Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары туралы қазақша реферат
Қазақстанның аймақтары бойынша кедейлік деңгейіндегі өткір дифференциация байқалады.
Кедейлік деңгейі бойынша ең дұрыс жағдай 2004 жылы Астана және Алматы қалаларында болды, осы қалаларда күнкөріс минимумының мөлшерінен төмен табысты халықтың үлесі сәйкестігіне қарай 1,1 және 2,8 %-ды құрады. Кедейліктің ең жоғары деңгейі – 29,1 % Атырау облысында тіркелді, бұл ретте осы облыста халықтың жан басына шаққандағы жалпы аймақтақ өнімнің (ЖАӨ) өндіріс көлемдері мен орташа жалақы мөлшері өте жоғары. Сондай-ақ Маңғыстау және елдің оңтүстік облыстарында кедейліктің жоғары деңгейі байқалады (26-21%). Қазақстанда адамның кедейлігіне себеп болатын негізгі факторлардың бірі оның тұрған жері болып табылады. Экономикалық реформалар экономика секторларының дамуына әркелкі әсер етті, соның салдары ретінде, әр облысқа олардың өндірстік мамандануына қарай әркелкі ықпалын тигізді. Әсіресе бұл ауылшаруашылығына қатты әсерін тигізді, осы салада қазір ең төменгі еңбек өнімділігі және соған сәйкес халықтың төмен табыстары орын алған. Оңтүстік ауылшаруашылық облыстары дәстүрлі түрде кедейліктің жоғары көрсеткіштерімен көзге түседі. Осы аймақтардағы халықтардың тұрмыс деңгейін нашарлататын тағы бір факторына ресми емес экономиканың болуы жатады, ол үй шаруашылықтары табатын табыстың бір бөлігін есепке тіркеуден жасыруға жағдай жасайды.
Қазқстанның батыс облыстарында (Атырау және Маңғыстау облыстарында) өнеркәсіп өндірісінің үлесі ЖАӨ-ң тең жартысынан асады. Алайда жергілікті халық мұнай-газ секторындағы жоғары табыстар өндірісіне мардымсыз қатыстырылған, соның нәтижесінде бұл облыстар да сондай-ақ кедейліктің ең жоғары деңгейі орын алған аймақтар қатарына жатады. Облыстар арасындағы кедейлік деңгейіндегі айырмашылықтар да сондай-ақ халықты жеткілікті жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін нашар дамыған еңбек нарығымен де байланысты. Қазақстанда ауылдағы кедейлік қаладағымен салыстырғанда анағұрлым көп жоғары. Соңғы жылдарда ауыл мен қала арасындағы кедейлік ауқымдарының дифференциациясына 2001 жылғы 1,9 еседен (сәйкестігіне қарай 38,5% және 20%) 2003 жылы 2,9 есеге дейін (30,9% және 10,8%) және 2004 жылы 2,7 есе өсті. Қалалық жерлерде 2004 жылы кедейлік тұрмыс Қызылорда (21,4%), Атырау (20,6%), Жамбыл (14,6%) және Оңтүстік Қазақстан (17,0%) облыстарында, ал ауылдық жерлерде Маңғыстау (47,0%), Атырау (41,8%), Қызылорда (35,7%) және Қарағанды (38,9%) облыстарында көбірек тараған.
Ауыл және қала кедейшілігі көріністерінің айырмасы шамалы. Тұрған жерлеріне қатыссыз Қазақстандағы кедей тұрмысты халық негізінен еңбекке жарамды азаматтар (жұмыс істейтіндер және жұмыс істемейтіндер) және 16 жасқат дейінгі балалар арқылы көрсетілді. Ккедей тұрмысты ауыл тұрғындарының арасындағы балалардың болмашы басымдығы ауыл отбасыларының біршама үлкен көлемдерінен туындайды.
Зерттеу барысында ауылдағы орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыс есептелді. Ауыл халқының ақшалай табыстарының деңгейінде үлкен алшақтықтар бар екендігін зерттеу нәтижелері растайды (852-3285 теңгеге дейін). Бұл цифрлар республикадағы күнкөріс минимумының деңгейінен едәуір төмен.
72% — онсыз күн көре алмаймыз
17% — маңызы үлкен бірақ онсыз күнелтуге болады
9% — аса үлкен маңызы жоқ
2% — ешқандай маңызы жоқ
Кесте 5. Облыстар бөлігінде ауыл тұрғындары үшін қосалқы үй шаурашылығының маңызы (үй шаруашылықтары бар респонденттер)
Облыстар
Онсыз күн көре алмаймыз
маңызы үлкен бірақ онсыз күнелтуге болады
аса үлкен маңызы жоқ
ешқандай маңызы жоқ
Солтүстік Қазақстан облысы
89%
7%
3%
1%
Шығыс Қазақстан облысы
76%
16%
7%
1%
Қарағанды облысы
76%
18%
3%
3%
Оңтүстік Қазақстан облысы
66%
19%
14%
1%
Алматы облысы
56%
28%
14%
2%
Атырау облысы
56%
20%
23%
1%
Ауылдағы отбасылардың тең жарымына жуығында (44%) қосалқы үй шаруашылығы бар, олар отбасының өзін-өзі қамтамасыздандыруы үшін ауадай қажет, оны 72% респонденттер атады. Осындай отбасылардың ең аз саны Атырау (20%) және Оңтүстік Қазақстан (23%) облыстарында белгіленген. Мұндай шаруашылық ақшалай табыстарының деңгейі анағұрлым төмен аймақтар тұрмысында көбірек рөл атқарады, олар: Шығыс Қазақстан (43%), Қарағанды (53%) және Солтүстік Қазақстан (77%) облыстары.
Ауыл жұмыссыздығы. Ауылдық жердегі экономикалық белсенділіктің деңгейі соңғы үш жылдың ішінде елеулі өзгерістерге ұшырады, ол демографиялық және көші-қон үдерістерімен байланысты. Ауылдағы жұмыссыздық ауылдық жердегі тұрмыстың деңгейі мен сапасына едәуір ықпал етеді, ауыл тұрғындары үшін білім және денсаулық сақтау қызмет көрсетулерінің мүмкіндігін азайтады, сондай-ақ олардың өсімпаздық тәлімдерін өзгертеді. Әлеуметтік сауалнама деректері мынаны көрсетеді, зерттеу жүргізілген аймақтарда респонденттердің тең жарымына жуығы (46%) өздерін жұмыссыздар қатарына жатқызған. Олардың небәрі үштен бір бөлігі (34%) жұмыс іздеп, тек 6%-ы ғана өзінің меншікті жеке ісін бастағысы келген. Осындай жағдайдың негізгі себебі ауылда жұмыс табуға сенімнің жоғалғаны болып табылады.
Кесте 6. Жұмыссыздар үшін жұмыс іздемеу себептері
Жұмыс табуға үміт жоқ
Қай жерден және қалай жұмыс табуды білмейді
Денсаулық жағдайына байланысты
Барлығы
40%
23%
6%
Алматы облысы
23%
9%
4%
Атырау облысы
45%
29%
2%
Шығыс Қазақстан облысы
40%
21%
9%
Қарағанды облысы
36%
20%
7%
Солтүстік Қазақстан облысы
60%
17%
9%
Оңтүстік Қазақстан облысы
38%
32%
6%
Ауылдағы негізгі жұмыс беруші – мемлекет, ол 33% шамасындағы жұмыс орындарымен қамтамасыздандырады.
Кесте 7. Ауылдық аудандардағы негізгі жұмыс берушілер
Мемлекеттік (бюджеттік) ұйымдар мен мекемелер
Мемлекеттік емес құрылымдар
Шаруа қожалықтары
Өздігінен жұмыспен қамтылғандар
Барлығы
33%
29%
22%
16%
Алматы облысы
27%
38%
21%
14%
Атырау облысы
45%
20%
19%
16%
Шығыс Қазақстан облысы
34%
14%
22%
20%
Қарағанды облысы
35%
28%
21%
16%
Солтүстік Қазақстан облысы
26%
34%
26%
13%
Оңтүстік Қазақстан облысы
32%
28%
23%
8%
Зерттеу нәтижелері ауыл тұрғындарының отбасылық немесе шағын бизнес ұйымдастырғысы және сол арқылы өздерінің тұмыстарын жақсартқысы келген тілектерін іске асыруды қиындататын айтарлықтай маңызы бар факторды анықтады. Ол – денсаулық сақтау проблемасы.
Сарапшылардың пікірлері бойынша, ауылдық аудандардағы тұрғын халықтың денсаулық жағдайына мынадай факторлар жағымсыз әсерін тигізген:
ауылдықтардың басым бөлігінің тұрмыс сапасының нашарлауы;
шалғайдағы елді-мекендер тұрғындарының мамандандырылған, ал кейде тіпті бастапқы медициналық көмекке қол жеткізулерінің шектеулі мүмкіндігі;
халықтың негізгі бөлігінің салауатты өмір салтын ұстануға машықтарының болмауы;
балансталмаған және жеткіліксіз тамақ;
сумен жабдықтаудың қауіпсіз көздеріне қол жеткізудің шектеулілігі;
қолайсыз экологиялық ахуал және қатал климаттық жағдайлар.
Ауыл тұрғындарының пікірлері бойынша, зерттеу жүргізілген 36 елді мекенде медициналық қызмет көрсетудің сапасы одан әрі нашарлап барады. 6 ауылда фельдшерлік пункт жоқ, 24 ауыл бастапқы жедел медициналық жәрдем ала алмайды, 5 ауылда балалар дәрігері жоқ. 13 ауылдың тұрғындарында босану үшін жәрдем тек аудан орталықтарында жоспарлы тәртіппен көрсетіледі. 23 ауыл ауруханадан 30 шақырым, емханадан 35 шақырым қашықтықта тұрады, ең жақын фельшерлік пунктке дейін 20 шақырым. Қажетті дәрі-дәрмекті тіпті ақылы түрде де 8 елді мекендегі тұрғындар дәріханалық ұйымдардың жоқтығынан сатып ала алмайды, барлық респонденттер дерлік бағаларының қымбаттығынан қажетті дәрі-дәрмектерге қолдары жетпейтінін айтады. Мамандандырылған (арнайы) медициналық көмектің болмауынан, ауыл халқының көпшілігі, әсіресе орталық және аудандық ауруханалардан шалғай қашықтықта тұратындары (200-500 км) амалсыздан республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына және Астана мен Алматы қалаларындағы мамандандырылған ҒЗИ қаралуға мәжбүр.
Ауылдағы денсаулық сақтау саласындағы проблемалар қатарында репонденттер мыналарды атады:
медициналық қызмет көрсетулерге қол жетпеушілік — 74%;
денсаулық сақтау жүйесінің ұйымына қанағаттанбайды және жергілікті мединицалық қызметкерлерінің біліктілігіне көңілдері толмайды – 60,5%;
кепілденген медициналық тегін көмекті тек 3% ғана тұрғын алады;
ішінара алатындар — 27%;
алмайтындар — 70%