Сүзбе өндірісінің жалпы технологиясы туралы қазақша реферат
Сүзбе-белокты сүт қышқылды өнім.Құрамында толық құнды белоктардан басқа минералды заттар бар.Оның құрамына белок 14-17% ,май 3-18%,минералды заттар 1-1.5% кіреді.Сүзбе қарт адамдарға,сонымен қатар өкпе және сүйек туберкулезінде,асқазан,бүйрек ауруларына пайдалы.
Сүзбе өндірісінде пастерленген және пастерленбеген сүт қолданылады.
Пастерленген сүттен алынған сүзбені тікелей тамаққа қолдануға және одан сүзбе өнімдерін дайындауға қолданылады.Пастерленбеген сүттен алынған сүзбе тек жартылай фабрикаттарды (сырник,варениктер),балқытылған сырларды және қолданар алдында термиялық өңдеуді қажет ететін сүзбе өнімдерін өндіруде қолданылады.
Сүзбе қышқыл-мәйекті және қышқылды әдістермен өндіріледі.
Сүзбені қышқыл мәйекті әдіспен өндіргенде сүтті пастерлейді,суытады да,сүт қышқылды бактериялар және мәйекті ферменттен тұратын ашытқы қосады,алынған ұйытындыны текшелерге кесіп сығымдайды.
Сүзбені қышқылды әдіспен өндіргенде сүтті сүт қышқылды ашытқымен ашытады,ұйытындыны кеседі ,ал сарысудын бөлінуін тездету үшін қыздырады.Бұндай әдіспен майсыз сүзбе алынады.
Бастапқы шикізат түріне байланысты сүзбе майлы ,жзартылай майлы және майсыз деп бөлінеді.
Ақуызды сүт қышқылды өнімдерге сүзбені,сүзбелік сырларды ,сүзбе массасын ,сүзбелік торттарды,сүзбелік пасталарды,альбуминдік сыршаларды,тағамдық ақуызын жатқызамыз.Сүзбе сүт қышқылды бактериялардың таза дақылдарын қосып және мәйек ферментін қосып сарысуын бөлу арқылы өндіреді.Ұйытындыны сусыздандыру нәтижесінде өнімге ақуыз бен май көлемі концентрленеді.Осыған байланысты сүзбені ақуызға бай сүт өнімдеріне жатқызамыз.Сүзбенің негізгі бөлігін казеин құрайды.
Сонымен қатар сүзбе витаминдерге,минералды заттарға (Са,Ғ,Mg)т.б. бай болады.Сүзбеден әртүрлі сүзбелік өнімдер әзірленеді және түрлі кулинарлық тағамдарда қолданылады.
Сүзбе және сүзбе өнімдері пастерленген сүтке мезофильді сүт қышқылды бактерияларды қосып өндіргендіктен диетикалық қасиеттерге ие.
Сүзбе
Құрамы %
Қышқылдылығы, °Т
Майлылығы
ылғалдылығы
Майлы
Жоғарғы сорт