Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері

Скачать


Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:  
1. Туристік ағымның көлемі. 2. Тэуліктік туристік төлемнің орташа көлемі 3. Материалдық-техникалық базаның даму жағдайы. 4. Туристік фирмалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері 5. Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері.
Туризмнің материалдық-техникалық базасының жағдайы және дамуын сипаттайтын көрсеткіштер елдердегі туризмнің күшін анықтайды.

Оларға жататындар:

мейманхана қорындағы төсек орны және басқада орналастыру құралдары;

тамақтану кәсіпорындарындағы орын саны;

ойын-сауық орындарының саны т.б. Төсек орын қорының күші төмендегідей анықталады.

KT = CTx365 + Ccxt

Кт — төсек-орын қорының күші; Ст — қолданылатын төсек-орынның жылдық саны; t-сезондық қолданылатын күндер.

Алматы мен Алматы облысы аймағында 2000 жылы туристік 142 объект 38,2 мың орын орналастыруға мүмкіндігі болды. Мамандардың есебі бойынша, жылдық қолданудағы төсек саны 15,1 мың, сезондық қолданудағы төсек саны 36,9 мың, ал «жоғарғы сезондық» күндер саны 60. Осыған қарап Алматы мен Алматы облысы аймағында төсек-орын қоры 332904 мыңға тең деп айтуға болады. Ал, 2001 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42,8 мың орын болған. 2001 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42,8 мың орын болған. 2001 жылы Алматы мен Алматы облысында төсек-орын саны 403146 мың орынға артқан. Туристік ағымға келетін болсақ бұл елге келетін туристердің тұрақты келуі деп түсінеміз. Туристік ағымның көлемі келесі көрсеткіштермен сипатталады: туристердің жалпы саны;

туристік күндердің саны;

елде болатын туристердің күнінің орташа мерзімі.

Туристік күндерді есептеу үшін келушілер санын, елге келетін әр туристің орташа мерзіміне (күніне) көбейту қажет. Туристік күндер туралы ақпарат қоғамдық инфрақұрылым жоспарлауда және материалдық-техникалық базаны дамытуда мамандар үшін қажет дерек болып табылады.

KT = CT x Кор 

Кт — туристік күндер; Ст — туристердің саны; Кор — күндердің орташа саны.

Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша туристердің болу мерзімінің орташа мерзімі 2000 ж. 16 күн, сондай-ақ 2001 жылыда 16 күн болған, ал туристердің келу саны 2000 жылы 228,3 мың, 2001 жылы 146,9 мың адам. Осыған байланысты туристердің күні

2000 ж.= 228,3 х 16-3652,8

2001 ж. = 146,9 х 16= 2350,4

Бұл есептеуден көрінгендей 2001 жылы туристердің күні төмен, ал туристердің орташа болу мерзімінің төмендеуіне байланысты. Тағы дасебептерінің бірі фирмалардың ішкі туризммен айналысуының көбеюінен деп санаймыз. Оған төмендегі көрсеткіш дәлел: 2000 ж. 31,6% болса 2001 жылы 37,9% ке өскен.

Осы есептеулерге байланысты әр туристің бір тәулікте қанша қаржы шығаратыны белгілі болады. 2000 жылы туризмнен түскен табыс 1876,42 млн тенге, ал 2001 жылы 1340,3 млн тенге, (2001 жылы төмендеу себебі туристік күндер азайған). Егерде осы көрсеткіштерді шет елдік туристер санына бөлсек 2000 жылы — 228,3, 2001 жылы 146,8 ал шыққан санды туристердің орташа болған күніне көбейтсек (орташа күн 10,5) онда

К2000 = 1876,42 228,3 х 10,5 = 86,3 мың теңге

K2001 = 1340,3 146,9 х-10,5 = 65,8 мың теңге

Ал туристтердің қаржы шығару соммасын төмендегідей шығаруға болады.

Кжалпы сомасы= Кт х Кор (тәулікте)

Онда 2000 ж. Қж. сом = 863 х 3652,8 = 315236,64 мың теңге 2001 ж. Қ Қж. сом = 95,8 х 2350,4 = 225168,32 мың теңге

Шығаратын қортынды туристердің бір тәулікте шығаратын қаржысының орташа көлемі өссе, туристердің жылдық шығаратын қаржының көлемі азаяды.

Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасының туристік қызметінің экономикалық көрсеткішін көруге болады.

Кесте 1
  Көрсеткіштер аты Өлшем бірлігі 2000 ж. 2001 ж. Ауытқу (+-) % 1. Төсек-орын қорының қуаты мың 332304 403146 70242 1,2 2. Туристік күндер саны Тур күн 3652,8 2350,4 -1302,4 0,4 3. Туристердің шығаратын қаржысының көлемі мың теңге 315236,64 225168,32 90068,32 0,7
Соңғы 10 жылдықта әлемдегі туризм саласы көп өзгерістерге ұшырады.

Мысалы: 1950 жылы әлемде 25,3 млн туристер болса, 2001 жылы 700 млн -ға артты. Қазіргі кезде туризм бүкіл әлемде кеңірек тарауда. Бірақта олардың өсу деңгейі әо аймақта әр түрлі оны 2-ші кестеден көруге болады.

Кесте 2

Әлемдік туризмнің даму деңгейі 

1999-2001жж. 
региондар Туристердің келуі млн. адам %-тік

өзгерісі Туризм түсімі АҚШ млрд. долл. %-тік өзгерісі 1999 2000 2001 99 0 0 00 01 1999 2000 2001 99 00 00 01 Африка 21,5 23,2 24,9 7,4 7,5 8,3 9,0 9,6 4,5 5,9 Америка 115,4 118,5 120,2 5,4 1,4 112,7 118,8 121,2 5,8 2,1 Шығыс Азия және тынық мұхит регионы 87,5 88,0 86,9 1,0 -1,2 81,3 76,6 73,7 1,1 -3,8 Европа 350,2 361,5 ‘372,5 3,6 3,0 216,5 218,2 226,1 5,8 3,6 Таяу Шығыс 14,1 14,8 15,6 6,1 5,3 7,7 9,1 9,7 10,5 6,4 Оңтүстік Азия 4,3 4,8 5,1 5,1 5,0 3,9 4,3 4,4 6,5 2,8 Барлық әлем 594,1 610,7 652,2 3,8 2,4 435,1 435,9 444,7 1,0 2,0
 

 

Туризм, болып жатқан дағдарыстарға қарамастан тұрақты дамуда. Әлемдік туризмде 2 бағыт көрініс тапқан. Біріншісі сыртқы экономикалық және саяси факторларға әсері, екіншісі соған қарамастан қиындық жағдайында өз көлемін тез арада қалпына келтіру.

2001 жылғы көрсеткіштерге қарасақ АҚШ-тағы және Таяу Шығыстағы күшті экономикалық дағдарысқа байланысты туризм 1,2 % төмендеген, табыс 4% ке қысқарды. Туризмнің Африкада дамуы 7,5% өсті, оның себебі Оңтүстік Африканың табиғатына қызығушылықтың артуынан болды. Европадағы туризм индустриясы жалпы аймақтағы экономикалық өсу бағытына байланысты. Туристік көрсеткіштерге ықпал еткен жағдай әлемдік көрмелердің, әр түрлі спортты глористардың әсерінен болды. Қорыта айтқанда әлемдік туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасап төмендегідей қорытындыға келуге болады.

— саяси және экономикалық дағдарыстарға қарамастан, туристтік секторда туризм қызметінің екендігі көрінеді;

— Аймақтар арасында бәсекелесудің күшейгені байқалады.;

— Жекелеген туристік компаниялардың капиталдарының шет елдік нарықка шығу белсенділігі көрінеді;

— Туризм өндірісіне қызмет көрсетудің бірігуі жүріп жатыр.

Осы жағдайларға байланысты жаңа мыңжылдықтың алғашқы 10 жылдығы туризмнің дамуының негізгі белгілері айқындалады.

— Халықаралық туризм қызметінің көрсеткіштерінің өсуі.

— Әлемдегі экономикалық және саяси жағдайлардың туризмге тигізетін әсері.

— Туризмнің анықтаушы факторлары әлеуметтік-демографиялық өзгерістер, электрондық хабар, коммуникациялық жүйе болады.

— Аймақтардағы туризм қызметінің дамуы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне ауысады деген болжам бар.

Сонымен көптеген елдердегі туризмнің дамуына талдау жасай келе, түсінгеніміз ішкі туризмнің дамуына көңіл бөлу қажет.

Тиімділік — түсінігі қандайда бір болмасын нақты тиімділік, яғни нәтижеге жету .

Экономикалық тиімділік — ол шаруашылық процессі белгілі бір мөлшерде ақшалай, материалды, хабарлау ресурстары, жұмысшы күші шығындарынан нақты табыс табу нәтижесі.

Ал, туризмнің экономикалық тиімділігі ұтыс табу. Ол:

— мемлекеттік масштабта туризмді ұйымдастыру;

— аймақтың халқына туристік қызмет көрсету;

— туристік фирмалардың өндірістік-қызмет көрсету процессі.

Туризмнің экономикалық тиімділігі қоғамдық еңбекті жалпы тиімділігі және нақты көрсеткіштерімен, критерияларымен белгіленеді.

Критериялар алға қойған мақсатқа жету, оның дұрыс шешім екенін түсіну. Критериялардың қажеттілігі өндірістік қызмет көрсету процессінің тиімділігі есептеуде қандай позициядан қарастыру қажет екенін көрсетеді.

Қоғамдық өндіріс бүкіл қоғамның мүддесін қорғайтын болғандықтан, жалпы қоғамның көздеген мақсаты орындалғандығымен бағалануы тиіс.

Туризмдегі тиімділік проблемасын қарастырғанда жүйелі түрде қарау керек. Туризмді ұйымдастыру құрылымы негізінен үш буыннан тұрады:

— әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылымның салаарылық кешенді жүйесі;

— аймақ көлемінде жеке шаруашылық салалары;

— туристік шаруашылық субъектісі (туристік фирмалар).

Сондықтан да, туризмнің тиімділігін үш аспекте қарастырамыз: қоғамдық деңгейде (халық шаруашылығы саласында, жеке туристік фирмада). Барлық критериялардың комплексті тиімділігін жинақтау үшін, қоғамдық деңгейде қойған мақсаттар жүйесі және жеке мақсаттарды көрсету қажет . Бұл үшін критериялар мен мақсаттар ағашы әдісін қарастырамыз. Әдістің бұл көрсеткішінде әр мақсатқа нақты критериялардың сай келуі мақсатқа қол жеткізудің дұрыстығын көрсетеді.

Елдің экономикасына туризмнің жағымды ықпалы, туризм елде жан-жақты дамыған кезде болады.

Туризмнің экономикалық тиімділігі туризм елде халық шаруашылық кешенінің салалары мен қатар дамығанда ғана көрінеді. Туризм елдің ұлттық табысын құруда қатысады .

Туризмде ұлттық табыстың үлесі Германияда 4,6%, Швейцарияда 10%. Туризмнің елдің экономикасына тікелей ықпалы-ол туристердің туризмнің қызметі мен тауарларына шығарған қаржысы.

Туристердің келген жерінде шығарған ақшасы табыс алып келеді, әрі қарай тізбектеліп кете береді: шығын-табыс-шығын. Осы процес туризмнің, елдің экономикасына жанама ықпалы болып саналады. Туризм қызмет көрсету мен тауарға екінші сұраныс тудырады. Елдің экономикасына туризмнің жанама салуы туристердің нақты бір уақытта және орында қызмет пен тауарға шығарған шығынның қайталану әсері көрінеді. Бұл әсер мультипликация әсері немесе мультипликатор деп аталады.

Мультипликатор — таза ұлттық өнімнің тепе-теңдігінің ауытқуының арақатынасы, шынайы таза ұлттық табыстың осы өзгерісін туындатқан инвестицияға қажетті шығындардың бастапқы өзгерісі:

М=Δ4ҰӨ ΔТҰӨ ,

М — мультипликатор;

ΔТҰӨ — таза ұлттық өнім;

ΔИ — инвестициядағы бастапқы өзгеріс.

Осыдан шығады:        ΔТҰӨ =М* ΔИ

Туризмнің мультипликаторлық табысының қызметін төмендегідей мысал арқылы түсіндіруге болады.

Табыс — ол фирмалармен кәсіпорындардың туристік қызмет пен тауарларды сатудан түскен түсім. Аймақтың табысы — ол осы түсімнен алған салық. Туристік фирмалар жергілікті қызмет пен тауарларды сатып ала бастағанда, туристердің ақшасы аймақтың экономикасына толық жұмыс істей бастайды. Осы тауар мен қызмет көрсетудің сатушылары туристерден ақша алып, оны жұмыскерлеріне жалақы ретінде төлейді, олар оны тағы да тауар мен қызмет көрсетуге жұмсайды. Осылай қайталана береді.

Туристерден түскен ақшаның жартысы салыққа, жинақтау қорын құруға, импорттық тауарлар сатып алуға, яғни басқа аймақтарда шығарған тауарларға кетеді. Швейцарияның ғалымдарының бағалауы бойынша туризмнің қызмет көрсету өндірісінен түскен табыстың мультипликаторы елдер мен аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Ол 1,2-ден 4,0-ке жетеді. Мысалы, аймақтағы мультипликатор 2,5-ке тең. Туристік индустрияның инвестициясының алғашқы өсуі 40 млн. теңге; сонда туристік қызмет көрсетудің таза ұлттық өнімінің өсуі 100 млн. теңге (2,5*40).

Туризм әлемдік нарықта көзге көрінбейтін экспорт болып саналады. Ол елдің төлем балансына ықпал етеді.


Скачать


zharar.kz