Мазмұны
Кіріспе …….3-4
Тарау I Кәсіпорында материалды – техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық мәні
1.1. Кәсіпорында материалды – техникалық қамтамасыз ету мақсаттары мен қызметтері…..5-6
1.2. Материалды – техникалық қамтамасыз етудің құрылымы мен бөлімдерінің міндеттері….7-9
Тарау II Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруға қызмет көрсету шаруашылығын ұтымды ұйымдастыру
2.1. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының мақсаттары мен функциялары…. 10-13
2.2. Транспорттық шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру принциптері….. 14-16
2.3. Кәсіпорынның құралдық және жөндеу шаруашылығының мақсаттары мен функциялары және жетілдіру бағыттары….17-22
Тарау III Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруына ҒТП – тің ықпал ету үрдісі
3.1. Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруына ҒТП – тің ықпал етуі …..23-27
Қорытынды ………………..28
Пайдаланылған әдебиеттер …..29
Кіріспе
Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз ету логистиканың компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып, дайын өнім өндіруде жүйеге енуде сапасын анықтайды.
Материалдық – техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар, материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал – жабдықтар және технологиялық (кесуші немесе есептеуші құрал), жаңа көлік құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар – жағар май, энергия, су т.б. Басқа сөздермен айтқанда кәсіпорынға заттай немесе энергиялық түрде түсіндіретін барлығы өндіріс материалдық – техникалық қамтамасыз ету элементтері жатады.
Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары:
— кәсіпорын бөлімшелерін қажетті сапа және көлемде ресурс түрлерімен қамтамасыз ету;
— ресустарды тиімді пайдалану — өндірісті еңбекті жақсарту, қор қайырымдылығы, өнімді өндірудің ұзақтық циклын қысқарту, айналым қорларының айналымдылығын азайту, қайталама ресурстарды толық пайдалану, инвестицияның тиімділігін арттыру;
— өндірістің ұйымдастыру техникалық деңгейінің анализі және шығарылатын өнімнің сапасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Материалды – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы мынадай блоктардан тұрады:
— ресурстарды жеткізу маркетингі;
— өндірісті ресурспен қамтамсыз етуді нормалау және жоспарлау;
— запастарды басқару;
— жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету;
— ресурстарды тиімді пайдалануды басқару;
Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына, ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен анықталады. Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және басқаларды белгілеп алу керек.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі тағайындалған өндірісті энергияның барлық түрімен қауіпсіздік техникасын қолдана отырып үзіліссіз жабдықтау, энергия ресурстарының сапалық және үнемдеу талаптарын орындау. Энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, жылылық және қаттылық, сұйық және газ түрінде, химиялық энергия буы энергиясы және жылы су, механикалық энергия.
Транспорттық шаруашылық кәсіпорынның материалдық ағыммен байланыстырушы негізі болып табылады. Транспорттық қызмет көрсетудің сапасы кәсіпорынның қалыптылық тиімділігін көрсетеді. Транспорттық операциялар өндірістік операцияның маңызы құрамдық бөлігі болып табылады. Жүк тасымалдауда жүк айналымын қысқартады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, еңбектің өнімділігін арттыруға әкеледі.
Курстық жұмыс 29 бет