МАЗМҰНЫ:
Кіріспе……..3
І тарау. Мемлекеттің қаржы саясатының жалпы сипаттамасы.
1.1 Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен маңызы……..5
1.2. Қаржы саясатының мазмұны мен міндеттері қаржы саясатының мақсаттары және қағидаттары……11
1.3. Қаржы саясатының негізгі формалары….16
ІІ тарау Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы.
2.1. 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындыларын талдау……19
2.2. Экономикалық өсу процесіндегі фискалды салықтық қатынастардың аспектілері…….31
2.3. Мемлекеттің оңтайлы фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы дамытудың негізгі ретінде….33
III тарау. ҚР толық фиксалды механизмді және ақша-кредит саясатын дамыту, жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында толық фискалды механизмді жетілдірудің жолдары және шет елдік тәжірибе (АҚШ-пен салыстыру)..36.
3.2 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ақша-кредит саясатын дамыту…39
Қорытынды……44
Пайдаланылған әдебиеттер…..46
КІРІСПЕ
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Менің курстық жұмысымның тақырыбының аты Мемлекеттің қаржылық саясаты деп аталады. Бұл жұмыс қазіргі таңдағы Мемлекеттің қаржылық саясатының жағдайы туралы қарастырылған.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – Мемлекеттің қаржы саясаты туралы жазылған. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен маңызы туралы, Қаржы саясатының мазмұны мен міндеттері туралы, Қаржы саясатының негізгі формалары туралы қарастырылған. Екінші бөлімінде – Қазіргі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы, соның ішінде 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу жайлы, фискалды салықтық қатынастар және фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы дамыту туралы мәлімделген. Үшінші бөлімде — ҚР толық фиксалды механизмді және ақша-кредит саясатын дамыту, жетілдіру жолдары жайлы мағлұмат берілген.
курстық жұмыс 46 бет