Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор

Скачать


Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор. Педагог оқушылар білімін одардың қылықтары мен тәртібін білікті, нысанды түрде бағалай алуы тиіс. Оның бағалауының өз-өзін бағалау мен сәйкессіздігі көп орайда жасырын және ашық жан-жалдарға соқтырады. Ашық жанжал оқушылардың өз-өзін бағалауы педагог бағалауынан жоғары болған жерде көрініс табады. Жасырын жанжал педагог бағалауы өз-өзін бағалау дәрежесінен асып түскен жерде орын алады (бағалауды әдейі жоғарылататын талап қоя білмейтін педагог).

Бағалау мен өзін-өзі бағалауды педагогикалық үрдісті зерттеу педагогке оқушыларына тиімді ыңпал жасауда, өзара қатынас орнатуда жұмыс туралы болуы қажет.

Өзін-өзі бағалау әдісі, егер адам өз әрекеттерін бағаласа, оның нақты тәртібі жөнінде объективті деректер береді. Ол адам бойында сенімділік, өз-өзін бағалау дәрежесін анықтауға мүмкіндік ашады.

Бағалауды өз-өзін бағалаумен салыстыру адамдар арасындағы өзара қатынастарды, жанжалдарды айқындауға жол беретін ерекше әдіс ретінде көрініс алады.


Скачать


zharar.kz