Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және фискалдық қызметті ұстауға байланысты бюджет шығыстары мен олардың біліктілігін арттыру жолдары туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік әрбіреуі өз алдына дербес бірлігі бар заңнамалық, атқарушы және сотты үш бұтаққа бөлу арқылы іске асырылады.Мемекеттік билік органдары мен басқару деңгейлі жалпы сипаттағы арасындағы уәкілдік шектеуі Қазақстан Республикасы мен мемлекеттік басқару жөніндегі заңнамалы және нормативтік актілермен реттеледі.
Мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстауға байланысты шығындарады қаржыландыру жыл сайын мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамында бекітіліп,бюджеттңк жіктелудің 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер атты функционалдық топ бойынша есептеледі. Республикалық бюджетте осы функционалдық топ бойынша Президенттің, Парламенттің, Конституциялық Кеңестің, Адам құқығы жөніндегі Ұлттық комиссияның, Орталық сайлау комиссияның және басқа да жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетушілердің іс әрекетін қамтамассыз атеу үшін бюджет шығындары қаржыландырылады.
Төмен тұрған бюджеттердің осы функционалдық топ бойынша бюджет құралдарының шығыстар бағыыттары жалпы түрде келесілер:
Жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының қызметтерін қаржыландыру
Аймақтардың әлеуметті экономикалық дамуын ораташ мерзімді жоспарлауын қаржыландыру Аймақтар деңгейі бойынша бюджеттік жоспарлауды қаржыландыруЖергілікті бюджерттерді атқаруды ұйымдастыруын қаржыландыру.
Бюджеттік ақша құраладарын жұмсау бекітілген бюджеттңк бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарлары негізінде іске асырылады. Қаржыландыру жоспарлары — ол бюджет шығыстарының экономикалық жіктелу бойынша мемлекеттік мекемелермен алынған міндееттемелері мен осылар арқылы төлемдер жасаудың ай сайынғы кестесін анықтайытн құжаттар. Қаржыландыру жоспарлары бюджеттік бағдарламалар әкімшілігімен құрылады және бекітіледі, аол оларды құру негізі болып жылыдық қаржыландыру жоспары, бағдарламалар паспорты мен біріккен бюджеттік жіктеу есептеледі.
Әр аймақтың экономикалық — әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
— біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны тығыз қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
— екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың , топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығыстар құрылымынң келесідей өз мақсаты бар:
Мемлекеттің жалпы мұқаждықтарының негізінде, уәкілдік шектеулі заңды түрде бекітілген басұарудың республикалық органдарын қаражаттандыру
Мемлекеттік қызметін бірыңғай жүйесі бойынша мемлекеттік қызметкерлерді ұстау үшін шығындарыдң қалыптасуы жалпы принциптерін жасау және енгізу
Осы мақсаттар үшін бөлінген бюджет құралдарын пайдалануының мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін жетілдіру
Басқарудың мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер шығыстарына арналған бюджет құралдарымен қаражаттандырумен оларды пайдалану үшін тұрақты ішкі және сыртқы бақылау жүргізіледі.Ішкі бақылауды Қаржы министірлігің қаржылық бақылау атты Комитеті және оны жергілікті органдары мен аумақтар бойынша өкілетті органадар іске асырады.Сыртқы бақылауды Есеп комитеті мен мәслихаттардың ревизиялық комиссиялары атқарады.Бұл бақылаушы органдар бюджет құралдарының мақсатты пайдалануын тексереді, оларға талдау жасап негізінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығыстарды азайту мен қайта құрылымдау жөнінде қсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшілерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қосымша кәсiби бiлiм берудiң негiзгi нысандары болып табылады және өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн ұсынылып отырған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердің қызметi саласында теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгi мен дағдысын жаңарту мақсатында тиiстi білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшiлердің бiлiктiлiгiн арттыру мемлекеттiк органдардың сұранысы негiзiнде республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшiлердi оқытуға жұмсалатын шығындар нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн:
қайта даярлау — мемлекеттік қызметке алғаш түскен, сондай-ақ басшы мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына тағайындалған адамдар үшiн ұзақтығы алты аптаға дейiнгi қысқа мерзiмдi оқыту курстары;
бiлiктiлiгiн арттыру — кәсiби қызметтiң жекелеген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасында ұзақтығы үш күннен екi аптаға дейiнгi, ал шетелде мерзiмi бiр жылға дейiнгi қысқа мерзiмдi оқыту семинарлары белгiленедi.
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында (бұдан әрi — Академия) және мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру аумақтық орталықтарында (бұдан әрi — орталықтар) жүзеге асырылады.
Академияда, орталықтарда қайта даярлауды ұйымдастыру шарттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігi (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) белгiлейтiн тәртiппен анықталады.
Орталықтар туралы Yлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру Академияда, орталықтарда және басқа бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Академияда, орталықтарда, басқа бiлiм беру ұйымдарында бiлiктiлiкті арттыруды ұйымдастыру шарттары уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен анықталады.
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың бiлiм беру бағдарламасына қойылатын жалпы талаптар:
Академияда, орталықтарда, басқа да бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың бағдарламасы мемлекеттегi мемлекеттiк қызмет ұйымдары мен саяси-әкiмшiлiк қызметтiң бейiмделген әлемдiк және отандық тәжiрибесiн қамтиды. Бағдарламалар қазiргi және келешегi бар ғылым салаларын, техника мен технология, құқық пен саясат, экономика, тарих пен мәдениет саласын және басқаны қамтиды.
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың білім беру бағдарламалары уәкiлеттi органмен келiсiледi.
Қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың бiлiм беру бағдарламалары мемлекеттік қызметшiлердi оқуға жiберген мемлекеттік органдардың сұранысына бағдарланады.
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары бойынша бiлiм беру ұйымының оқу жүктемесiнiң жалпы нормативтерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында көрініс табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді (қысқартады).