Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Скачать


Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Азаматтық қоғам институттарының  дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің Ел халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы жасалған. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғышарты екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеретін уақыт келген сияқты. Яғни үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы жасалып қана қоймай, Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық коммисияның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір бұтағына айналуы тиіс. Мұндай кешенді іс-шаралар тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңда көрсетілген мұратқа сай құқықтық мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізері хақ. Қазақстанның саяси жүйесінің демократизациялануы, өркениетті нарықтық экономика мен құқықтық мемлекетті құру үшін азаматтық қоғамның маңызы зор.Бүгінгі күні Қазақстанда азаматтық қоғамның құрылуы үшін керекті институттық негіз жасалған. Осының нәтижесінде құқықтық негізде көптеген ерікті ассоциациялар және ІІІ-ші сектор ұйымдары жұмыс істейді. Бірақ азаматтық қоғамның нәтижелі жұмыс істеуі үшін алдын ала институциялық жағдайлар жасау жеткіліксіз болып отыр. Азаматтық қоғамның Қазақстанда жетілмеу себептері оның мәдени-әлеуметтік жағдайлардың толық дамуымен байланысты. Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы үшін әлеуметтік эволюция қажет. Әрине бұл азаматтық қоғамның мәдени-әлеуметтік дамуын қол құсырып күтіп отыруын қажет етпейді. Мәдени-әлеуметтік даму уақытқа ғана байланысты емес, ол мемлекеттің, қоғамның және оның институттарының белсенді күш салуына байланысты. Азаматтық қоғамда азаматтардың халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси және мәдени тұрғыда жоғары дәрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет-конституциялық басқару тәртібі қамтамасыз етілген, шын мәнісіндегі билік бөлінісі мен олардың тиімді қарым-қатынасы мен өзара бақылауы жүзеге асырылған, саясат пен билік құрылымына әлеуметтік бақылау орнатылған, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі қалыптасқан мемлекеттік құрылым. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саңылауы, заңның халықтың еркін білдіруі және жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі танылады. Бұл мемлекетте пікір алуандылығы кең өріс алады. Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйенің келешегін құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуымен байланыстырады. Бұл бағытта атқарылып жатқан істер баршылық. Қазақстандықтар заңдық кеңістікте өмір сүру дәстүріне үйрене бастады[1].Бірақ Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы ісінде елеулі қайшылықтар бар. Д.Арғымбаев негізгі төрт қайшылықтарды атап көрсетті:

Бірінші қайшылық-басқарушы элита өкілдері мен қатардағы азаматтардың заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі.Осының нәтижесінде заңдар жұмыс істеуге қабілетсіз болады.

Екінші қайшылық-Қазақстанда құқықтық қоғамның батыстық стандартына ұмтылудан туады. Қазақстан қоғамының тарихи тәжірибесі мен саяси дүниетанымының түп-тамырлары ескерілмейді. Үшінші қайшылық-қазақстандықтардың саяси-құқықтық мәдениетінің ұлттық дәстүрлерден, ең алдымен қазақ этносының танымдық кеңістігінен қол үзуіне байланысты.

Төртінші қайшылық-қазақстандықтардың құқықтық мәдениетінің төмендігі.Ел халқының коммунистік жасанды идеологияның ықпалында болуы, өтірік пен алдаудың билік құруы азаматтардың заңды құрметтеуін, заңды үнемі басшылыққа алып, орындап отыруға құлшынысын әлсіретті.

Азаматтық қоғам құрып, одан құқықтық мемлекетке өту жолында осы аталған қайшылықтар ескеріліп, жойылмаса біз Қазақстанда азамат қоғамын құра алмаймыз. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте ең бірінші орында азамат, оның құқықтары мен бостандықтары, заңдық тұрғыда қорғалынуы тұрса — құқықтық демократиялық мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар-Конституция зор маңызға ие болады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы 1995 жылы Конституциясы демократиялық қоғам құру мен әрбір жеке адамның автономиясының заң жүзіндегі кепілдіктерін қамтамасыз етуге қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Олардың  қатарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негізде бекітілуі, билік тармақтарының бөлінуі, тәуелсіз конституциялық бақылаудың, заңның үстем болуы, идеологиялық және саяси әр алуандылықтың өрістелуі және т.б. конституцияда бекітілген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытудың ұстанымдары бар.

Қазақстан қоғамында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті орнықтырудың басты алғышарттары мен ұстанымдарын негіздеп, оны қамтамасыз етуде қоғамдық саяси өмірге демократиялық нысанды енгізу бірден бір дұрыс бағыт болып табылады. Азаматтық мемлекет пен құқықтық мемлекетті қалыптастыру күрделі, ұзақ та қайшылықты процесс.Олар қоғамдық-саяси күйдегі заң орындарының жарлығына сәйкес пайда болмайды. Бұл құрылымдар белгілі бір тарихи кезең аралығында саяси жүйенің табиғи деңгейде жоғары дәрежеде дамуына байланысты негізделген.

Демек, Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне қазақ ұлтының тарихи ой-санасы мен саяси мәдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт. Сонымен жоғарыдағы қарастырылған мәселелерді қортыта келе, азаматтық қоғам мен құқықытық мемлекет құру жолында Қазақстанда күрделі процестер жүріп жатыр деп айтуға болады. Атап айтар болсақ құндылықтарды бағалау, рухани бағдарлардың жаңа мәнге ие болуы, қоғамдық сананың трансформациялануы билікке, қоғамға, саяси жүйеге деген көзқарастарды қалыптастыруда. Бұл жағдайда авторитарлық басқару әдісінен бас тартып, азаматтық қоғам мен  құқықтық мемлекет негізін құруға бағыт алған  Қазақстан саяси басқару жүйесі, өз қызметінде демократиялық нормалар мен принцптерді басшылыққа алуы қажет. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, биліктің бөлінуі, жаңа конституция қалыптасып жария етілгенімен, халық билігі немесе демократия типіндегі билік формасы біздің қоғамымызда әлі қалыптасқан жоқ. Біздің қоғамымыз қазір екі жүйеде дамуда. Бір жағынан ұлтаралық татулық, келісім, халықтың биліке деген сенімі түрлі саяси күштердің барлығының көрінісі бар, ал екінші жағынан–қоғамның барлық саласын қамтыған жемқорлық, қатаң орталықтанған билік, үкіметке деген сенімсіздік және қоғамдағы қалыптасқан жүйеге деген қанағаттанбаушылық бар.Осыдан ой түйіндейтіміз азаматтық қоғам елімізде қалыптасу сатысында, әлі елімізде шынайы саяси билікке бәсекелес болатын, саяси күштердің теңдігін қамтамассыз ететін, үкімет қызметіне бақылау жасай алатын күш қалыптаспай жатыр. Оған кедергі болып жатқан бұрынғы тоталитарлық тәртіп пен номенклатуралық жүйеге үйренген- қоғамдық сана. Ескертетін бір жағдай Қазақстандағы демократияның дамуы халық қалауымен емес, биліктің саяси бағытынан туындаған. Батыс елдері демократиялық бағытқа жаңа қатынастардың дамуы нәтижесінде, атап айтқанда құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, мемлекет қызметінің шектелуі, жергілікті өзін басқаруға деген ұмтылыстың ұзақ процесінде түсті. Осыған сәйкес  Қазақстан да өзіне қажетті құндылықтарды енді игеріп, азаматтық қоғам бағытына енді ғана аяқ басты. Ал бұл процесс Қазақстан үшін ұзақ та күрделі процесс болмақ


Скачать


zharar.kz