Экология және экологиялық мәдениет

Скачать


Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.

Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды.

Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды “жасау”, тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни адамның биологиялық жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам).

Сәйкесінше, мақсаты адамды, оның жеке тұлғалық, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту болатын қызмет тәсілі, формасы және нәтижесі түпкілікті мәдени мазмұнға ие болады. Бұл процесте адамның өзін дамытуы үшін жасалған қызмет жүйелері мәдениетке жатады.

Сонымен біз мәдениетті адамның табиғатты түрлендіруінің (барлық түрлерде) саналы қызметі, және де материалдық және рухани сфераларда іске асырылған осы қызметтің нәтижесі ретінде түсінеміз.

Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе.  Мәдениетті оның жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті бөлу. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарастар бар.

Ежелгі заманда мәдениеттің этноұлттық сипатына көзқараста екі қарама-қарсы тенденция пайда болды: этноцентризм және космополитизм. Біріншісіне сәйкес қандай да бір этнос өзінің мәдениетін үлгі мен эталонның кейбір үлгісі ретінде қарастырады, оны басқадан жоғары қояды, басқа мәдениеттерді сенімсіз немесе өшпенділікпен, кейде ксенофобия – басқадан қорғау түрінде қабылдайды. Екінші тенденция үшін өзінің этносы мен елінің шеңберінен шығып, әлем азаматы болуға тырысу керек. Бұл жағынан космополитизм патриотизмге қарама-қарсы болады.

XVIII ғасырдан бастап көрсетілген тенденциялар ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасын құра отырып, мәдени релятивизм мен мәдени универсализм формасында болады. Мәдени релятивизмнің басында француз философы Монтень тұрды, ол әрбір ұлт өзінің жеке, ұлттық идеясын құрайды деп болжаған. Алайда ол неміс философы Гердердің жұмыстарында жеткілікті түрде дайын күйінде ұсынылған. Мәдени релятивизмнің қазіргі өкілі француз мәдениеттанушысы К. Леви-Стросс болды.

Мәдени универсализмнің белгілі өкілдері Руссо, Кант, Гете, көптеген ағартушы-философтар, әсіресе француздар. Руссо негізгі адамдық құндылықтар  мен адамгершілік универсалды, көпшілік принциптер жағында болады деп болжаған. Кант белгілі категориялық императивті тұжырымдады, оған сәйкес егер қылық универсалды, жарамды болса, жақсы болып саналады. Осыдан әділеттілік жалпылық болады, әділеттілік дәрежесі универсалдылық дәрежесіне сай келеді.

Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы кейде Батыс-Шығыс белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы қарастырылады. Батыс және шығыс мәдениеттері арасындағы үйлесімділік немесе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және әлі шешімін таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг ұсынды: Батыс ол Батыс. Шығыс ол Шығыс… Олар ешқашан қосылмайды . К. Юнг де осындай көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән ойлау типтері соншалық өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі қажет емес деп есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс бірыңғай әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл алқалық принциптердің толық жеңуіне негіз болады деп санаған.

Мәдени релятивизм және универсализмді бағалай отырып, оның көптеген ережелері толық негізді және дәлелді болады деп санауға болады, алайда оның бірде-біреуі толық шындыққа үміттене алмайды. Сондықтан олардың қарама-қарсы тұруы емес, бірін-бірі толықтыруы жемісті болар еді.

Қазір планетамызда тұратын халықтардың ұлттық мәдениеттерінің ең үздік жетістіктерінің синтезі ретінде Әлемдік мәдениет ұғымы қалыптасуда. Ұлттық мәдениет өз кезегінде сәйкес қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары мәдениетінің синтезі болады. Ұлттық мәдениеттің өзінділігі, оның белгілі қайталанбас ерекшелігі және сонылығы өмір мен қызметтің рухани (тіл, әдебиет, музыка, кескіндеме, дін) және материалдық (экономикалық құрылыс, шаруашылық жүргізу, тұрмыс, еңбек және өндіріс салтының ерекшеліктері) сфераларында байқалады.

Мәдениеттің нақты таратушысына сәйкес әр түрлі субмәдениеттер бөлініп көрсетіледі. Субмәдениеттерге дифференциация қоғамда әр түрлі таптардың, топтардың болуына байланысты болады. Осы фактордың ролі қазір азайған, бірақ қалған. Қоғамның кедей, маргинал топтарының мәдениеті өте төмен болады, ол білімнен жеке бас гигенасына дейінгі бар сферада байқалады. Жоғары топтағы адамдардың қоғам элитасының мәдениеті жалпы жоғарғы деңгеймен, кейбір сыртқы түрлерімен ерекшеленеді: қатаң этикет, таңдамалы мәнерлер, ерекше кішіпейілділік, ежелгі (аристократтық) дәстүрлерді сақтау.

Орташа топтар мен таптар қазір бұқаралық мәдениет деп аталатын ең көп тараған, басым мәдениетті тарататындар болып саналады. Олардың жалпы деңгейі жоғары емес, орташа болып табылады. Сонымен қатар бұл топқа барлық мәдениеттің жаңаруының негізгі көзі болып табылатын, зерде мен шығармашылық потенциалдың жоғарғы деңгейін таратушы ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның негізгі бөлігі жатады.

Ауыл мен қала мәдениетінің арасында едәуір айырмашылық бар. Сонымен қатар кәсіптік мәдениеттің ерекшеліктері туралы да айтуға болады.

Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет бөлініп шығады.

Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.

Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады.  Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.

Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында рухани басы – адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр.

Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық).

Адамдарға әсері бойынша мәдениетті прогрессивті және реакциялық деп бөледі, өйткені мәдениет тек өнегелі тұлғаны ғана емес, өнегесіз тұлғаны да тәрбиелейді.

Моральдық мәдениет – адамдардың жасаған заттық және рухани құбылыстарының әлемі ретінде түсінілетін мәдениет аспектісі, онда дүниені игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан және әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілеттері мен мүмкіндіктері дамытылған, адамдық күштері іске асырылған. Мәдениет – бұл адамның текті жан ретінде қалыптасу нәтижесі, шарты және процесі.

Моральдық мәдениетті қоғам мен индивидтер қол жеткізген адамгершілік деңгей, әлеуметтік субъектілер қатынасындағы адамгершілік, адамға деген қатынастың мақсатқа және өзін-өзі бағалау бағыты ретінде анықтауға болады.

Экономикалық мәдениетті мәдениеттің элементтері мен құбылыстарының кешені, экономикалық сана-сезім стеоротиптері, мінез-құлық, экономикалық өмірдің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін экономикалық институттардың мотивтері ретінде анықтауға болады.

Қазіргі ашық қоғамның базалық моделі нарықтық шаруашылықтың экономикалық мәдениеті болып табылады, онда көптеген жеке шаруашылықтар-кәсіпорындар және үй шаруашылығы өз бетімен жоспарлар жасайды, бір-бірімен нарық формасында экономикалық қатынастарға түседі, өзін-өзі ұйымдастыру принципі бойынша жұмыс істейді. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің жоспарларын үйлестіру бағалар мен айырбас құны арқылы жүзеге асырылады. Осы экономикалық мәдениет XVI-XVIII ғ.ғ. ұлы әлеуметтік революциялардың нәтижесінде қабылдана бастады.

Саяси мәдениет. Саяси мәдениетті анықтау тәсілдерінде белгілі дәстүрлер бар, оның ішінде осы феноменді негізгі құрылымдық элементтер призмасы арқылы қарастыру.

Саяси мәдениет өзінің құрылымдық элементтері ретінде саяси сана-сезім мәдениетінен, саяси мінез-құлық мәдениетінен және мемлекеттік, саяси институттардың жұмыс істеу мәдениетінен тұрады.

Саяси мәдениет – мәдениетті сезіну, саяси мінез-құлық, қоғамның саяси өмірінің, саяси процестің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін мемлекеттің және саяси институттардың қалыптасуы мен жұмыс істеу элементтері мен феномендерінің жиынтығы.

Бұқаралық мәдениет – бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып, элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті құрады. Ол адамды қазіргі қоғамның құндылықтар еркіндігінен босатады, ол екінші жағынан, Э. Фромның ойы бойынша техникалықты абсолюттеуге және адам болмысының құндылықтарын жоюға әкеп соғады.

Қазіргі бұқаралық қоғам әрбір индивидтің тереңде жатқан жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруға бөгет жасайды. Адамның өзін-өзі тану және басқа адамдармен жеке қатынастарын орнатуға тырысуы, не мінез-құлық стандарттылығын тудыратын рухани енжарлықты, не индивид өзі туралы бұлдыр түсінікті жасау үшін қолданылатын жалған бағытқа, пұтқа табынуды тудырады.

Экология және экологиялық мәдениет. Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес, қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері мен мүмкіндіктері арасындағы үйлесімсіздікте екендігі анықталған. Қажеттіліктер көбінесе жеткілікті түрде мәдениетті болмайды, оларды қанағаттандыру тәсілдері мәдениетті бола бермейді және жабайы болады, стихиялы өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері шексіз емес. Соңында әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың үнемі жоғары болатындығы және табиғи тежегіштері жоқтығы байқалады, ал адам өзінің биологиясында табиғатпен тығыз байланысты және адам әлеуметтік-мәдени қайшылықтар мен кедергілерді көтере алмайды. Соңында бұл қайшылықтар мен кедергілер – адамның мәдениеттілігінің емес, мәдениетінің аздығының, әлеуметтік эгоизмінің, тарихи шектелуінің белгісі. Сонымен қоғам болашағы үшін күресте субъективті сфераға көп күш түседі. Қазіргі заманда экологиялық танымды қалыптастыру, қазіргі өркениетті басқарудың экологиялық принциптерін жасау және экологиялық ғылым ұсыныстарына сәйкес мәдени құндылықтарды тексеру, экологиялық дағдарыс әсерінен мәдени құндылықтарды оңтайландыру жолында күрес жүріп жатыр.

Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды. Экологиялық этика оның бір тарауы болып қалыптасты, оның адамзаттың мәдени дамуы үшін мәні күн өткен сайын өсіп келеді.

Біздің планетамызда экологиялық мәдениет европа елдерінде қалыптасқан техника культіне қарсы нақты дәрежеде дамып келеді.

Сонымен биосфера, өмір және адам культі техника культіне қарсы. Бұл экологиялық мәдениеттің бірінші принципі. Экологиялық мәдениеттің екінші маңызды принципі – биосфераның бейнесі ретінде адамды жыртқыш-адам өмірінен қорғау, адамды ізгіліктен, биологиялық өмір мазмұнынан ада физика-техникалық теориялардан қорғау.

Мәдениеттің күрделі және көп деңгейлі құрылымы адам өмірі мен қоғамдағы оның функцияларының алуан түрлерін анықтайды. Негізгілерін сипаттаймыз:

—         мәдениеттің басты функциясы – гуманистік (адамгершілік) (адамгершілікті – қайырымды). бұл рухты көтеру, адамдар арасында адамгершілік қатынас жасау. Қалғандары онымен байланысты және одан шығып отырады.

—         мәдениеттің маңызды функциясы — әлеуметтік тәжірибе алмасу. Бұл адамдар ұрпағы арасындағы тарихи сабақтастыққа себеп болады. Мәдениет бұл адамзаттың әлеуметтік ұмытылмас белгісі, ол арқылы адамзат шығармашылығы , тұлғаны қалыптастыру жүзеге асырылады.

—         алғашқы екі функциямен тығыз байланысты, танымдық функция. Мәдениет ұрпақтардың ең озық тәжірибесін шоғырландыра отырып, әлем туралы бай білім жинайды және сонымен оны тану және игеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды.

—         реттегіш (нормативтік) функция ең алдымен, қоғамдық және жеке қызметтің алуан жақтарын, түрлерін реттеумен байланысты. Тұлға аралық қатынастар еңбегінің, тұрмысының сферасында мәдениет адамдардың мінез-құлқына әсер етеді және олардың әрекеттерін, материалдық және рухани құндылықтарды таңдауды реттейді.

Осы аталғандармен коммуникативтік, белгілік функция тығыз байланыста болады, ол бірінші кезекте, адамдар қатынасының басты құралы болып табылатын тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Табиғи тілмен қатар мәдениеттің барлық облыстары – ғылым, өнер, техниканың өзіндік тілдері бар, онсыз мәдениетті игеру мүмкін емес. Шет тілдерін білу басқа ұлттық мәдениеттерге және барлық әлемдік мәдениетке жол ашады.

Тағы бір функция – құндылық, немесе аксиологиялық – үлкен мәнге ие. Ол адамда құнды қажеттіліктер мен бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, жақсы мен жаманды, жақсылық пен жамандықты, әдемілік пен ұсқынсыздықты айыруға мүмкіндік береді. Мұндай айырмашылықтар мен бағалаулардың критерийі адамгершілік және эстетикалық құндылықтар болып табылады.

Мәдениеттің шығармашылық функциясы айрықша көңілаударуды қажет етеді, ол жаңа құндылықтар мен білімді, нормалар мен ережелерді, салттар мен дәстүрлерді құруға, мәдениетке сыни қарап, қалыптастырудан, жаңартудан тұрады.

Соңында мәдениеттің ойын түріндегі, компенсаторлық функциясы маңызды мәнге ие, ол адамның дене және рухани күштерін қалыптастырумен, бос уақытын өткізумен, психологиялық жаттығумен байланысты.

Мәдениеттегі дәстүрлер, жаңашылдықтар және нормалар. Жаңашылдық пен дәстүрлер – мәдениет дамуы процесінің екі жағы. Мәдениет тұрақты және өзгермелі моменттерден тұрады. Мәдениеттегі тұрақтылық, инерциялық — бұл дәстүр. Дәстүрде мәдени мұрагерлік элементтері – идеялары, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Дәстүрлер рухани мәдениеттің барлық формаларында болады. Ғылыми, діни, моральдық, ұлттық, еңбек және басқа дәстүрлер туралы айтуға болады. Соның арқасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыспайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді.

Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмнің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес.

Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез-келген мәдениеттің универсалды сипаттамасы.

Мәдениетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармашылықтың әр түрлі ара қатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. Нормадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады.

Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен роль атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделеген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған.

Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлға аралық, көпшілік қарым қатынастары және әр түрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор роль атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау принциптерін, нормаларын алады.

Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.

Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар.

Өркениет термині мәдениет терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді. Басқа версия бойынша өркениет терминін француздың ағартушы-философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған, кең және тар мағынада. Біріншісі Ферпоссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат, әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы мәдениет ұғымымен тығыз байланысты және адамның нақты қасиеттері – ақылдылықтың, білімділіктің, сыпайлылықтың жиынтығын білдіреді. Оны игеру ХVIII ғасырдың элитарлы париж салондарына жол ашты.

Мәдениет пен өркениет ара қатынасы туралы көзқарастардың барлық алуан түрін соңында үш негізгіге әкеп тіреуге болады.

Бірінші жағдайда өркениет пен мәдениет ұғымы синоним ретінде болады, олардың арасында едәуір айырмашылық болмайды. Мысал ретінде беделді ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің тұжырымына жүгінуге болады, ол өркениетті рухани аспектіге көңіл қоя отырып, дінді басты және нақты элемент деп санай отырып, мәдениеттің нақты фазасы ретінде қарастырды.

Екінші жағдайда мәдениет пен өркениет арасында ұқсастық пен маңызды айырмашылықтар байқалады. Француз тарихшысы Ф. Бродель да осындай көзқараста болды, ол өркениет жиынтықты құрайтын элементтердің бірі ретінде, ең алдымен рухани құбылыстардың мәдениет негізін құрайды деген тұжырымды ұстады.

Үшінші тәсілді жақтайтындар мәдениет пен өркениетті қарсы қояды. Бұған неміс мәдениеттанушысы О. Шпенглердің теориясы мысал бола алады, оған сәйкес өркениет өліп бара жатқан мәдениет. Шпенглер өркениет мәдениеттің артынан “қалыптасудың артынан, өмірден кейін өлім болатындай, дамудан кейін дағдарыс болатындай, ақылдың қартаюы” тәрізді жүреді деп жазды. Оның ойынша, мәдениет тірі және өсіп жатқан организм, ол өнер мен әдебиет, тұлғаның шығармашылық гүлденуі үшін еркіндік береді. Өркениетте көркем шығармашылыққа жол жоқ, онда техника мен жансыз интеллект билік құрады, ол адамдарды жояды.

Мәдениет пен өркениет ара қатынасын түсінуде бірінші екі тәсіл ең қолайлысы болып саналады. Осы құбылыстар арасында шынында да көп ортақ қасиеттер бар, олар өзара тығыз байланысты, бір-бірімен жанасып, бір-біріне ауысады. Бұған ең алдымен неміс романтиктері көңіл бөлді, олар мәдениеттің өркениетке айналатынын, ал өркениет мәдениетке айналатындығын атап көрсетті. Сондықтан күнделікті өмірде біздің мұны айыра білмейтіндігіміз белгілі.

Басқа да жіктеулер бар. Қарастыру масштабына байланысты өркениет аумақты, яғни әлемдік, континентальды (мысалы, европалық), ұлттық (француз, ағылшын), аймақтық (Солтүстік африкалық) болуы мүмкін. Шығыс танушы ғалымдар өркениеттер жіктемесіне басқаша көзқараста, олар ең алдымен өркениет өзінің қайталанбас даму жолдары бар екі тармаққа – Батыс пен Шығысқа бөлінгендігін айтады, оның ішінде “табиғи” және “қалыптысы” шығыс болып саналады, ал батыс мутация, ауытқу ретінде қарастырылады.

Басқа ғалымдар да барлық өркениеттерді екі типке бөліп қарайды, бірақ оларды басқаша түсіндіреді: олардың бірі – техногенді Батыс Европаға тән, ал екіншісі – психогенді шығыс елдеріне тән, оған ертедегі үнді өркениеті мысал бола алады. Ал кейде өркениетке материалдық мәдениетті жатқызады, ал мәдениет деп рухани мәдениетті жатқызады.

Алуан түрлі көзқарастарға қарамастан, олар бір-біріне жақын. Өркениеттің ең маңызды белгілері мыналар: 1) мемлекеттің құрылуы 2) жазудың пайда болуы 3) егін шаруашылығының басқа кәсіп түрлерінен бөлініп шығуы 4) қоғамның таптарға жіктелуі 5) қалалардың пайда болуы. Алғашқы екі белгінің болуын міндетті деп санайды, ал қалғандардың қажеттілігі күмән тудырады.

Ал мәдениетке келсек, онда ұлттық ерекшелік пен бірегейлік, қайталанбастық пен сонылық, құбылмалық пен жаңашылдық, өзіне-өзі қанағаттанбау, сыни және шығармашылық бастау, бағалылық, биік идеалға ұмтылу бірінші кезекте орын алады.


Скачать


zharar.kz