Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі

Скачать


Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы туралы қазақша реферат

Қаржылық талдаудың нәтижелігі негізінен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан тәуелді. Қаржылық талдаудың негізгі ақпарат көзі – кәсіпорынның қаржылық есебі. Кәсіпорынның қаржылық есебі келесі есеп беру формаларын қамтиды:
Бухгалтерлік баланс. Пайда мен зиян туралы есеп. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі. Сонымен бірге, ішкі қаржылық талдау өндірістің техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдалана алады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты – ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесі мен есепті кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, мәнді, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық және несие беру шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз еткенімен, экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебі коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиіс қаржылық ақпарат көлемін шектейді. Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есепті негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдауы тиіс.

1. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңыны бейнелейді. Ол субъектінің мүліктік жағдайын көрсетеді, оның мәліметтерін ішкі және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.

Баланс мәліметтері негізінде сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорынмен серіктес болу не болмауды негіздейді, өз салымдарының тәуекелін анықтайды, субъектінің құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешімдер қабылдайды. Осы себепті кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.

Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлімнен тұрады:
Қысқа мерзімді активтер. Ұзақ мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер. Ұзақ мерзімді міндеттемелер. Капитал мен резервтер.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің 3 элементін: активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді қамтиды. Қалған екі элемент табыстар мен шығындар – қаржылық есептің №2 формасында бейнеленеді.
Пайда мен зиян туралы есепте кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жинақталып, жалпы пайда, жалғастырылатын қызметтен пайда, салық салғанға дейінгі пайда, қорытынды пайда,
1 акцияға пайда түрінде бейнеленеді.
Қаржылық есептің №3 Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі формасында белгілі кезең аралығындағы кәсіпорын қаражаттарының көздері мен осы қаражат қалай пайдаланылғаны көрсетіледі.Ол пайдаланушыларды есепті кезеңде кәсіпорынға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің №4 Капиалдағы өзгерістер туралы есепте жыл ішінде капитал мен резервтер сомасында болған өзгерістердің себептері келесідей бағыттар бойынша ашып көрсетеді: есеп саясатындағы өзгерістердің әсері, активтерді қайта бағалаудың әсері, жыл ішінде шеккен пайда не зиян, акциялар эмиссиясы, қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар, т.б.


Скачать


zharar.kz