Ғалымның етістік түбіріне байланысты айтқан ой - пікірлері күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп, тереңірек зерттеуге көмегін тигізеді

Скачать


   Етістік Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан Қазіргі қазақ тілі оқулығында, сонымен қатар бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ.Жұбанов (1936), С.Аманжолов (1938), І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың Грамматикаларында (1942) етістік бөлімі сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше формалары үзілмей берілумен бірге, кейбір толықтырулар мен лингвистикалық атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да, белгілі бір дәстүрлі жүйе берік сақталып келеді деуге әбден болады.



Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістік формаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялы етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық амғынасына ие болатын сөздерді, модификациялы етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын жатқызады…

Ғалымның етістік түбіріне байланысты айтқан ой-пікірлері күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп, тереңірек зерттеуге көмегін тигізеді. Ы.Маманов, С.Исаев еңбектерінде көрсетілгендей, етістік түбірінің бұйрық райдың 2-жағы емес, ол екеуінің екі нәрсе екенін дәлелдейтін тағы бір дәлел – бұйрық райдың екінші жағының көне формасының –ың, -ің, -ғыл, -ғын тұлғасында болуы. Қазақ тілінің сөйлеу тілінде бұлардың кездесіп қалуы тектен-тек емес.  Қысқасы, етістік категориясының жіктелу жүйесінің 2-жақ жекеше формасы түбір етістікпен омоформалық сипатта келеді.

Етістік түбіріне қатысты тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – туынды түбір (туынды етістік, туынды сөз) мәселесі. Ы.Маманов өз зерттеулерін морфологияның өзекті әрі қиын мәселелерін қарастыруға арнағандығы байқалады. Оның 1973 жылы жарық көрген Лекциялар курсында қосымшаларды жіктеу, кейбір қосымшалардың (даулы болып танылып жүрген) сөзжасам мен форма тудыруға қатысты тілдік жүйе, заңдылықтар тұрғысынан қарастырылып, тың пікірлер айтылған.

Етістік сөз табына қатысты қазақ тіл білімінде әлі де бір шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – етістіктің көрініс (вид) категориясының формалары ретінде көрсетіліп жүрген бір топ қосымшалардың тілдік сипатымен байланысты. Аталған категорияға жатқызылып жүрген –қыла, -кіле, -ғыла, -гіле; -мала, -меле; -ымсыра, -імсіре тәрізді жұрнақтар туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Бұл қосымшаларды И.Ұйықбаев, А.Ысқақов т.б. ғалымдар сөз түрлендіретін форма ретінде таныса, Б.Құлмағамбетова, С.Хасанов, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаева, Ы.Мамановтар сөз тудырушы жұрнақтар ретінде анықтайды.

Біз жоғарыда аталған қосымшалардан –стыр, -стір формасын етіс жұрнағы деп алып, қалған тұлғаларды туынды етістік жасайтын қосымшалар ретінде қарастырамыз және Ы.Мамановтың қосымшаларды жіктеуге байланысты ұсынған концепциясын басшылыққа алып, мынадай белгілерін көрсетеміз: 1) аталған жұрнақтар бірен-саран сөздерге талғап жалғанып, грамматикалық абстракция жасай алмайды; 2) түсіндірме, екітілдік сөздіктерге енеді; 3) лексикалық бірлік саналып, реестр сөз ретінде құрамды толықтырады. Ал жоғарыда Ы.Маманов грамматикалық қосымша ретінде көрсеткен –ңқыра, -ңкіре осы көрсетілген критерийлерге жауап бермейді, әсіресе талғап жалғану шартына сай келмейді, яғни ол грамматикалық абстракция жасап, кез келген етістік түбіріне жалғанады. Етістіктің қолданысына статистикалық зерттеу жүргізген ғалым С.Мырзабеков етістіктер саны сөздіктің тең жартысынан асады деп көрсетеді [10] . Яғни –ңқыра, -ңкіре формасы, сонымен қатар етіс формалары жалғанған етістіктер де сөздікте қамтылған деген сөз. Демек, -ңқыра, -ңкіре формалы етістіктерді сөздікте реестрлік қатарда беру-бермеу мәселесі шешілуі тиіс.


Скачать


zharar.kz