Музыкалық тіл - музыкалық әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру

Скачать


Музыкалық ойлау – күрделі эмоциялық сенсорно — интелектуалдық білімділік процесс және музыкалық шығарманы бағалауы. Күрделі деген, әлі де не музыкатануда, не психологияда, не педагогикада ортақ шешім жоқ деген сөз. Оны не интелектуалды қабылдауы , музыкаға адамның сәулесі , музыканы меңгеру дейді т.с.

Сондықтан, 4 пен 7 жас кезінде баланың музыкалық — қабылдау ойлауы бірлік пен қарым — қатынасы екі негізгі бағытта дамиды: а) өз-өзіндік интонациялық қабылдауда және музыканы сезінуі; ә) өмірлік пен тәжірибе алған баланың жеке қабылдаушылығы.

         Музыкалық импровизация — өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.

Музыкалық тіл – бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық ақпаратты жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл – грамматикалық норма жүйесі, қолдану ережесі, сөз-моделді қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.

4 жасында бала музыкалық-шығармашылық қабілеті бастапқы жағдайда және де музыкалық ойлауының өнімі ретінде қалыптасады. Бұл кезеңді байқау, сынау дейміз.

5 жасында бала өзінің музыкалық импровизациясында кең мағынадағы мазмұнын қолдана алады. Бұл кезеңді ырғақтық кезең деуге болады.

7 жасар бала музыкалық импровизациясының бейнелеу мазмұны кеңейе түседі: көңіл-күй сюжетінің кеңдігі байқалады. Сондықтан, мектепке дейін және мектеп кезеңінде оқушыда көркем-бейне, музыкалық ойлау қалыптасады. Бала шығармашылығында кең және аяқталған әуендер пайда болады (период формасындағы — әуендік кезеңнің дамуы).

Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың музыкада өз-өзінің әсерлігі.


Скачать


zharar.kz