МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…..3-бет
1 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ……5-бет
1. 1 Отау құрылыс ЖШС-ның ұйымдық құрылымы
1. 2Отау құрылыс ЖШС-ның экономикалық шаруашылық іс-әрекетін талдау
2 НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ТАЛДАУ….15-бет
2.1 Негізгі қолардың экономикалық мәні
2.2 Кәсіпорында негізгі құралдардың қозғалысын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ…….20-бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…….22-бет
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі — өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және ақпараттық т.б. жатқызуға болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі – қоғамның жаңашылдықтарда қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың өндірісінің жаңа әдісін, тауар не қызметтің жаңа түрін алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша шаралар жүйесі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл үрдістердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi. Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі мәселелерді көрсетуге болады:
— тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;
— технологиялық жаңа әзірлемелерді енгiзудiң және оларды нарыққа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа әзірлемелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;
— инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлық қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
— ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа әзірлемелерге төлемқабілетті тапсырыстың болмауы.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі.Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
Жаңа құрылысқа көп күрделі қаржы жұмсау, өндіріске қосымша еңбек ресурстарын тарту, шикізат және отын-энергетика базасын ұлғайту – осының әр қайсысының өзіндік шегі бар. Ал керісінше, экономикалық өсудің интексивтік негіздерінің: еңбек өнімділігі мен қор қайтарымын арттырудың, өнімге жұмсалатын материалды азайтудың және өнімнің сапасын жақсартудың, шын мәнінде, шегі жоқ деуге болады. өндірістің тиімділігін бейнелейді әрі осы тиімділікке себепші болады.
Техникалық прогресс жағдайында құрал-жабдықтар жаңарып, ескі жабдықтарды ауыстырып өнімділігі биік механизмдер пайда болуда. Негізі қорды қайта құруға жұмсалған қаржы-қаражаттын тиімді болуына құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзімі көп әсер тигізеді. Сондықтан негізгі қорларды тиімді және үнемді пайдалану – кәсіпорынның басты мақсаты болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: Кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында негізгі қорлардың жаңару және қайта құрылу сұрақтары негізгі мәселенің бірі болып табылады. Осыған орай негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын және қайта құрылуын қарастыру зерттеудің мақсаты болып қойылды.
Зерттеудің міндеттері:
— негізгі қордың теориялық сұрақтарын қарастыру;
— амортизацияны экономикалық категория ретінде зерттеу;
— “Отау құрылыс” ЖШС-нің негізгі қорларын, шаруашылық және қаржылық жағдайын талдау.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының кәсіпорындарға, олардың негізгі қорларын ұйымдастыру шараларына негізделген нормативтік-құқықтық базасы, “Отау құрылыс” ЖШС-нің есеп беру жүйесі.
Зерттеу пәні: Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді басқару.
Курстық жұмыс 22 бет