Герундийді қолдану мысалдары

Скачать


Герундийдің перфекті формасы туралы қазақша реферат

Әрбір аудармашы аудару кезінде аударманы тұпнұсқаға ең жақын мағынасымен аударуға тырысу керек. Аударма процессі кезінде әдетте аудармашы көп қиындыққа тап болады. Соның бірі бұл герундийді аудару. Бұл курстық жұмыста герундийді қалай аудару керектігі туралы баяндалған. Осындан қорытынды шығара келе, герундий- бұл ағылшын тілінің құрылысындағы жақсыз тұлғаларының ең өзгеше формасы екендігін білдім. Егер де тұйық рай мен есімше формасы барлық замандас европалық тілдерге тән болса, герундийдің тек испан тілінде ғана ұқсастығы бар.  Бұл форма өзінде етістік пен субстантивті белгілерді біріктіреді.



Осыған байланысты, герундийде  етістік белгілері болғандықтан және де ол тура толықтауыш бола алатына байланысты ол сөйлемде тек қана субстантивті позициясында ғана бола алады. Бұл оның жай сөйлемді күрделендіруге кедергі келтіреді, сондықтан да ол әдетте басқа тілдердің бағыныңқы сөйлемдерінде берілетін ойды қысқа да нұсқа берілу жолы болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында мен ағылшын тіліндегі герундийге байланысты бірқатар қорытындыларға келдім.

Бірінші бөлімде герундийдің жалпы анықтамасы, белгілері, қасиеттері, оның тарихы мен сөйлемдегі қызметі көрсетілген. Бұл бөлімде мен осындай қорытындыларға келдім:

— Герундий- бұл орыс тілі мен қазақ тілінде ұқсастығы жоқ ағылшын тілінің етістіктің жалғыз формасы.

— Герундий формасында дербес уақыттың мағынасы жоқ, бірақ ол осы, келер және өткен шақты білдіре алады.

— Герундий сөйлемде бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш және баяндауыштың бөлшегі ретінде қызмет атқарады.

— Герундий екіұдайлы қызмет атқарады, яғни онда  зат есімнің де, етістіктің де қасиеттері бар.

Екінші бөлімде  герундийді аудару тәсілдері, оны аудару кезінде эквивалентті таңдау және оның формалары туралы айтылған. Бұл бөлімнен осындай қорытындылар шықты:

— Герундийді тұйық раймен, етістіктен жасалған зат есіммен, көсемшемен, бағыңынқы сөйлемнің етістігінің қызметін атқаратын етістіктің жақсыз формасымен аударуға болады.

— Аудару кезінде герундийге эквивалент таңдау етістіктердің герундиймен  және тұйық раймен қиыстыру арқылы жүзеге асырылады.

— Герундийдің 4 формасы бар.

— Герундийдің жай формасы етістік-баяндауышпен көрсетілген іс-әрекетке қатар іс-әрекетті білдіреді және соған байланысты осы шаққа, келер шаққа немесе өткен шаққа қатысты бола алады.

— Герундийдің перфекті формасы сипатталып тұрған іс-әрекет басыңқы сөйлемдегі іс-әрекетке уақыты бойынша келер шақта болғанын көрсетеді.

Қорытындылай келе, мен герундий туралы көптеген жаңа мәліметтер білдім. Оны шығу тарихын, белгілерін, қасиеттерін зерттей отырып, мен герундийді дұрыс аударуға үйрендім. Бұл, әрине, менің мамандығым үшін өте үлкен рөл атқарады. Себебі герундий қазіргі кезде өте жие кездеседі, әсіресе күнделікті өмірдің сөйлеу мәдениетінде. Герундий жайлы зерттеу өте қызықты да әсерлі болды. Енді мен оны тұйық райдан, есімше сияқты етістіктің басқа жақсыз тұлғаларынан оңай ажырата аламын. Және де оны сөйлемде қалай қолданылатынын білемін. Бұл маңызды жайт, себебі дұрыс құрылмаған сөйлем сауатсыздықтың белгісі. Енді герундийдің сөйлемдегі қандай қызмет атқара алатына сүйене отырып, мен сөйлемді дұрыс құрастыра аламын, герундийдің қайда және қашан тұру керек екендігін білемін.

Менің ойымша әрбір аудармашы герундий туралы көп білу керек, себебі бұл ағылшын тілінде жаңа құбылыс және ол болашақта бұдан да кең қолданысқа түседі.  Сол кезде, оны ажырата білу, аудара білу өте маңызды болады.
Қосымша

Герундийді қолдану мысалдары
№ Ағылшын тілі Қазақ тіліне аудармасы 1 I can do that without your helping me Мен бұны сіздің көмегіңізсіз істей аламын. 2 I don’t think you will gain anything by waiting Мен сіз кутіп тұрып, бір нәрсеге қол жеткізесіз деп ойламаймын. 3 He left the room without saying a word Ол бөлмеден үн қатпай шықты. 4 After learning the truth he got angry Ол шыңдықты білген соң ызаланды. 5 On coming home he went to bed Ол үйге келісімен, ұйқыға кетті. 6 He avoids using this word Ол бұл сөзді қолданудан қашқақтайды. 7 The book is worth reading Кітап  оқып шығуға тұрарлық. 8 There is no use studying all day long Күні бойы оқу мағынасыз. 9 He started working Ол жұмыс істей бастады. 10 Reading is good for you Оқу сіз үшін пайдалы. 11 I know of his playing in an orchestra Мен оның оркестрде ойнайтынын білемін. 12 I know of his having played in an orchestra Мен оның оркестрде ойнағанын білемін. 13 Thank you for coming. Келгеніңізге рахмет. 14 I like reading. Мен оқуды ұнатамын. 15 Swimming is my favourite sport. Жүзу- менің ең сүйікті спорттың түрі. 16 Do you remember my asking for the book before? Сенің есіңде ме, мен сенен бұл кітапты бұрын сұрағанмын? 17 I am proud of having won this difficult competition Мен бұл қиын жарысты жеңіп алғанымды мақтан тұтамын. 18 he is fond of reading Ол оқығанды ұнатады. 19 thank you for inviting me Мені шақырғандарын үшін рахмет. 20 he insisted on my leaving at once Ол менің тез арада кеткенімді талап етті. 21 he objected to Helen taking part in the meeting Ол Хеленның жиналысқа қатысуына қарсылық білдірді. 22 He was proud of having passed his exams very well. Ол емтихандарды өте жақсы тапсырғанын мақтан тұтады. 23 I couldn’t help laughing when I saw her in that strange dress. Мен оны осы бір түрлі киімде көргенде күлкіден тұра алмадым. 24 He was fond of reading when he was a child. Бала кезіңде ол оқуды өте  жақсы көрген. 25 He went out without saying a word. Ол үн қатпай кетіп қалды. 26 On entering the room, we found it empty. Бөлмеге кіргенде, біз оның бос екенін көрдік. 27 I thanked him for having helped me in my studies. Мен оған менің сабағыма көмектескені үшін алғысымды айттым. 28 I remember hearing this story before. Менің бұл әңгімені бұрын естігенім есімде. 29 Everybody laughed on hearing his answer. Бәрі оның жауабын естіп, күлді. 30 I go in for skiing. Мен щаңғы спортымен айналысамын. 31 Stop talking, please. Өтінемін, сөйлеуді тоқтатыңызшы. 32 I don’t feel like eating. Менің қазір тамақ ішкім келіп тұрған жок.


Скачать


zharar.kz