Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми - техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі

Скачать


Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─ бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
өнімділік;  үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбейгейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияларға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологиялардың жаңа түрін пайдаланып ұштастырады.

Процестік инновация ─ бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.

Инновацияның өмірлік кезеңі  өзара байланысты процестің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келгеннен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияның және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу; өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу; жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу; қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтардан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу; жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу; қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу; қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу; лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу; инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Әлемнің дамыған елдерінің басты мақсаттарының бірі ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда үлкен көлемдегі өндіріс, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер туралы айтылады.

Экономикалық өсім өндіріс тиімділігінің жоғарлауымен, жұмыссыздықты азайтумен, баға мен қаржылардың тұрақтылығымен, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюімен және басқа да оң нәтижелі экономикалық, әлеуметтік процестермен бірге жүреді.

Экономикалық өсім ұлттық экономика және өнеркәсіптің  барлық салаларындағы кәсіпорындардың табысты қызметінің нәтижесі болып табылады.

Ресейлік Эксперттік институтының экономистері өнеркәсіп саясатының мәселелерін зерттеу барысында мынадай қорытынды жасады: экономикалық өсімнің негізіне екі процесс жатады. Олар:
технологиялық укладтың ауысымы, бұл жаңа тауарлар өндірісін жасауға және бұрын меңгерілген тауарлардың өндіріс тиімділігін көтеруге ықпал жасайды; елде технологиялық укладқа негізделген өндіріс өсімі ─ тауар мен қызмет өндірісінің техникалық тәсілдер жиынтығы және оларға шаруашылық қызметтегі ұйымды-экономикалық формаларының неғұрлым тепе-тең болуы.
Технологиялық укладтың концепциясы соңғы үш ғасыр кезеңінде технология эволюциясында бес толқулар болып өтуіне негізделген. Осылардың әрқайсысы технологиялық укладтың белгілі типін қалыптастырды.

Бірінші уклад (1785-1835) текстильді өнеркәсіпте жаңа технологиялар және су энергиясын қолдану негізінде қалыптасты.

Екінші уклад (1830-1890) теміржол транспортының және бу двигателін қолдану негізіндегі барлық өнім түрлерін өндірістік механикаландырудың дамуымен байланысты. Сонымен қатар шағын фирмалармен бірге мыңнан астам жұмыс орны бар ірі кәсіпорындар дамыды және кәсіпкерліктің жаңа формалары, акционерлік қоғамдар  пайда бола бастады.

Үшінші уклад (1880-1940) өнеркәсіптік өндірісте электроэнергияларды қолдануға, ауыр машина жасау және электротехникалық өнеркәсіптің дамуына, химия және химиялық кешен саласындағы жаңалықтардың дамуына негізделген. Үлкен фирмалар, картельдер,  трестер,  шағын компаниялар дамыды, шағын компаниялар үлкейе бастады және орта буынды басқаратын басқарушылар пайда болды. Нарықта үстемдік жағдайға монополиялар мен олигополиялар ие болды, бірақ сонымен бірге мемлекет не бақылау жасайды, не мемлекет толық табиғи монополияларға ие болды және мемлекет қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етті. Банктік және қаржылық капиталдардың шоғырлануы жүзеге аса бастады.

Төртінші уклад (1930-1990). Оның негізіне ─ келешектегі энергетиканың дамуына және негізінен мұнайды, мұнай өнімі және газды, байланыс құралдарын, жаңа синтетикалық материалдарды  қолдануға негізделген. Бұл ─ көптеп өндіру кезеңі. Шапшаң автомагистральдар, әуежайлар құрыла бастады. Содан кейін кең көлемде компьютерлер таратыла бастады және оларға қажетті бағдарламалық өнімдер, радарлар, атомдар, бұл әскери мақсаттарда, содан кейін бейбітшілік мақсатта қолданылды. Нарықта олигополиялық бәсеке үстемдік етті, әр түрлі елдер нарығында тікелей инвестицияларды жүгезе асыратын және сонда өздерінің өндірістерін қалыптастыратын трансұлттық корпорациялар пайда болды.

Бесінші уклад 80-ші жылдардың ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның негізі болып микроэлектроника, информатика, биотехнология, жаңа энергия түрлері, ғарыштық кеңістікті меңгеру, байланыс спутниктерінің жетістігіне және т.б. табылады. Бұл кезеңде өнімнің сапасын бақылау, инвестицияларды жоспарлау, технология саласында тығыз қарым-қатынастар орнатыла бастады.


Скачать


zharar.kz