Еліміз егемендікке қол жетіп, ата-бабаларымыздың салған сара жолымен, тәлім-тәрбие мәселелерімен толық қамтылған мол мұрасының даму кезеңдерімен таныстыратын мектепте жүргізілетін әдеп пәнінің маңызы зор.Әдеп әліппесімен сусындаған мектеп партасында отырғанжеке тұлға өз елінің қайталанбас даналығы мен көрегенділігін, әдептілігі мен инабаттылығын әр кезеңде есте ұстай бермек. Сабақ беретін сыныптарда әдептілік иірімдеріне көп көңіл аударамын. Төменде әдеп сабағынан 10 сыныпта өткізілетін ашық сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік.Ұлттық қадір-қасиеттер – ұлттық тсана-сезімнің негізі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттерінің жиынтығы.
Б) тәрбиелік. Оқушыларға имандылық, адамгершілік, өнегелілік асыл қасиеттерді сіңіре білу.
Сабақтың түрі: аралыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, қоржын, асық, О.Дорожнев Инабаттылық иірімдері .
Сабақтың барысы:
Ұлттық қадір-қасиеттер
Көкпар ойыны
Тәрбиелі адам – тағалаған атпен тең . Ситуациялық сұрақтар
Қорытынды
Үйге тапсырма.
1. Бұл ұлт технологиясының өзегі адамгершіліктің бірегейі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Ата-бабаларымыз ешбір кітаптан тоқымай-ақ өздернінің күнделікті тұрмыс- тіршілігінде көрген, басынан өткен жайларды таразылап, ой елегінен өткізіп ұрпағына қалдырған. Осынау асылдарымыз:
Ұлттық қадір-қасиеттеріміз:
1. Әдептілік
2. Қонақжайлық
3. Бауырмалдық
Қайырымдылық
А) Әдептілік. Әдеп сақтау халықтық рәсімге, жөн—жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз ьбағыну емес. Қайта сол заңдылықтрды құрметтеп, қастерлеу, дәлірек айтқанда, адамгершілік борышты сақтау болып табылады. Әдептілік — әдемілік дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық астары терең. Әдептілік – ізеттік, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз. Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі – ат тергеу, кісіге қосымша ат қою. Ат тергеу – бұл кісіні итқастерлеп, оны өз айтылуында атамай, құрметпен атау, оны сыйлау, құрметтеу, қадір тұту. Мысалы, Ақ бөпем , Үкім , Тәмпіш танауым . Қазақ әйелдері қайыны, қайын сіңілілеріне ат қоюға шебер.
ә) Қонақжайлылық. Қонақжайлылық, меймандостық — ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға тұрарлық мәнді түрлерінің бірі. Қазақ меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бұл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері тұрған. Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі ең дәмді тағамын, сусынын, қант-шайын қонақ келіп қала ма деп сақтықпен ұстаған. Халқымыздың қонақжайлық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мән берген. Сыйластық осы дәм таттырудан басталады. Қонақжайлылық, сыйластық салтын бұрынғы ата-бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Б) Бауырмалдық. Бауырмалдық халқымызың атам заманнан сүйегіне сіңген қасиеті. Ол Құран Кәрім қағидаларымен ұштасып жатыр. Осы қасиетті кітапта ешбір адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы – халыққа дос, бауыр ,- дейді. Олай болса, ақпыз, қарамыз, сарымыз – ағайынға бәріміз ,- депхалықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас ұрпақты бауырмалдыққа баулуымыз қажет.
В) Қайырымдылық. Адам өміріндегі ең игі істің бірі ғаріп кісілерге қамқорлық көрсету. Ұй ішінде үлкеннің кішіге қасмқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала-шағасына мейір-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет көрсетуі қайырымдылықтың қайнар көзі.
2. Өткен тақырыптар мен үйге берілген тапсырмалар бойынша халқымыздың ұлттық ойындарының бірі болып саналатын Көкпар сайысына қатысушы екі ауылды – Абай және Мұқағали ауылының көңілі зерек, өнерлі жастарын ортаға шақырамыз.
Көкпар ойынының бағдарламасы
Таныстыру, Төс белгісін қорғау, Жантану ғылымы дегеніміз не? Рефлекс дегеніміз не? Ойлау мен сөйлеу, халқымыз туыстық қатынасқа қалайша мән берген? Есіктен ақсақалшды қария келсе, сен қалай қарсы алар едің? Көптен көрмеген құрбың кездесті. Қандай сәлемнің рәсімін жасар едің? Оқушыларға Абай, Мұқағали әндерін орындап, арлаулы бұрыш әзірлеу мен қонақжайлылық көрсету сұралады.
Сайыс жеңімпаздарын, жүлделі орын алғандарымен құттыұтап, озат шыққан шәкірттердің атына мадақ айтьамын.
Қазақ күнделікті тұрмыс-тіршілік пен қарым-қатынастың барысында-ақ жастарды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайылылыққа, мейірбандылыққа, ізеттілікке және басқа да толып жатқан өнегелілік қасиеттерге баулыған. Халқымыз өте жоғары бағалаған өнегелілік қасиеттердің бірі – кішіпейілділік. Кішіпейіл кісіні барлық жерде сыйлаған,дәріптеген, қасиеттеген, үлгі-өнеге тұтқан. Кішіпейілділік – кісілік емес кісілік, кішіпейілділік – кісілік көркі , Ұлық болсаң, кішік бол т.б. осы сияқты нақылдар халқымыздың кішіпейілділікті қаншалықты қастерлегендігін байқатады. Тәрбиелі адам – тағалаған аттай, ол өмірінің небір тайғақ қиялдарынан қиналмай өтеді.
Қорытынды. Халқымыздың ұлттық қадір-қасиетінің кереметтілігі, оның жастарды әептілікке, бауырмалдыұұа, қонақжайлылыққа, қайырымдылыкка тәрбиелейтіндігінде. Еліміздің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойымызға сіңіре отырып, тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дәстүрлерін жалғастырушы мына отырған жасөспірім, жастар сендерсіңдер. Ата-бабамыздың салған сара жолынан таймай,ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне өз үлестеріңді естен шығармай, оқуда, еңбекте, табыстан табысқа жете беріңдер.
Сабақ соңында шәкіттердің еңбектері баланып, оларға үйге тапсырма оқулықтағы ұлттық қадір-қасиеттер тақырыбын оқып келу мен сынып оқушыларының арасындағы халқымыздың ұлттық болмысына сай әдепті де,ибалы, инабатты да мейірімді оқушылар туралы мінездеме жазып келу тапсырылады.