Туризм және экология
Туристік базалардың салынуы және ағымдардың шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік құндылығын төмендетеді.
Туризм дамуының экологиялық жағдайларға теріс әсері:
-туристік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандалуы;
-туризм жүйесіндегі мекемелердің және ұйымдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде қоршаған ортаның ауасының ластануы, бұл ластану көбіне көлік құралдары мен коммуналдық қондырғыштармен байланысты;
-туристік мекемелердің суды пайдалануының нәтижесінде сулардың ластануы;
-туристердің көп шоғырлануынан қоршаған ортаның шумен ластануы;
-ландшафт эстетикасының нашарлауы немесе мүлдем жойылып кетуі, бұған әсер ететін 2 фактор бар:
1. туристік құрылыстардың шамадан тыс салынушоғырлануы.
2. олардың жобасыз, тиімсіз орналасуы.
-табиғи ортадағы туристерден қалатын қоқыстар мен қалдықтардан табиғи ортаның ластануы;
-туристердің дұрыс қолданбауы немесе шамадан тыс қолдануының нәтижесінде археологиялық және тарихи ескерткіштерге зиян келуі;
-жерді дұрыс пайдаланбау, дұрыс жобаламау және туристік обьектілермен мекемелерді дұрыс орналастырмау нәтижесіндегі экологиялық қауіп-қатерлер мен мәселелер.
Туризм дамуының экологиялық жағдайларға оң әсері:
-маңызды табиғи территориялар мен фаунаны қаржыландыру мүмкіндігі, экожүйелер мен ұлттық жене аймақтық парктер мен қорықтарға қаржылық көмек көрсету;
-туристік мақсатта қолданылатын тарихи аудандарды сақтап, одан әрі дамытуға көмек беру;
-қоршаған орта сапасын жоғарлатуға көмек беру, инфрақұрылымды жетілдіру;
-жергілікті тұрғындардыңэкологиялық білім деңгейін көтеруге, сондай-ақ жастардың экологиялық танымдылық деңгейін жоғарлатуға көмектесу.
Ал экотуризмнің басқа туризмнен айырмашылығы экотуризм табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды пайдаланады.
Қоршаған ортаға зиян келтірмейді, экологиялық жағынан тұрақты туризм түрі.
Экотуризм – экологиялық білімділік және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке бағытталған.
Экотуризм – жергілікті әлеуметтік мәдени ортаның сақталуын қамтамасыз етеді.
Туризмнің бұл түрі экономикаға жоғары деңгейде әсер ете отырып, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Демек, экологиялық туризм қазіргі кездегі әлемде болып жатқан экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі соның бір жолы болып табылады, табиғи кешендердің бір қалыптылығын сақтайды.