МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ …3
1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1 Қаржы түсінігі, қызметтерi ….4
1.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құралы мен құрылымы ……6
1.3 Қаржы нарығының маңызды құрамы: несие және валюта нарығы, бағалы қағаздар,олардың жіктелуі…..8
1.4 Қазақстан Республикасының қаржы нарығының ерекшелiктерi…..10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Қазақстан экономикасындағы қаржының рөлі….14
2.2. ҚР қазіргі қаржы жүйесін талдау…18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕРІ
3.1.Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдарымен,ұсыныстар……24
ҚОРЫТЫНДЫ …28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……30
КIРIСПЕ
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдырудың, оны бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене байланысты.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын “Қаржы нарығын талдау” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда және осы қаржыларды нақты өндiрiске қосуда қаржы нарықтарын талдаудың орны ерекше болып табылады. Экономикада қаржы нарығының дамуы қалған барлық нарықтардың дамуына даңғыл жол ашады.
Осы тақырыпты орындау барысында келесi мiндеттер ескерілді:
— Қаржы экономикалық категория ретiнде оның мәнi мен қызметтерiн анықтау;
— Қаржы нарығын жан-жақты талдау және оның құрылымы туралы хабардар болу;
— Қаржы нарығы дамуының экономика дамуындағы маңыздылығын анықтау;
— Бағалы қағаздар нарығының қаржы нарығындағы маңыздылығын атап өту;
— Қазақстан Республикасындағы қаржы және бағалы қағаздар нарығына тоқталып өту және ұлттық қор биржасының бүгінгі жағдайын сиапттау.
Курстық жұмыс 30 бет