МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………. 3
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ГЕОГРФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ СҰРАҚТАР
1.1 Экологиялық туризм ұғымы, пайда болуы және дамуы…………..4
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері…….7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы және қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің рөлі.9
2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы………….13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жетудің құралы ретінде………16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм рөлінің географиялық аспектілері……18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен рөлі…….22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі……25
3 ҚАЗАҚСТАНДА ЗКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның негізгі мәселелері……..31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту саласындағы мемлекет саясатының басым бағыттары……..34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының проблемалары мен перспективалары…38
ҚОРЫТЫНДЫ…..40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….42
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни пайда көзіне айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді, даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда, Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және геологиялық әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың өте зор экотуристік потенциалын айқындайды.
курстық жұмыс 42 бет