Қазақстанда валюталық жүйені және валюталық бағамды реттеу

Скачать


Мазмұны

Кіріспе…… 3
1. Валютаның теориялық негіздері……. 4
1.1. Валюта жайлы негізгі ұғым ……… 4
1.2 Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері………..11

2. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасуы және нығайту мәселелері…..13
2.1. Қазақстанда валюталық жүйені және валюталық бағамды реттеу……13
2.2. Қазақстанда валюталық бағамды реттеудің маңыздылығы…….. 24

Қорытынды ……. 34
Әдебиеттер тізімі …… 36

Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б

Кіріспе

Жалпы экономиканың қызмет етуі бұл елдер арасындағы экономикалық және сауда, қаржы  қатынастарына тікелей байланысты. Осы аталған қатынастардың жүзеге асуы негізінен валюталық нарыққа немесе валюталық бағамға тиесілі. Яғни, экономиканың негізі ақша немесе қаржы болса, әлемдік әр елдің ақша бірлігінің бір-біріне деген ара-салмағын айқындау көрсеткіші валюталық бағамға жүктеледі. Сондықтан, қай-қайсы елдің валюталық жүйесінің маңызды элементі валюталық бағам болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Ваюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi.

Курстық жұмыстың өзектiлiгi Қазақстан Рсепубликасының  әлемдiк экономикалық қатынастарда ұтылмауы және әлемдік нарықта алдынғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы және валюталық бағамды ұлттық деңгейде тұрақтандырудың елiмiз үшiн маңызы зор. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi. Сондай-ақ бүгінгі таңда барлық экономиканың, қаржы жүйесінің және банктердің қызмет ету барысы тікелей валюталық бағамның өзгерісіне немесе оның жағдайына тікелей байланысты болады.

  Курстық жұмыс 39 бет


Скачать


zharar.kz