Ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті туралы қазақша реферат

Скачать


Ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті туралы қазақша реферат

Рулық құрылыс ыдырауы дәуірінің қауырт өскен экономикалық және әлеуметтік процестері тиісті білімдер негіздерін одан әрі өсуі жол ашты. Егіншіліктің, әсіресе ирригация егіншілігінің дамуы күнтізбені, демек астрономиялық байқауларды реттеуді талап етті. Алғашқы күнтізбелер, әдетте, айлық күнтізбелер еді, бір айлық жыл күндік жылмен сай келеді, бұл да математикалық білімдердің дамуына түрткі салды. Бұдан басқа есептеу жүйесін жетілдіруге жол ашқан айырбастың дамуы және жеке егіншіліктің тууы геометриялық есептен шығару ісін өрістетті. Рудалық металдарды балқытудың дамуымен химия негіздері туды. Тонаушылық соғыстардың дамуымен байланысты құрылыстық және теңіздік жорықтар сол бір астрономиялық байқауларды жинауға, сондай-ақ география мен картографиянын дамуына жол ашты.

Қорғаныс құрылыстарын дамыту монументалды тас архитектуранын негізін ашуға көмектесті. Әскери-тайпалық ақ сүйектердің қажеттері үшін зергерлік безенгіштер, қымбат қарулар, ыдыстар, киім-кешектер жасау қажеттігі туды. Осыған байланысты торевтика-көркемдеу, мәнерлеу, қию, металл бұйымдарды өрнектеу, сондай-ақ эмальды, сүйек, мүйіз, асыл тастар т.б. ойып жасау ісін қолдану кеңінен тарады. Металды көркемдеп өңдеудің бастапқы кезеңі Солтүстік-Батыс өңірлердің мыс пластикалардағы шебер қақталған және гравирленген белгілерінде бейнеленген.

Осы дәуірге тән тонаушылық және қорғаныс соғыстарының дамуымен байланысты қаһармандық эпостардың дамуына жол ашты. Илиада мен Одиссея, Рамяна мен Антар т.б. аңыздар негізінен рулық құрылыс ыдыраған дәуірде қалыптасты. Халықтын ауыз әдебиеті шығармашылық таптың негіздер ене бастайды: әскери-тайпалық ақсүйектерді мадақтап, көтермелеген жыраулар, оның шыққан тегін, әскери ерлігін, еңбегін, байлығын бастады.

Діннің дамуы. Рулық құрылыстың ыдырауы процесінде өмірдің жаңа жағдайларына сай келетін діннің жаңа формалары туып, дами бастады. Тайпалық ұйымдардың күшейе түсуі мен тайпалық одақтарын құрылуы тайпалық қолдаушыларға табынуды орнықтырды. Осы дәуір үшін ерекше тән болып келетін дін формалары құпия одақтардың үрей тудыратын аруақтарына табыну мен тайпалық көсемдерге табынуды құрады.

Таптыққа дейінгі кезден таптық қоғамға көшу сатысында кәсіби ой еңбегінін бөлінуі басталды. Мұндай кәсібилер жыраулар, әншілер, театрланған мифологиялық көріністі қоюшылар, бақсылар, абыздар болды. Бұларға ішінара істемелік өнерінің шеберлерінде жатқызуға болады. Бұлардың еңбегі бүтіндей алғанда қауымдық еңбек ретінде төленді, ал жеке алғанда өнер мен дінді өз өкіметінің билігін нығайту үшін пайдаланған әскери-тайпалық ақсүйектер төлеп отырды. Тек абыздар ғана емес, сондай-ақ көптеген әнші-жыраулар да көсемдердің қол шоқпары болды. Бірақ бүтіндей алғанда маманданудың басқа түрлері сияқты кәсіби аң еңбегінен бөлінуі рухани мәдениеттің дамып, баюына орасан үлкен дәрежеде жол ашты.


Скачать


zharar.kz