Әбу Насыр Әл - Фараби туралы қазақша реферат

Скачать

Әбу Насыр Әл-Фараби туралы қазақша реферат

Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топ жарғаны Аристотельден кейінгі екінші ұстаз ( Әл-Мұғаллим ас-Сани ), шығыстың Аристотелі атанған ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбу Насыр Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби. Яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхаммад, әкесініңде ныспасыда Мұхаммад, бабасының да аты Тархан, арғы атасы Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбунасыр ныспасының соңына кейде әт-түркей деген сөзді қосып, оның түркі екенін шегелей түседі.

Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында қайсыбір деректерде – оның тікелей ықпалында болған іргелісі Лассиджде (оқсыз) Отырарлық әскер басының отбасында дүниге келген. әл-Фараби , яғни фарабтық деген атқа ие болған.

Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуренахрда балаларда түркі қол өнерімен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың 5 жасар кезінен бастап болған .

Ол кезінде мұсылман дүниесінің екінші рухани орталығы Мессопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырді ата-анасы таяу және орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбу Насыр Бағдатқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқанд, Бұхара шаһарларына соғып, білімін толықтырған секілді. әйтседе Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады.

Атағы әлемге әйгілі Шығыстанушы ғалым В.В. Бартольд (1869-1930): “IX-X ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр және Евфрат алқабындағы ескі мәдени орталықтар болған. Бағдат бүкіл мұсылман әлемінен әсіресе Иран мен Орта Азияда шыққан әдебиетшілерді өзіне тартты” – деп жазған.

Әл-Фараби логика, әуез, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз жайлы: Ол – аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады — деген.

Әбу Насыр әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан.

Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб қаласында өткізді. Әбу Насыр әл-Фараби 950жылы қайтыс болған. Фараби қазасы туралы екі дерек бар,  — дейді М. Хайруллаев, — Біріншісінде ғалымдар оны Шамда қайтыс болған десе, екіншісінде Әбу Насыр қасына бірнеше адам ертіп, Асқалан қаласына бара жатқада жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан.Сайф ад-Даула қарақшыларды тауып, дарға асқан .


Скачать


zharar.kz