Әлемдік туризм дамуының кезеңдері

Скачать


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……. 4
І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ………….. 5
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні ………………… 5
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері ………….. 6
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері …………. 6
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру …………… 7

ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ……….. 9
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм …………….. 9
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм …………. 11
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм ……………… 13
2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм…..14
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм ……………….17

ІІІ. БҰРЫНҒЫ КСРО-ДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ. РЕСЕЙДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (ХVІІІ-ХХ ҒҒ.) ……… 20
3.1 Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін) ……. 20
3.2 Кәсіпкерлік кезең (1890-1927 жж.) …………………. 22
3.3 Ұйымдастырушылық-орталықтанған кезең (1927-1969 жж.) ……. 24
3.4 Әкімшілік-нормативті кезең (1970-1990 жж.) ………… 25
3.5 Өтпелі кезең (1990 ж. бастап) ……………. 26
3.6 КСРО-дағы туризм мен экскурсиялар. 1917-1927 жж. туристік-экскурсиялық жұмыс ……….27

ІV. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ …. 30
4.1 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы …………… 30
4.2 Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері ……….. 32
4.3 Әлемдік туризм дамуының кезеңдері ……… 35
4.4 Халықаралық туризмнің дамуы ……….. 37
4.5 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу ……….. 40
4.6 Туристік ұйымдардың түрлері ……………… 43
ГЛОССАРИЙ ………….. 49
МАҢЫЗДЫ САЯХАТТАР МЕН ЖОРЫҚТАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ ……..51
ТЕСТЕР ………. 60

ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ ………… 69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……… 71
КІРІСПЕ 


Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды.

Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы  жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет  жүйелерінің негіздері қалған.

Халықаралық туризмнің тарихы пәнін оқу қазіргі жағдайда әлем туризмі дамуының негізгі кезеңдері туралы білуге мүмкіндік береді.

Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау, емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі элитарлылық пен өзінділік болған.

Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары туризмнің бастауын емделу мақсатындағы сапарлар қалаған деп есептейді. Және алғашқы туристік ұйымдар білімдік сипат алды. Шындығында да, бұл кезең аристократтық туризм деп аталатын туризмнің дамуымен сипатталады. Яғни шетелдік сапарлар халықтың ауқатты бөлігіне ғана қол жетімді болды.

Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады: әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.

Бұл оқулықта туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипатталады. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтірілген. Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму кезеңдері де беріледі.

Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналады.

Бұл оқулықты оқығаннан кейін студент мыналарды біле алады:

— әлемдік туризмнің даму кезеңдерін;

— дүние жүзінде туризмнің тарихи дамуын;

— туризм дамуының хронологиясын;

— туризм географиясының даму тарихын;

— халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы мен Қазақстан Республикасында туризмнің даму тұжырымдамаларын.
 Электронды Оқулық 73 Бет


Скачать


zharar.kz