Дәріс мақсаты:
Топырақтүзілу факторлары
Топырақтүзілімдік үрдістер
Сұр орман топырақтары
Қара топырақ, оның типтері Топырақтүзілу факторлары
Топырақтүзілімдік үрдістер
Қара-қоңыр (каштан түсті) топырақтар, олардың типшелері
Шабынды-қара қоңыр топырақ
Суббореадды белдеу. Орманды-дала зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақтары. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып ирелеңдеп, батыстан шығысқа қарай созылып, өтпелі зона — орманды-далалы, орманның сұр және шалғынды-даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетіп алқаптардың топырақтары. Жалпы орманды — дала зонасының көлемі 150 млн гектардай немесе ТМД елдерінін 6,8%-ін қамтиды.
Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған. Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ және жауын-шашын молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері азаяды.
Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады:
А0 — орман төсеніші 2-4 см, қара қоныр түсті, топырақпен аралас
Л1 — қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп таралған
А2 — қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті аздаған күлгін тартады
В — қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы 90-130 см-ге жетеді.
С- ақшыл қоныр, В горизонтынан (жиегінен) тілім-тілім болып кейбір жолақшалар түседі.
Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%.
Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Казакстаннын ен шеткі терістігіндс бұл зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі.
Шалғынды даланың қара топырақтары. Полтава губерниясының егіншілеріне қара топырақ туралы дәріс оқыған В.В. Докучаев «Қара топырақ — Ресейдің негізгі байлығы, ол Ресей халқын өмір бойы асырап келеді және бұдан да былай асырай береді, қара топырақ — топырақ патшасы»- деген.
Қара топырақты зона орманды-даланың оңтүстігін қамтып, батыстағы Молдавиядан, Украина, Ресей мен Қазақстан арқылы Сібірге шейін созылып жатыр. Дегенмен Сібір жақта қара топырақты зона тұтасып біркелкі жатпай таулы алқаптар арасындағы жазықтарда ойдым-ойдым аралдар іспеттес орналасады.
Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа райы да жайлы. Бұл жерлердің жазы жылы, қысы суық. Түсетін ылғалдың мөлшері жылына 350-600 мм, жылдың барлық мерзімдерінде біркелкі түседі. Жалпы топырақтардын ылғалдану коэффициенті — 0,6-1,0, яғни ылғалдану мен жерден булану шамамен тепе-тең.
Топырақ түзуші жыныстар негізінен лесс тектес майда ұнтақталған жыныстар.
Қара топырақты аймақтың көлемі орманды далалы зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар немесе ТМД территориясының 9% жуық.
Қара топырақ негізгі үш қабаттан тұрады: А — қара шіріндісі мол қабат; В — өтпелі қабат; С — топырақтүзуші аналық жыныс.
А — қара шірінді қабаттың қалыңдығы 20-60 см жетеді, түсі қара немесс қара қоңыр, оңтүстік шеттерінде қоңыр түсті.
В — өтпелі қабаттың қалыңдығы 40-80 см-дей, түсі сұр-қоңыр, жоғары қара шірінді қабаттан тілдей болып созылып қара шірінділер мұнда да жылжиды.
С – топырақ түзуші аналық жыныс, әдетте лесс типтес, карбонатты, майда ұнтақ-талған, негізінен шанды жыныстардан тұрады.
Қара топырақтар қара шіріндіге бай. Оның мөлшері 4%-дан 10-12%-ға жетеді. Қара шіріндінің мөлшеріне қарай қара топырақтар үш зонашаға бөлінеді:
а) қара шіріндісі мол немесс терістік қара топырақ;
б) қара шіріндісі орташа немесе кәдімгі ара топырақ;
в) қара шіріндісі аз немесе оңтүстік қара топырағы.
Қара топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мол. Жауын-шашын көп жаумағандыктан және ауа-райының жылылығынан қоректік заттар жуылып-шайылмай топырақ қабаттарына, өсімдік тамырларына жақын жерлерге шоғырланады.
Қара топырақ химмялық құрамы жағынан да бай. Сондықтан құнарлылығымен көзге түседі. Бұл зонаның 70-75%-ға жуығы жыртылған жерлер. Мұнда ауыл шаруашылығының барлық дерлік дақылдары: бидай, картоп, жүгері. көкөністср, қант қызылшасы т.б. жақсы өседі.
Бұл топырақтар табиғи жағдайдын өзінде де жақсы өнім береді. Ал қосымша тыңайтқыштар енгізіп, қар тоқтатып, тағы басқа ылғалдандыру, мелиорация шараларын қолданғанда өнім мөлшерін одан да мол арттыруға болады.
Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары. Қара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 200-300 мм-дей. Осыған орай, өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі-жусанды құрғақ дала басады. Осының әсерінен өсімдіктердің топыраққа түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері кемиді, қара топырақтың түсі қара қонырға өзгереді.
Құрғақ даланың зоналық топырағы — қара-қоңыр. Жалпы көлемі 107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8% алып жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан территориясында.
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 2% — 4% арасында. Қара қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:
А — 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-ден әк кездеседі.
ВС — 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптегсн әк қосылыстары бар.
С- 100-120 см-ден гипетелген аналық тау жынысы қабаттары кездеседі.
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоныр топырақтар кездеседі. Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зонаша — нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пайдалануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым алып жатыр. Зонада сортаң және сорланған топырақтар мол. Дегенмен күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20-30%-ға жуық. Ал ашық қара-қоңыр топырақты зонашада егістен өнімді суармайынша алу мүмкін емес, ал суару үшін су көздері жоқ.
Өзін-өзі қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Орманның сұр топырағын сипатта
2. Қара-қоңыр топырақтың түзілу ерекшелігін сипатта