пәніне тән.

Білім мазмұнында ғылымның интеграциялуы және дифференциациялануы – кешенді оқыту пәндерін енгізу, түрлі пәнаралық байланыс қызметтерін күшейту сияқты жанама түрінде

көрінуде. Мысалы, жалпы биология –1964-1966 жж. мектеп реформаларынан соң еніп, бірқатар: өрістетіп оқыту негіздері, циталогия, генетика, экология ғылыми пәндердің кешенді оқу пәндерінен тұрады. Бұған дейін жалпы биология негізінен өрістік ғылымдарды зерделеген. Бір оқу пәнінде басқа оқу пәндерінің теориясы мен әдістері қолданылуы мүмкін. Мысалы, физика, химия, және биология пәндеріне заттардың құрылу теориясы (малекулалық-кинетика және электрондық).

Зерттеудің бір объектісін құраған  ғылыми пәндерді біріктіруге негізделген интеграцияланған оқу пәндерін (биологияда бұндай объектіге адам өмірінің түрлі нысаны мен көрінулері жатады) оқудың түрлі объектілерін біріктіретін интеграциялық оқу пәндерінен (мысалы, оқушыларға алғашқы әлем суретін беру мақсатын көздейтін табиғаттану) айыра білген дұрыс. Физика мен астрономия немесе математика мен информатиканың біріктірілуі  жаңа интеграциялық курстардың тууына әкелмейді. Бұл жасанды біріктіру көп пәнділікпен күресу мақсатында жасалған.

Білімді генерализациялау мен ғылымдағы теория қызметін нығайту бағыты да маңыздырақ. Бұл үрдістің негізі білімді қайта құру мен қысқарту қызметін атқаратын жалпылама идеяларынан құралуында.

Ғылымдағы теория қызметін күшейту білім мазмұнында да сәйкес көрініс табады. Барлық оқу пәндерінде және мектептің барлық сатысында теория мен теориялық ереже рөлі күшейтіліп, теориялық ережеледің   жоғары сыныптан ортаға, сонымен қатар тіпті бастауыш сыныптарғада  (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконина, В.В.Давыдова зерттеулері) ауысу көрінеді. Бұл бетбұрыс теорияның ақпаратты қысқартып, құрылымдық жағынан ұйымдастыруға мүмкіндік бергендіктен өз негізімен міндетті.

Математикаландыру мен формализациялау ғылымдарының өсуіне байланысты  теория қызметін күшейту.

           Математизациялау ғылымының негізі құбылыс механизмдерін түсіндіру үшін математикалық үлгілерді құрудан тұрады. Оқыту құралдарын математизациялау да күшейтіледі. Мектепте білім беруде математизацияланған физика пәні: физиканы оқуда математикамен ерекше шұғылдану математикалық сыныптарда байқалады.

Ғылымды математикаландыру түсініктеме аппаратымен жұмыс істеуді талап етеді. Құбылыстарды, түсініктерді сипаттаудың анықталуы  математика ережелерінде операциялардың түрлі бір ережесін қолдану мүмкіндігі болатындай  болуы керек.

Түсінік, құбылыс, заң, теорияларының құрылысының негізі  операция ережесінің нысандарын  анықтап, қолдануға мүмкіндік береді.

Ғылымдағы тенденцияның құрылысы, түсінік аппаратының анықталуы мектеп білімінен көрініс береді. Ол түсініктердің анықталуы мен енгізілу тәсіліне назар аударудың ұлғайуы мен жаңа талаптарды қанағаттандыра алмайтындарды анықтау.

Қазіргі білімде тәжірибе рөлі өзгеріп, ойлау мен  тәжірибе арасында жаңа көз-қарас қалыптасуда. Бұл бағыт бірнеше өзара байланысқан факторлардан : жаңа нәтижеге жеткенде тәжірибе (бұрын жаратылыстанудағыдай) теориялық құрылымды алдын ала бермейді, теорияны тексеру үрдісінде ол тек саты болып табылады; ғылым түсінігі абстрактілік сипаттамаға ие; ғылыми фактілер жанама түрдегі теорияның негізгі ережесіне енеді, тәжірибе қазіргі ойланылған ғылыми теорияларға енбеген.

Ойлау мен тәжірибе арасындағы өзара өзгеру білім мазмұнында (өте әлсіз болса да) зертхана жұмыстары мен оқу эксперименті қызметінің  өзгеруінен көрінеді. Егер бұрын жаратылыстану мен өзін- өзі оқыту сабақтарында оқушы немесе мұғалімнің бірнеше тәжірибесі мен зертхана жұмысы құрту заңына жеткілікті болса, ал қазір оқу эксперименттері құбылысты анықтауға немесе заңдарды рәсімдеуге қызмет атқарады. Оқулықтардан белгілі бір заңның көпжылдық тәжірибені жалпылау ретінде алынғаны туралы сөйлемде

кездестіргенімізбен, өкінішке орай,  бұл заң айқын  емес және оны тікелей тәжірибелермен тексеру мүмкін емес. Басқа сөзбен айтқанда, тәжірибе мен теория құрылысы арасындағы күрделі байланыс анық емес түрде анықталады.

Бастапқы бетбұрыспен тағы бір-механикалық көрнекіліктің атқаратын рөлінің кішірейуі тығыз байланысты. Бұл құбылыстар механизмін ұсынуда жалғыз жол- механикалық бейнеге , өмірлік тәжірибеге сүйенуден көрінеді. Механикалық бейнесі мүмкін емес бірнеше қатар құбылыстар бар. Мысалы, толқынды және корпускулярлық қасиеті бар, бөлшектің механикалық, көрнекілік бейнесін құру мүмкін емес.

Механикалық көрнекіліктің атқаратын рөлініңң азайюы (кейде тіпті одан бас тарту) сәйкес оқу құралдарының басқа көрнекілік нысандарының (график, формула, ой эксперименттерінің ) маңызын арттыруға  әкеледі. Мысалы, қазіргі физикалық теорияның негізгі ережелерінің барлығы- салыстырмалық теориясы мен квант механикасы-ой экспериментімін рәсімделеді. Бұл тәсіл ғылыми –танымал әдебиеттерде пайдаланылады.

Соңғы он жылдықта ғылымның өзін-өзі ұғуы қарқынды дамуда. Бұл бағыттың негізі  ғылымның өзін түрлі тұрғыдан зерттеу объектісі қылу.

Толық ғылымтану бағыты пайда болды. Ғылымның методологиясы бойынша жұмыстар пайда болып, ғылымның негізін танып білу үшін

ғалымдардың  түрлі  таным әдістері мен жолдарына назар аударулары белең алуда.

Ғылымының  өзін өзі тануының  өсуі білім мазмұнына әсер етеді. Ол ғылым әдістеріне  сонымен қатар жаңа компонент –методологиялық білімдер енгізуде көрінеді. Мысалы, жаратылыстану пәндері бойынша бірқатар оқу құралдарында ғылым әдістері мен ғылым қызметіне арналған тұтас бөлімдер пайда болды.

Біз оқу пәндері мазмұнындағы ғылыми пәндер жетекші компоненттерінің ғылыми көрінісін қарастырдық. Егер ғылымның жанама түрдегі көрінісі бағдарламада сауалнамалар тізімімен көрініс тапқан болса, оқушылардың  дағдысы мен біліктілігіне, білімдеріне жанама түрдегі әсері (ғылымды қызмет ретінде ашу, оның даму бағыттарының әсері ) білім  мақсатын қалыптастыруда, оқулық мазмұнында, оқу үрдісін ұйымдастыруда байқалады. Бағдарламаға енген ғылыми сауалнамалар тізімін кей жағдайда азайту пайдалы болса, ғылымның жанама түрін оқушылардың ғылыми  және шығармашылық ойлауын дамытып және дүниетанымын қалыптастыру үшін аса маңызы бар білімді, керісінше оқыту үрдісін және айтылғандарды, түрлі каналдарды пайдалану, күшейту керек.

Келесі біздің сабағымыз оқушы мен мұғалімнің нормативтік материалдың бірі-бағдарламаға арналады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.     Ағатаев А. Қазіргі білім мазмұнын ойластыру мәселелері. – Ұлағат, 1999, №1

2.     Беспалько В.П. – Слагаемое педагогической технологии. Педагогика, 1989

3.     Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы, 2007 ж. 27-шілде

4.     Есипов Б.П. Самостоятельные работы учащихся на уроке. – М.: Педагогика, 1961

5.     Физика және астрономия ғылыми-әдістемелік  журналы 2006-2007 жыл.

6.     Александрова Г.Н. Управление самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной и педагогической деятельности. – Директор школы, 2002

7.  Физика қазақстан мектебінде ғылыми-әдістемелік  журналы  2009 жыл
                                                                                           Біләл Д.Т.  
№68 МИББ кешені
                                                                                       Абданбекова К Т.
                                                                                          № 18 ЖББОМ
                                                                            физика пәні мұғалімідері.


Скачать


zharar.kz