Инновациялық менеджменнтің функциясы-инновациялық процестерді нәтижелі басқаруға арналған жургізілетін шаралар.
Функциялары:
1.Стратегиялық маркетинг — нарық конъюктурасын, тұтыну сұраныстың, бәсекелестік пен сегментациялық базардың стратегия негізінде фирманың базар стратегиясын құру, тауарлардың сапасы жоғарылауына қатысты болжау стратегиясын құру, қор жинақтауыштың және өндірістік кешеннің дамуы, фирманың бәсеке артықшылықтарын сақтай отырып көзделген мақсаттарын жүзеге асыруы мен тұрақты пайдаларын алуын зерттейтін және талдайтын кешен.
Стратегиялық маркетингтің функциялары мен мақсаттары:
Фирманың нарық стратегиясын құру;
Маркетинг концепциясын орындау;
Стратегиялық жарнама және тауар өтімін ынталандыру;
Зерттеулермен қамтамасыз ету.
2. Жоспарлау — сыртқы ортаның факторлары мен жағдайларын талдайтын кешен. Қойылған мақсаттың жолдарын табу және баламалық турлерін бағалау. (Жоспарлар — ағымды және стратегиялы, функционалды және проблемалы, жергілікті және комплексті немесе кешенді болады)
Инновациялық қызметті жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
Стратегиялық маркетинг болжауларының негізінде болашақта фирмаға үйлесімді стратегия таңдау;
Фирманың дамуы мен жұмыс жасау тұрақтылығымен қамтамасыз ету;
Жаңалықтардың портфелін құру;
Инновациялық қызметтің мақсаттарын жүйелендіру;
Жоспарлардың орындалуына байланысты кешенмен қамтамасыз ету;
Жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдық – техникалық және әлеуметтік- экономикалық шараларын құру;
Жоспарлардың үйлестігі;
Жоспарлардың орындалуына ынталандыру кіреді.
3. Процестерді ұйымдастыру — жоспардың орындалуын қамтамасыз ететін басқару және өндіру процесінің кешені. Олар операциялардың және процедуралардың жиынтығынан тұрады. Басқарушы ішкі жүйе басқарылатын ішкі жүйеге жасалған әсерінен сапалы өнімнің жасалуына әкеледі. Олардың принциптері: пропорционалдық, үзілімсіздік, параллельдік және ырғақтылық. Пропорционалдық принципі- орындалу кезінде бір процесте әр түрлі жұмыс орындарының бірдей кіруін қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды пропорционалды түрде қорлармен және хабармен қамтамасыз етуі; Үзілімсіздік принципі- орынды ұйымдастыру процессі, жұмыс уақыты мен жалпы процестердің ұзақтығының қатынасы жағдайында ғана айқындалатын принцип. Параллельдік принцип- операциялардың уақыттағы бірлесу дәрежесін сипаттайды; Ырғақтылық принцип-олардың уақыттағы біркелкі орындалуын сипаттайтын принцип.
4. Есеп – инновациялық менеджменттің функциясы. Оған уақыттың бекітілуі, қорлардың шығыны, сақтаушыларда жүретін және сәйкестік талабына сай келетін толық, қозғалмалы, жүйелі, автоматтандырулы және перспективті менеджмент жүйесінің параметрлері жатады.
Есепке қойылатын талаптар:
Толық қамтама жасау, яғни менеджмент жүйесінің барлық ішкі жүйелеріне, сапа көрсеткіштеріне, тауарлардың қор-сыйымдылығына және фирма бөлімшелеріне есебін жүргізу;
Қозғалмалылықпен қамтама ету, яғни динамиктегі көрсеткіштердің есебі және талдауға арнайы есептің нәтижелерін істе қолданып көруі;
Жүйелілікпен қамтамасыз ету, яғни менеджмент жүйесінің көрсеткіштері мен оның сыртқы ортаның есебі;
Есептің жүргізуін автоматтандыру;
Есептің нәтижесін сапалы еңбекке ынталандыру;
5. Бақылау — бағдарламалардың, жоспарлардың, жазбаша және ауызша нұсқаулардың, құжаттардың және басқару шешімдердің орындалуын қадағалайтын функция (бақылау — мезгілдік, шығындық және сапалық болып айрылады). Бақылау — тұрақты және құрылысты процес. Оның басты бағыты жұмыстардың жылжуын және түзету әрекеттердің орындалмауын қадағалау.
Бақылау 4 сатыға бөлінеді:
1.Мониторинг және нәтижелердің талдауы;
2.Бар нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен салыстыру және олардың ауу айырмышылығын табу;
3.Пайда болған жағдайдың зардаптарын болжамдау;
4.Түзету әрекеттері;
6.Талап дәлелі — фирманың немесе жеке мақсаттарының іске асуына арналған және өзін немесе басқаларды қызметке талаптандыруға түрткі болатын процесс. Ол түрлі ынталандыруға арналған марапаттау мен жазалау жүйе әдістерінен тұрады. Талап дәлелі барлық өңдеудің және инновациялық жобалардың өткізу қызметін қамтиды: маркетинг концепциясын өңдеу, ақпаратпен жабдықтау, нарықты зерттеу, инновациялық жобаларды шапшаң басқару.
7.Реттеу – сыртқы ортаның факторларын өзгеруін зерттейтін, басқару шешімінің сапасына, инновациялық менеджменттің нәтижелілігіне ықпал көрсететін, жүйенің кіру көрсеткіштері реттеу үшін шара қолдануға немесе жаңа талап қойылғанға дейін жүйенің шығу процесін жөнге келтіретін жұмыс кешені. Сыртқы ортаның факторларына ҒТҮ екпіндері, тұтынушылардың талғамы мен тілектерінің өзгеруі, жабдықтаушылардың саясаты, бәсекелердің нарық стратегиясы, мемлекеттің инновациялық саясаты, СЭҚ саясаты, баға саясаты, нарық инфрақұрылымының факторлары, фирманың макро және микроортасы.
8.Басшылық- басқарушы жүйенің басқарылатын жүйеге демократиялық, либералдық, авторитарлық және де басқа түрлі басқару әдістерін қолдану арқылы көрсететін өктем әсері.
9.Үйлестік – байланыс құрудың, әрекеттестіктің ұйымы және жүйе компоненттердің жұмысының келісушілігінің, диспетчерлеудің жоспарлары мен нұсқаулары тез орындалуы (вертикальдік және горизонтальдік болады ), коммуникациялық байланыс құрудың орталық функциясы. Үйлестік — тек жүйенің кез келген компоненттер арасындағы немесе сыртқы ортаның арасындағы түрлі функциялардың не жұмыстардың атқарылу кезінде ғана жүзеге асады.
Инновациялық менеджменттің әдістері:
1.Әкімшілік әдістер — басқарушы ішкі жүйе мемлекеттің заң актілерінің жүйесіне, фирманың нормативті- нұсқаулық және әдістемелік құжаттарына, жоғары тұрған ұйымдардың жоспарларына, бағдарламаларына, нұсқауларына, жобаларына сүйене отырып, басқарылатын ішкі жүйеге осы әдістер арқылы әсер етуі.
2.Экономикалық әдістер — мемлекеттің мекемелерімен (салық жүйеcі, қаражаттық – несиесаясаты) және фирмамен (фирманың қызметіне қажет экономикалық нормативтер, заттық марапаттау жүйесі, фирма жұмысының сапасы мен нәтижелілігінің жауаптылығы) реттеледі.
3.Теңдік әдісі – шаруашылық қызметінің өзара байланысқан көрсеткіштерін салыстыру. Салыстырудың негізгі мақсаты- көрсеткіштердің бір — біріне жасаған ықпалын өлшеп, айқындау. Сонымен қатар өндіріс нәтижелерін жоғарлауын есептеу;
4.Әлеуметтік – психологиялық әдістің негізгі бағыты — ұжымда адамгершілік ауа-райын басқару. Оның басты шарты — қызметкерлердің денсаулығын, моральді– психологиялық жағдайын, заң мен еңбек тұралы заң кодексі және басқа нормативті актілердің талаптарының сақтауынан тұрады.
5.Желілі әдістер – жұмыс кешенінің сүрет үлгілерінің құруынан тұрады. Оның негізгі бағыты — уақыт мезетінде сақталып қалған және жолдың ұзақтығы мен оның құндылығын санап, бағалап қойған өзара жүйелі байланысқан әрекеттер мен жұмыстардың бірыңғай нұсқаулардың орындалуынан тұрады.
6.Талдау әдістері–тұтас құрылымның элементтерге ыдырату мен олардың өзара байланыстыруынан тұрады. Негізгі мақсаты- сапасын арттыру, болжаулар жасау, ықшамдау, негіздеу, жоспарлау және объектінің даму туралы шешімін шапшаң басқару арқылы іске асыру (жоспарды салыстыру әдісі, факторлық талдау — фактордың нәтижеге жасалған ықпалының дәрежесі, функционалды- құндылықтың талдауы).