Байқоңыр ғарыш кешенінің республикалық бюджеттің кірісі арқылы экономикаға үлесі бар екенін Қазақстан халқы жақсы біледі

Скачать


Байқоңыр ғарыш кешенінің республикалық бюджеттің кірісі арқылы экономикаға үлесі бар екенін Қазақстан халқы жақсы біледі.
Біріншіден, барлық ғарыштық технологиялар озық, жоғары технологияларға жатады. Ендеше, бұл тұрғыдан алғанда ендігі жерде Қазақ елі технологиялық жағынан дамыған елдердің қатарына нық сеніммен қосыла алады. Екіншіден, Қазақ елі өзінің ғарыш саласымен бірге ғылыми-техникалық потенциалын дамытады. Өйткені ғарыш саласындағы жетістіктерін басқа өндіріс салаларында кеңінен пайдаланып, оларды алға тартады. Әсіресе, байланыс және теледидар жүйелері, ақпараттық және компьютерлік технологиялар, машина жасау мен осы бағыттағы ғылыми-техникалық зерттеулер ілесе тез аяқ алады.
Үшіншіден, атап өткен бағыттардағы қызмет ету тапсырыстарымызды біз шет ел компанияларына бермей, өз компанияларымызға беруге мүмкіндік туады. Сол себепті еңбекпен тапқан қаржыны сыртқа шашпай, өзіміздің мамандарымызға төлейміз. Ең бастысы, олардың кәсіби деңгейін одан әрі ұштап, білігін арттырып, биіктете түсеміз. Осы бармақ бүгіп санамалап отырған жайттарға қарап-ақ, ғарыш саласының экономикаға қосатын үлесі мен салмағын анықтап, бағамдай беруге болады.


Скачать


zharar.kz