Қатынас эстетикасы

Скачать


Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы туралы қазақша реферат

Жеке  адамның  жалпы  мәдениеті   үйелменде, ұжымда, жұртшылық  арасында  байқалады. Сондықтан  күнделікті   өмірдегі  оқушының  жеке  басының  эстетикасына  ерекше  көңіл аудару  мұғалімдер  мен  ата —  аналар   алдындағы  кезек  күттірмейтін  басты  мәселелердің  бірі  болып  саналады.

Оқушылардың  жалпы  мәдениеті, яғни  эстетикалық  тәрбиенің  маңызды  жақтары  ізеттілік, ұқыптылық,  жылы  шырайлылық,  қайырымдылық,  тазалықты  сақтау  т.б.  Жалпы  эстетикалық  мәдениет – бұл  қатынас  эстетикасы,  киім – кешек  эстетикасы, үй – жағдай  —  эстетикасы,  манера,  дене   қимылы  т.б.  А.С.Макаренко  еңбектерінде  бұл  проблемаға  зор  мән берілген.

Қатынас  эстетикасы.  Үйелменде  ата – аналармен,  мектепте  оқушылар  және  мұғалімдермен,  басқа адамдармен  қатынас  жасау  эстетикалық  тәрбиенің іргетасы.  Мұндай  қатынас  балалардың  күнделікті  өмірінде,  іс — әрекетінде  қалыптасады,  эстетикалық  сезіміне  үнемі  әсер  етеді.  А.С.Макаренконың  айтуы бойынша  адамдармен  жылы  шырайлы  қарым – қатынас,  көршілерге   қайырымды,   сенімді  дос  және  өнегелі  болу  —  осының  бәрі   моральдық  эстетиканың  басты  салалары.

Үй – жағдай  эстетикасы. Әрбір  үйелмен  өз  үйіне  жайлы  жағдай  жасауға  тырысады.  Әр  түрлі  үй  дүние – мүліктерінің  өз орнында  әдемі,  ыңғайлы  тұруын  ойластырады.  Жұмыс істейтін   және  демалатын  бөлмелерді  өте қолайлы  етіп  жабдықтайды.  Үйелменде  балаларды  үй  ішінде  өзінің  жеке  заттарын,  нәрселерін  ретке  келтіріп  ұстауға, күтуге, үйді  жинауға, тазалықты  сақтауға  үйретеді.  Осындай жұмыстардың  барлық  түрлеріне  балаларды  қатыстыру — әке  мен  шешенің, ересек  үйелмен  мүшелерінің  басты  міндеттері.

Оқушылардың  үй-жағдайын  өзгертуге  беайланысты  жұмыстарға қатыстырып  отыруы керек. Мысалы, бөлме  қабырғаларына  жапсырылатын  түс қағаздарын,  терезе  перделерін  қалай  таңдап алу  керек, бөлмелерде  мебілді  қалай әдемі  етіп  орналастыруға болады, бөлме  өсімдіктерін  өсіру, оларды  күту,  яғни  осы  сияқты  жұмыстарды  өз  бетімен  орындауға  үйрету, дағдыландыру  балалардың  эстетикалық  сезімін,танымын тәрбиелейді және  эстетикалық  ұғымын  қалыптастырады.

Киім-кешек  эстетикасы.Адамның  сыртқы  көрінісі,киімі,  жүріс-тұрысы,оның  эстетикалық  мәдениетіне  байланысты.  Киім  эстетикасы  сән  қазіргі  өмір  талабына  сәйкес  болуды  қажет  етеді. Ескірген  сән  бойынша  киіну  адамда  сұрықсыз  етеді, оның  сүйкімділігін  жояды.  Сәнді   дұрыс пайланану – бұл  әдемілікті  сезу  өмірге,  адамның  бейнесіне  сергітуші жаңалықтар  енгізу.

Артық  сәндеу  түрлі  формаларға,түстерге  еліктеу  адамға  абырой  әпермейді.  Сырт  киімді,аяқ  киімді,шашты  баптауды  өскелең  өмір

талабына,  жас  ерекшелігіне  сәйкес  таңдап  алу  керек.  Басқаша  айтқанда,адамды   қымбат  мүліктердің  көрмесіне  айналдыруға  болмайды. Киім-кешек  эстетикасында  сұлулықтың  өлшемін  есепке  алу  керек.

Манера,жест-бұл  әрбір  адамның  өзін  білу  үлгісі  және  дене  қимылы  жөніндегі  ұғымды  білдіреді.

А.С.Макаренко   М.Гор ький  атындағы  калонияда  және  Ф.Дзержинский  атындағы  коммуннада  тәрбиеленушілердің  сыртқы  көрінісіне,  сымбатына, жүріс –тұрысына  көп  көңіл  бөлетін.  Ұқыпсыз  киім ,қалай   болса  солай  жүру  икемсіздікті,әдепсіздікті  сұмпайылықты  көрсетеді.  Сондықтан  дене  қимылында,өзін  ұстай  білу  де  қарапайымдылықты,  сезім  өлшемін  сақтау  керек.

Атақты  франсуз  жазушысы, ағартушы – филлософ  және  педагог  Жан – Жак  Руссо    дене  қимылын  бір  қалыптылықта  ұстауға,  мейірімді  дауыспен  сөйлеуге, өзіңді  ұстай білуге,  жеңіл  жүрге жету, — деді.

Жеке  адамның  сыртқы  мәдениеті  мен  ішкі  дүниесінің  ұштасып  жатуы  эстетикалық  сұлулықтың  белгісі. А.П.Чеховтың  сөзімен айтқанда  адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі  сүлу  болу  керек.

Сонымен  оқушы  жастардың  эстетикалық  танымын, сезімін,  мәдениетін,  білімін  көтеруде  ең басты  сүйеніш  мұғалімдер мен ата-аналар.  Олар өздері  үлгі  болып эстетикалық  тәрбие  жұмісінің мазмұнын,  формаларын  және  әдістерін  жетілдірудің  жолдарын  іздестіріп  іске  асырады.

Дүние  мүліктерінің  өз  орнында  әдемі,  ыңғайлы  тұруын  ойластырады. Балаларды  үй  ішінде  өзінің  жеке  заттарын, нәрселерін ретке  келтіріп  ұстауға, күтуге,  үйді  жинауға,  тазалық  сақтауға  үйретеді. Осы  жұмыстардың  бәріне  баларды  қатыстару  —  әке – шешенің  басты  міндеті.

Адамның  сыртқы  көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы  оның  эстетикалық  мәніне  байланысты.  Киім  эстетикасы, сұлулықтықтың  белгісі.  Манера,  жест – бұ  әрбір адамның өзін  ұстай  білу  әдісі  және  дене  қимыл  жөніндегі  ұғымды  білдіреді.    Ата – аналар  мен  мұғалімдер  оқушы  жастардың  эстетикалық  танымын, сезімін., мәдениетін, білімін  көтерудегі  ең  басты  сүйеніші.  Олар  өздері  үлгі  болып  эстетикалық  тәрбие  жұмысының  мазмұнын,  нормаларын  және  әдістерін  жетілдірудің  жолдарын   іздестіріп,  іске  асырады.

Мінез – құлық  эстетикасы  —  оқушылардың  өзге  адамдармен  қарым – қатынасы  және  өмір  сүріп  отырған  қоғамдағы  іс- әрекет  қылығын  айтамыз. Мінез – құлықтың  дербес  ғылым  —  этика  зерттейді,

сонымен  қатар   оны  эстетикада  қарастырады.


Скачать


zharar.kz