Ж О С П А Р
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ ДӘРІГЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
1.1. Қазіргі заманғы медициналық психологияның әдістемелік-теориялық мәселелері.
1.2. Дәрігерлік психологияның салалары
ІІ БӨЛІМ ДӘРІГЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯ –ЖАЛПЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРАКТИКАДА.
2.1. Психикалық аурулар туралы жалпы түсінік, психикалық ауруларды диагностикалау және емдеуде дәрігер психологтың ықпалы
2.2.Наркологиялық диспансеріндегі дәрігер психолог қызметінің ерекшеліктері
2.3. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Психотерапия және психологиялық коррекция
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе..
Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдарға арналған Денсаулық сақтау қызметін дамыту мен реформалау туралы Мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлік қызметте психология мен әлеуметтану ғылымдарының интеграциялау идеялары айтылды.
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек барлық дәрежедегі медициналық – психологиялық әлеуметтік әр түрлі проблемалары бар пациенттерге тиімді көмек көрсетудің тиімді формасы екені дәлелденген.
Қазақстандағы медициналық психологияның психотерапия мен психиатрияның интеграциялық тәжірибесі жалпы медицинаға көбіне кеңес беру моделімен ұштастырылған.
Бірақ соңғы кезде дәрігер психологтар мен психиатрлардың, дәрігер – интернаттардың бірігуімен нақты табыстарға қол жеткізілуде. Аз ғана уақыт біріккен әрекеттің (медициналық психология, психотерапия, дәрігер интернат) көрсеткендей біраз әрекеттердің қиыншылығы мен проблемаларының беті ашылды.
Нақтылап айтқанда дәрігерлер пациенттердің психологиялық – психотерпевтің кеңес алуына көп жүгінбейді. Дәрігер – психологтар қатерлі ісік аурумен ауыратындардың психогендік реакцияларын бағалай бермейді.
Дегенмен жалпыға бірдей белгілі жайт уақытында көрсетілген психотерапевтік және психофармокологиялық көмек аурудың жалпы күйінің төмендеуінен сақтайды және метастатикалық жайылудың мерзімін шектейді. Туберкулездің әр түрлі формасымен ауыратындардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде мынадай нәтижелер алынған: Аурулардың мінез – құлықтық раекциялары мен жекетұлғалық және этномәдени ерекшеліктерін елемеу және психологиялық (психотерапиялық көмектің кеңес берудің болмауы емдеу режимін сақтамауға, эпидемиологиялық көрсеткіштің өсуіне (жұқпалылықтың) туберкулездің емделу шығындарының өсуіне әкеледі. Хирургиялық стационарда ауруларға дәрігер психологтық – психотерапевтік көмектің операция алдында және соңында көрсетілуі пациенттердің тұтастай алғандай өмір сапасын жаңартып, ауру мен қиыншылыққа төзімділігін, шыңдай түсетіні анықталады.
Кардиологиялық стационарда психологтар мен психотерапевттердің көмегі жоғары деңгейде адектватты қабылданады. Ол кейбір кардиологиялық катастрофалардың психогендік факторлармен тығыз байланыстылығымен және дәрігер- кардиологтардың психикалық күйдің ( ликкорз инфаркт) т.б. жағдайда бұзылуына тікелей қатыстылығы туралы және басқа психикалық бұзылу себептері туралы тең ақпараттандырылуымен түсіндіруге болады.
Спид пен ВИЧ ауруларын диагностикалау мен емдеу, реабилитациялауда әлеуметтік – психологиялық кеңес беру, психологиялық, психиатриялық, психотерапевттік көмек көрсету маңызды орын алады.
Сонымен , тұтастай алғанда медициналық психологиямен психотерапия және психиатрияның жалпы медицинаға кірігу (интеграциялануы) процесі өте қажеттілігі мәселесі бір жағынан, екіншіден дәрігерлер мен орта медициналық (персоналдық) қызметкерледің пациенттердің әлеуметтік қолдау көрсетудің мңыздылығы мен олардың психологиялық ерекшеліг, психикалық күйзелісі, бұзылуы, жеке тұлғалық және этномәдени мінездемесі жөніндегі білімдерінің және ақпараттандыруының төмен деңгейі.
Бұл фактілердің барлығын болашақ психолог мамандарды даярлауда және оларды арнайы салаға бейімдеп оқытуда есепке алып оқыту қажет деп есептейміз.
Зерттеудің мақсаты:Дәрігер психологтың емдеу мекемелеріндегі қызметінің ерекшеліктерін анықтау және тиімділігі мен қажеттілігін.
Зерттеудің міндеттері:
Дәрігерлік психологияның тарихы мен теориясын, бұған дейінгі зерттелінуін саралау.
Қазіргі заманғы емдеу салаларындағы дәрігерлік психологияның салаларын , ғылыми пән ретіндегі қиқарлығын нақтылау.
Емдеу мекемелеріндегі дәрігер психолог қызметінің ерекшелігін маңыздылығын ашу.
Зерттеудің нысанасы:Стационарлық емдеу мекемелерінде дәрігер – психологтың қызметі:
Зерттеудің тәжірбиелік маңызы: Зерттеу тақырыбы арқылы дәрігерлік психологияның тарихы мен теориясы, шет елдерде даму қалыптасу дәрежесі сараланады.
Қазақстандағы қазіргі заманғы емдеу салаларындағы дәрігерлік психологияның басқа ғылымдармен (социология, психология) интеграциялануы, стационарлық емдеу мекемелерінде дәрігер – психологтың қызметтің ерекшелігі мен маңызы, қажеттілігі ашылады.
Зерттеудің әдістері.
Теориялық зерттеулерді талдау және жүйелеу, салыстыру , зерттеу нысанасына қарасты мәліметтерді жинақтау, қорытындылау.
Дипломдық жұмыс 58 бет